Тарау. Инвестициялардың есебін ұйымдастыру



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/3
Дата08.05.2018
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................2


1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6

    1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6

    2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15

    3. Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22

2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27

2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27

2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56

Ќорытынды............................................................................................................62

Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65


Кіріспе.

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктігімен және олардьң епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның 6ағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылыктарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының зандары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты,яғни түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және колайлы кызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік денгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Диплом жұмысының маңыздылығы Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестацияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарлык капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын корғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және баска да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылык туғызатын каржылык мәселелер болып табылады. Инвестор әркашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі акция қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірак ондай болжамды тек қана инвестициялык жоба беруі мүмкін.

Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу әдісі негізінен инвестицияның бастапқы салынған сомасын жабу үшін кажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.

Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала жауап береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялык сомаларды қайтару мерзімінін ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қыска болған сайын, жобадан түсетін акшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, яғни шаруашылык субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылык субъектілерінің тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады; ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер керек.

Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның әртүрлі құнын ескермейді (яғни, дисконттау процесі оңда қолданбайды), сондай-ақ өтелу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.

Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконталған құны сол жобанын дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.

Диплом жұмысының бірінші тарауында инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі, бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық және еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебін ұйымдастыру тәртібі қарастырылған.

Екінші тарауда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі,қаржылық инвестициялардың есебі,қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау мәселелері көрсетілген.

Үшінші тарауда ұзақ мерзімді еншілес серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті,сонымен қатар қаржылық инвестициялардың есебінің аудиті көрсетілген.


1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру

1.1.Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканын басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жанадан калыптаскан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинакталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысынын (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінен пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар. [3,122 бет]

Қаржылык инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдын есімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялык мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылык инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) кағаздар да саналады. Барлык бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудын есебінен калыптасады. Акшалай бағалы кағаздар, әдетте, кыска мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытка) беріледі.

Капиталды бағалы кағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Бағалы кағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:

- бағалы қағаздыұсынушыға - құқыктарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.

- атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландыратын құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

- ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалығын сақтайтын етіп – индоссаментке жазып береді. Индосамент өзінде құқытың болғанына ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асына жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады. [4,252 бет]

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субьектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.

Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс ерекшелктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетіліуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле юойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әреет ету мерзімі бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздардың нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар боуы мүмкін. [5,12 бет]

Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шатты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылығы).

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі еңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғрлым аз болса ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптанудың (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың обьектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындау мерзімін, бағалы қағаздар типін.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді калыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім коржыны, екінші тип — табыс коржыны.



Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы кағаздардың бағамдық{курстык) өсімінің есебінен алу болып табылды. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілген капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық коржындык өсімнің ортасьінан, тағы да баска қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім коржындары капиталдын максималды өсіміне бағыталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірак эмитент-кәсіпорындардын, қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржыннын бұл қүрылымы, ешстте, тез өсетін жас компаниялардын акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынньң орташа өсімінде агрессивті коржьінға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық касиеттері болады. Осының құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай коржын жеткілікті жоғары табыска және тәуекелдің орташа денгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің денгейі нөльге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай коржын оны құрайтын бағалы кағаздардын есебінен нарык конькжтурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардын өзі де, косымша табыс әкелуі мүмкін. Баскаша жағдайлд, коржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.

Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына акшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нөльдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар коржындары облигациялардын есебінен калыптасады және нөльдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.

Қоржын кызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдына ала уакыты белгіленген кезеннің шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген коржынның уакыты шектеліп белгіленбейді.

Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы каражат көздерінін есебінен өсуі (толыктырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын коржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктігімен және олардьң епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның 6ағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылыктарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының зандары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған. [3,122 бет]

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және колайлы кызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік денгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестацияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарлык капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын корғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және баска да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.



1.2.Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі

Занды тұлға баска кәсіпорындардың пакет акшіясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың денгейіне байланысты олар: не бакылаушы, не кдржылык немесе субъектшің баска да саясатына едәуір эсер ететін болып белгіленеді.

Егер де инвестордын катысу үлесі 50% жөне одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру қүқы бар акциясы болса, онда ол каржыландырылатын объекті бойынша онын бақылау ында болатын және еншілес серіктесгігі болып табылады.

Егер де инвестордын катысу үлесі 20%-тен астам болса, бірак оның дауыс беруге күкы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол каржыпандырылатын объекті бойынша онын едәуір эсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.

Егер де инвестордын катысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бакыланатын занды түлға болып табылады.

Инвестициянын есебі 141 " Инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалык шоттар кіреді: 141 "Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар", 142 "Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар", 143 "Бірлесіп-бакыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар", 144 "Басқа инвестициялар".

Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бакыланатын занды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты бары мен козғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.

141-144 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі. [5,122 бет]

Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің №14 "Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі" деп аталатын стандарты бойынша реттеледі.

Тәуелді –шаруашылық, серіктестіктердін, инвестициялык, есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылықсеріктестігі де, бірлесіп бакыланатын занды түлғасы да бола алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:

- үлестік катысу әдісі;

- құндық әдіс (немесе күн әдісі).

Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылык серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордын үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылык серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жаткызылады.

Тәуелді шаруашылык серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардын баланстық құнын кемітеді.

Егер де инвестордын салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артык болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінін кайта бағалануына байланысты инвестордын үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстык құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.

Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын кайта жанғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.

Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардын баланстык құны да өзгереді. Баланстык құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген косымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген косымша капиталды азайтады.

Мысал. "Шығыс" ААҚ коғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААК,-нын 28 % акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардын құны: 3110 мын тенге және 4600 мың тенге құраған.

"Шығыс" ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан сон. "Темір" ААҚ өзінің кейбір негізгі кұралдарына 300 мың теңгеге кайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың корытындысы бойынша "Темір" ААК. 9900 мын тенге зиян шексе, ал "Цемент" ААК 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы "Темір" ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың тенгеге көтерген.

Екінші жылдың қорытындысы бойынша Темір" ААҚ 1000 мың тенге таза табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ — 1500 мыңтенге деңгейінде зиян шеккен.

Ендеше жасалған операцияларымен байланысты шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.




Қатар саны

Шаруашылық операцияардың мазмұны

Сомасы тенге

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

Заңды тұлғалардан оларға қалыптасқан (немесе олардан алынған) баға бойынша акциялары сатып алынды. «Темір» ААҚ-33% айналыстағы акция «Цемент» ААҚ 26% айналыстағы акциясы

3 110 000

4 600 000



142

672

Бірінші жылы

2

«Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының обьтектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны . «Шығыс» ААҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, 99 000 теңге құраған (300 000 х 33%)

99 000

142

542

3

Бірінші жылдық нәтиже бойынша – инвестицияның құнының өсуімен бірге «Шығыс» ААҚ 1 400 000 тенге құраған (5 000 000х 28% «Темір» ААҚ зиян шеккендіктен, «Шығыс» ААҚ –на тиесілі 3 267 000 (9 900 000х33%) тенге құраған. Шеккен зиянның үлесі инвестицияның құнын асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58 000 теңге сомасы баланстан тыс плотта есепке алынған.

(3 267 000 -3 110 000 -99 000)) «Цемент» ААҚ –на тиесілі, дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, «Шығыс» ААҚ- ның алынатын дивиденд сомасы 560 000 тенге құраған (2 000 000 х 28%)



1 400 000


3 209 000

58 000


560 000

142
871

011

322


871


142

142



4

Бірінші жылдың нәтижесі бойынша «Шығыс» ААҚ өз балансында «Цемент» ААҚ 5 440 000 тенге сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен (4 600 000+1 400 000 -560 000)










Екінші жыл

5

«Шығыс» ААҚ-ында инвестицияның құны азайған, өйткені «Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының құнын арзандатқан.

  • Бұрындары жасалған қайта бағаланған сомасының шегінде

  • Бұрындары артық жасалған соманың шегінде 36 000 тенге (135 300-99 000)

99 000
36 000

542
845

142
142

6

«Цемент» ААҚ-ында өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, «Шығыс» ААҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен.

140 000

142

542

7

Екінші жылдың нәтижесі бойынша «Темір» ААҚ таза табысында «Шығыс» ААҚ қатыстық (қатысу) үлесі өсуіне байланысты инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі 330 000 тенге құраған (1 000 000х33%) өткен кезеңде зиян шеккендіктен, осы ағымдағы кезеңдегі инвестицияның өскен құны 001 баланстан тыс шарттағы есепке алынған сол зиян сомасы ескерілген соң барып, өскен құны көрсетіледі. (272000(330000-58000))

Темір ААҚ –нан «Шығыс» ААҚ-ның алатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 660000 теңге (200000х33%)

«Цемент» ААҚ зиян шеккендіктен ондағы «Шығыс» ААҚ үлесі азаюына байланысты инвестицияының құны азайтылды.


  1. 000

58 000
66 000


420 000

142

322
871



871

011
142

142





Екінші жылдың нәтижесі бойынша «Шығыс» ААҚ балансында 5 160 000 теңгеге «Цемент» ААҚ-ның және 70 700 теңге «Темір» ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5 230 700 теңге құрады









Құн әдісі - инвсстицияны алу кезінде сатып алу кұны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордық қаржылық - шаруашылық кызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинакталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ак олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек койылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдын өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және баска да кедергілердің болуы мүмкін.

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды. [4,32 бет]

Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың (яғни екінші жылдың) наурызында "Темір" ААК – 3 500 000 теңгеге, ал "Цемент" ААК 5 000 000 теңгеге өз акцияларын сатқан.

Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.



Қатар саны

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге


Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5




Заңды тұлғалардан, онда қалыптасқан (немесе олардан алынған) бағасы бойынша акциялары сатып алынды.

  • «Темір» ААҚ -33% айналыстағы акциясы

  • «Цемент» ААҚ 28% айналыстағы акциясы

3 110 000

4 600 000

142

671





Жиыны

7 710 000







2

Бірінші жылдың нәтижесі бойынша «Цемент» ААҚ 2000 мың теңгеге дивидендті жария еткен, сондықтан «Шығыс» ААҚ оны табыс ретінде көрсетуі керек.

373 333 теңге (2000000х12%), яғни инвестицияны алғанға дейін алынған табыс – 186 667 теңге

(2000000х28%4/12) инвестицияның баланстық құнын азайтады.

373 333
186 667


332
332


724
142



3

Келесі жылдың наурызында сатылған инвестиция көрініс табады.

  • инвестицияның баланстық құнының сомасына

  • инвестицияны сатқан кездегі, оның келісім-шарттық құнына

7 523 333


8 500 000

843
301


142
723



4

Сатып алушылар ұсынылған шотты төледі.

8 500 000

441

301

Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген құннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет