Ангелина Лукас Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатыспайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Жақында ғана кәсіпқой бокстағы рейтингтік жекпе-жегін Таиландта өткізген Ангелина Лукас 54 келідегі спаррингтік сынға қатыспайтын болды. Өйткені Лукастың кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі 20 сәуірге жоспарланған. Соған байланысты спортшы алдағы спаррингтік турнирде жұдырықтасудан бас тартып отыр. Есесіне, Лукастың орнына ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы әлем, 2021 жылғы Азия чемпионы Дина Жоламан қатысатын болды. 

Ұлттық құрамадан жанжалмен кеткен Ангелина Лукас олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турниріне қатысуға мүмкіндік алды

Айта кетейік, спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады. Бокстан әйелдер құрамасында 57 келідегі Карина Ибрагимовада ғана Париж олимпиадасының  жолдамасы бар.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.