Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына 5В010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиадасының ережесі тараз-2018



жүктеу 70.48 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі70.48 Kb.

2-ҚОСЫМША

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті


Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына 5В010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиадасының ЕРЕЖЕСІ

Тараз-2018


  1. Жалпы ереже

1.1. Мектеп оқушыларына 5В010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиадасы туралы бұл ереже олимпиада мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, оның ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін, олимпиаданың қатысушыларын, жауаптыларын, олимпиаданың қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің марапатталуын белгілейді.

1.2. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиаданың негізгі мақсаттары:

- оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін анықтау;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру;

- дарынды оқушыларға қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді тарату.

1.3. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша олимпиаданы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізіледі.

1.4. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада мамандық ерекшеліктеріне сай өткізіледі.

1.5. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттар университеттің www.targpu.kz. сайтында «ТАЛАПКЕР» бөлімінде орналстырылады.

2. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиаданың міндеттері
2.1. Оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

2.2. Оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

2.3. Оқушыларды белгілі бір ғылым саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру.

2.4. Оқу және кәсіби мотивация деңгейін арттыру.




  1. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрады:



I кезең – іріктеу мақсатында өткізіледі (эссе).

Эссе- ой толғау (жеке сынақ). Тақырыбы:«Менің болашақ мамандығым - мұғалім» (оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарға негізделген ой тұжырымдары).

Эссені дайындауға қойылатын талаптар:

- Максималды сыйымдылығы - 3 бет;

- А4 пішімі;

- кегль 14:

- жолдар арасындағы интервал -1;

- бет шеттерi 2.00см.

Эссенің бірінші бетін безендіру: автордың аты, мектептің аты, мекен-жайы, байланыс деректері және электрондық пошта мекенжайы.

Бағалау өлшемдері:

- Эссе мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі;

- Эссе мазмұнының рухани тереңдігі мен тұтастығы;

- Эссені рәсімдеу талаптарына сәйкестілігі.

- Эссені бағалаудың жоғары баллдық көрсеткіші-100 балл.



II кезең – қорытынды кезең:

Олимпиаданың ІІ кезеңінің бағдарламасында педагогикалық жағдаяттарды шешу. Орындалу ұзақтығы әр қатысушыға - 10минут.

Педагогикалық жағдаятты шешу қорытындысы келесі критерийлері бойынша қойылады:

- ұстаз мазмұны мен қызметіне тұрақты қызығушылық танытады, мұғалім болуға саналы ұмтылыс білдіреді;

- мұғалім тұлғасына қойылатын жалпы талаптарды тұжырамдай біледі және оның қызметінің ерекшеліктерін сипаттайды;

- берілген жағдайларда бірегейлік көрсете біледі;

- сөзі ақпаратқа толы, қисынды, бірізді, анық және толыққанды. Сөзінде бағалау пікірлер мен көркем құралдары бар, нақты дауыс мәнеріне ие;

- тыңдау және есту, басқа адамды түсінуге және сұхбат жүргізуге, тілдесуге дайындық пен ынтаны білдіру ептіліктерін көрсетеді;

- ұтымды деңгейінде негізделген эмпатиялық қабілеттері көрсетеді;

- құрдастарын артынан ертуге, олардың әрекетін басқару және ұйымдастыруға қабілетті, көшбасшылық қасиеттеріне ие.

Сынақ нәтижелері 100 баллдық жүйеде бағаланады.

3.2. ІІ кезеңнен алынған нәтижелерден кейін, барлық қатысушылар жалпы жинаған ұпай саны бойынша бағаланады және қорытынды жасалады.

3.3. Мектептер олимпиадаға қатысу үшін өтінішті және эссені pmno.tarmpu@mail.ru электронды почтасына 2018 жылдың 05 сәуіріне дейін берулері тиіс ( 1-қосымшаға сәйкес).
4. Олимпиаданы ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
4.1 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша олимпиада кезеңдеріне дайындық және олардың өткізу жұмыстарын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, жауапты хатшы және мүшелері  кіреді. Ұйымдастыру комитетінің құрамы кафедра профессор-оқытушыларынан құрылады. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің құрамы  ТарМПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

4.2. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:

- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада дайындығы мен өткізілуі туралы хабарландырудың дер кезінде жариялануын қамтамасыз етеді;

- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиаданың өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;

- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиаданы өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, пәндік қазылар алқалары мен олардың төрағаларын бекітеді;

- қазылар алқаларының ұсыныстары бойынша облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;

- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиадаға облыстық қатысушылардың жұмыстарын шифрлау және тексеру тәртібін анықтайды;

4.3. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада нәтижелері хаттама түрінде рәсімделеді.


5. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық олимпиада қатысушыларына
5.1. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада қатысушылары болып аудандық және қалалық мектептердің 11(12) сынып оқушылары табылады;

5.2. Олимпиадаға қатысатын 11(12) сынып оқушылары міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек.

5.3. Олимпиадаға қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.

5.4. Әр мамандық бойынша облыстық пәндік олимпиада жеңімпазы – ең жоғары балл санын жинаған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.


6. Жауапкершілік
6.1 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша пәндік тапсырмаларды, бағалау өлшемдері мен әдістемесін дайындау үшін тапсырмаларды дайындау жөніндегі комиссия жауапкершілікте болады.
7. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау
7.1. Қорытынды олимпиаданың әр кезеңінен кейін шығарылады. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жүлдегерлер анықталады.

7.2. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша олимпиаданың бас жүлдегерлері ТарМПУ грантын иеленеді. I,II,III орын жүлдегерлері, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

7.3. ТарМПУ гранты сертификаты Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда күшіне енеді.

7.4. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ТарМПУ гранты жеңімпаздарының Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсырған бейіндік пәндері жеңіп алған «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бейіндік пәндеріне (биология - география) сәйкес келуі міндетті.



Өткізілетін күні: 11.04.2018ж. сағат 9-00де.

Өткізілетін орны: Жамбыл облысы Тараз қаласы ТарМПУ, Жамбыл даңғылы 16А №5 оқу ғимараты, 411 аудитория.

Электронды мекен-жайы: pmno.tarmpu@mail.ru

Байланыс номері: жұмыс номері: 8 (7262) 51-83-16 Гульмира Бигабылова; 87084841447 Қарлығаш Сарыбекова

«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиадасына қатысу өтінімі
Тіркеу карточкасы

  • Қатысушының аты-жөні (толық)

  • Сыныбы, оқу тілі

  • Мектебі (толық атауы)

  • Почта мекен-жайы

  • Байланыс телефон/факс

  • Тапсырманың орындалу тілі

  • E-mail

  • 3-4 сурет


Тіркеу карточкалары электронды мекн-жайға ( pmno.tarmpu@mail.ru) doc форматында жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет