Тараз ќаласы



жүктеу 43.68 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі43.68 Kb.


Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру

кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

2018 ж 14.02 №94 қаулы (1.07.2018 ж)




Іс-шаралар


Орындалуына жауаптылар

Орындалу

мерзімі

Орындалуы

1

Теренөзек ауылындағы Сатқұлов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2018 ж.

шілде


Ағымды 2018 жылы Тереңөзек ауылы, Ж.Сәтқұлов ұзындығы 0,560 шақырым көше жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5990,9 млн тенге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылуда, женімпазы анықталғаннан кейін орташа жөндеу жұмыстары шілде айында жүргізіледі.

2

Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов орталық көшесінің жарық шамдарын жаңа жарық шамдарға ауыстыру туралы

Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі


2018 ж.

Қазан


Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып, «Ауыл Береке 2016» жеңімпаз болып анықталып, 2018 жылдың 22 маусымында №50 келісім-шарт жасалынды.

3

Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты жекеменшік иесінен мемлекеттік меншікке сатып алу туралы

Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі,Өрнек ауылдық округінің әкімі

2018 ж.

мамыр


Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 20000,0 теңге бөлініп, жеке меншік иесінен ауылдық округ әкімдігінін меншігіне берілді. Орындалды.

4

Құмарық ауылының ауыз су құбырын жүргізу туралы

Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі

2018 ж.

Қараша


Құмарық ауылының ауыз су жүйесі және су шығару имаратының құрылысы нысаны бойынша 2013 жылы жобалау сметалық құжат дайындалып, 30.12.2013 жылы №08-0879/13 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Бірнеше рет облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтінімдер жолданып, мемлекеттік сараптаманың мерзімі өтуіне байланысты бюджеттік өтінім Ұлттық Экономика Министрлігінен кері қайтарылды. 2017-2018 жылдарға облыстық бюджеттен құжатты қайта нақтылауға (корректировка) қаражат қарастырылып, құжат нақтыланып, мемлекеттік сараптама қарауына жолданды. Мердігер «Табыс Жоба» ЖШС-і. Сараптама берген кемшіліктерге сәйкес, жобаға қоғамдық тыңдау қажет болғандықтан Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды басқару басқармасына интернет-ресурста орналастыру туралы хат жолданды. Қоғамдық тыңдау Құмарық ауылында ағымдағы жылы 17 шілдеде ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында өтеді.


5

Құлан ауылына дренаждар қазу туралы

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

Құлан ауылдық округінің әкімі



2018 ж.

Қараша


Есепті мерзімде Құлан ауылының дренаждары зерделеніп «Казавтожол» ЖШС мекемесімен келісім шарт жасалып 7 шақырым дренажды тазалау жұмыстарына 17239,00 мың теңге бөлініп 5 сәуір күні басталып жұмыстар 01 маусымда аяқталды. Орындалды.

6

Көкдөнен ауылындағы орталыққа бағдаршамды орнату туралы


Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2018 ж.

шілде


Көкдөнен ауылындағы орталық көшесі бойында, яғни «А.Байтұрсынов» орта мектебіне баратын жолдың алдында бағдаршам орнатылған, сонымен қатар қайта жаңартуға тиісті құрал жабдықтарға тапсырыс беріліп,жұмыстар шілде айында жүргізіледі.

7

Жаңатұрмыс ауылына газ құбырын жүргізу туралы

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2018 ж.

Қараша


Газ құбыры тартылмаған елді мекендердің жалпы саны 14 елді мекен, соның ішінде Жаңатұрмыс ауылыда бар. Газдандыруға Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы Ақыртөбе ауылының төменгі жағынан орналасқан «Интергаз» АҚ-ның Ақыртөбе «Автоматтандырылған газ тарату стансасы» (АГРС) 1995 жылы салынған. Қуаттылығы – 6000 м³/сағ), қосымша нысандардың қосылуына, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге қуаттылығы жетпейтін. Сондықтан жаңа, қуаттылығы – 20000 м³/сағ газ тарату стансасы салынып ағымды жылы іске қосылуда. Ары қарай «Фирма Ақ Қар-2009» ЖШС тарапынан ауыл тұрғындарымен келісім бойынша газдандыру жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізіп Жаңатұрмыс ауылына дейін газ құбырын тарту, көшеге және әр бір үйдін ауласына дейін жұмыстарын жүргізеді. Ары қарай газ құбырын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмағандықтан қаражат есебінен лицензиясы бар мекемелерге немесе жеке кәсіпкерлерге қайырылып газ құбыры тартылады.

8

Құлан ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2018 ж.

шілде


Құлан ауылы Т.Рысқұлов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ағымды жылы ақау (дефектный) актісі жасалып, жобалау-сметалық құжаттамасы ЖСК дайындалады, нәтижесінде ЖСК-ға сәйкес көшеге тас төгіп тегістеп асфальт төсеу жұмыстары келесі 2019 жылы жүргізіледі



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет