Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша байқау ережесі тараз 2018



жүктеу 72.96 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі72.96 Kb.

2-ҚОСЫМША


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті


Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша байқау

ЕРЕЖЕСІ

ТАРАЗ 2018

  1. Жалпы ереже

1.1. Мектеп оқушыларына Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша пәндік байқау туралы бұл ереже байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, оның ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін, байқау қатысушыларын, жауаптыларын, олимпиаданың қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің марапатталуын белгілейді.



1.2. Бастапқы әскери дайындық – мамандығы бойынша байқаудың негізгі мақсаттары:

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау;

- таңдаған мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру;

- дарынды оқушыларға қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар арасында мамандыққа түсуге тарту.

1.3. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқауды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізеді.                             1.4. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқау мамандықтың ерекшеліктеріне сай өткізіледі.
2. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқаудың міндеттері
2.1. Оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

2.2. Оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

2.3. Оқушыларды белгілі бір саптық тәсілдер мен қаруды меңгеруін тексеру;


  1. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1 Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқау 2 кезеңнен тұрады:



I кезең – іріктеу өткізіледі. Егер үміткер 10 балдан төмен жинаса сынақтың екінші кезеңіне жіберілмейді.
Бірінші байқау сынағы (саптық дайындық бойынша)

Үміткерлер жазылған екі қатарлы сапта орналасады. Комиссия мүшесінің шақыруымен әр үміткеркер аталған қадам санына сәйкес саптан шығады және келесі саптық тәсілдерді орындайды: саптан шығу, орнындағы бұрылыс, жүрістегі бұрылыс, әскери сәлемдесу, сапқа тұру.

Үміткердің дайындық деңгейі әр саптық тәсілдер бойынша 5 балмен бағаланады.



Критерии

Саптық тәсілдер

саптан шығу

орнын

дағы бұрылыстар

жүріс

тегі бұрылыстар

әскери сәлем

десу

сапқа тұру

ҚР ҚК-нің саптық жарғысына сәйкес саптық тәсілдерді нақты орындау.

5

5

5

5

5


Саптық тәсілдер орындағанда екіден көп қателіктер жібермеген болса.

4

4

4

4

4


Саптық тәсілдер жеткілікті деңгейде орындамаған жағдайда.

3

3

3

3

3


Саптық тәсілдер орындау барысында төмен көрсеткіштері болса.

2

2

2

2

2


Саптық дайындық дағдысы жоқ болған жағдайда.

1

1

1

1

1



Ескерту: Үміткердің өзінде болуы керек:

- тік қырлы шалбар (юбка)

- жеңі бар көйлек (блузка);

- жай табанды аяқ киім.

Егер үміткер 10 балдан төмен жинаса сынақтың екінші кезеңіне жіберілмейді.

II кезең – қорытынды кезең (атыс дайындығы бойынша).
Екінші байқау сынағы




Норматив

балы

5

4

3

2

1

1

Калашников автоматын толық емес бөлшектеу (секунд).

8

10

12

13

15

2

Калашников автоматын бөлшектеуден кейін жинау (секунд).

17

20

25

27

30

3

Электронды-оптикалық автоматтан оқ ату.

5 мәрте ату (ұпай).



46-50

41-45

36-40

31-35

25-30

Бұл сынақ үміткердің қаруды қалай меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған.


Ескерту: үміткердің өзінде болуы керек:

-тік қырлы шалбар;
3.2 Мектептер байқауға қатысу үшін өтінішті dosim.seitzhanov@mail.ru электронды почтасына 05 сәуірге дейін берулері тиіс (1-қосымшаға сәйкес).
4. Байқауды ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету

4.1 Бастапқы әскери дайындық бойынша байқау кезеңдеріне дайындық және олардың өткізу жұмыстарын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, жауапты хатшы және мүшелері  кіреді. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша кафедра профессор-оқытушыларынан құрылады. Бастапқы әскери дайындық бойынша байқауды ұйымдастыру комитетінің құрамы  ТарМПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

4.2. Мамандық бойынша облыстық байқауды ұйымдастыру комитеті:

- Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқаудың дайындығы мен өткізілуі туралы хабарландырудың дер кезінде жариялануын қамтамасыз етеді;

- Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқаудың өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;

- Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқауды өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, пәндік қазылар алқалары мен олардың төрағаларын бекітеді;

- қазылар алқаларының ұсыныстары бойынша олимпиада мен байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;

- Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқауға облыстық қатысушылардың жұмыстарын шифрлау және тексеру тәртібін анықтайды;

4.3. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша облыстық байқау  нәтижелері хаттама түрінде рәсімделеді.
5. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша облыстық байқау қатысушылары
5.1. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқау қатысушылары болып аудандық және қалалық мектептердің 11(12) сынып оқушылары табылады;

5.2. Байқауға қатысатын 11(12) сынып оқушылары міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек.

5.3. Байқауға қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.

5.4. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқау жеңімпазы – ең жоғары балл санын жинаған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.


6. Жауапкершілік
6.1 Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша пәндік тапсырмаларды, бағалау өлшемдері мен әдістемесін дайындау үшін тапсырмаларды дайындау жөніндегі комиссия жауапкершілікте болады.
7. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау
7.1. Қорытынды байқаудың әр кезеңінен кейін шығарылады. Мамандық бойынша жүлдегерлер анықталады.

7.2. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша байқаудың бас жүлдегерлері ТарМПУ грантын иеленеді. I,II,III орын жүлдегерлері, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталады.



7.3. ТарМПУ гранты сертификаты Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда күшіне енеді.

7.4. Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша ТарМПУ гранты жеңімпазының Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсырған пәндері (қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы) жеңіп алған Бастапқы әскери дайындық мамандығының бейіндік пәндеріне (екі шығармашылық емтихан) сәйкес келуі міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет