Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2010 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстары. Аурухана құрылысы



жүктеу 27.25 Kb.
Дата11.02.2018
өлшемі27.25 Kb.

Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2010 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстары.

Аурухана құрылысы.

Ақсуат ауылында ауысымды 100 адам емханасымен 75 төсектік аудандық аурухана құрылысы, құны – 820 000 000 теңге. Қайта есептеуден кейін 1 056 849 000 теңге. 2009 жылға бюджеттен 333 354 000 теңге бөлініп, 279 449 200 теңге қаржы толық игерілді. 2010 жылға қалған қалдық қаржы 53 904 000 теңге.


2009 жылы Ақсуат ауылында ауысымды 100 адам емханасымен 75 төсектік аудандық аурухана тазалау имаратының құрылысына 33 298,0 мың теңге бөліндіп, мердігер «ПМК Құрлыс» ЖШС-і жұмыстар атқаруда. Қазіргі уақытта лотоктардың монтаж жұмыстары, залалсыздандыру (бактерицидных) құрылғыларды құру жұмыстары аяқталу утінде.
Ақжар ауылында салынып жатқан 50 төсектік туберкулездік аурухана құрылысы, жалпы құны 845 520 000 теңге. Қайта есептеуден кейін 1 098 382 000 теңге. 2009 жылға бюджеттен 803 642 000 теңге бөлінінген. 2009 жылға игерілгені 702 149 700 теңге. 2010 жылға қалған қалдық қаржы 101 492 300 теңге.
Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2010 жылға жоспарлануда.
Су құбырлары құрылысы.

Ақсуат ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына Республикалық бюджеттен 2010 жылға 90 000 000 теңге және 2011 жылға 163 314 854 теңге жиыны 253 314 854 бөлініп, ағымдағы жылдың 10 наурызында ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып танылған «СМУ Шығыс» ЖШС-і (Зайсан қаласы). Бүгінгі күнге келісім шарт жасалып, 30 % қаржысы 27 000 000 теңге игеріліп, құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде.


Алдағы уақытта Кіндікті ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп (әзірлеуші «Востокоблпроект» ЖШС-і) «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 31.10.2009 жылы №6-0300/09 санды оң қорытынды алынды. Құрылыстың жобалық құны 155 913,2 мың теңге.
Ақсуат ауылының кәріз жүйелері мен тазалау имаратынының жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп (әзірлеуші «Востокагропромпроект» ЖШС-і) «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 29.01.2010 жыл № 06-0011/10 санды оң қорытынды алынды. Құрылыстың жобалық құны 731 440,2 мың теңге.

Интернат құрылысы.

Ақсуат ауылында салынуға жоспарланған 100 орындық мектеп маңындағы интернат құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп ( әзірлеуші «Востокоблпроект» ЖШС-і) «Шығысмемсараптама» ЕМК-н 14.05.2009 жылы №06-120/09 санды оң қорытынды алынды. Құрылыстың жобалық құны 432 046,4 мың теңге.


Коммуналдық үйлер құрылысы.

3 (үш) 16 пәтерлі коммуналды тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаттары дайындалып, (әзірлеуші «Востокагропромпроект» ЖШС-і) Ақсуат ауылы Жолымбет баба көшесі бойынан салынатын 16- пәтерлік коммуналды тұрғын үйдің жұмыс жобасына (құны 102 935, 0 мың теңге) 10. 11. 2008 жылы № 9-401/08 санды, Ақсуат ауылы Жолымбет баба көшесі бойынан салынатын № 2-ші 16- пәтерлік коммуналды тұрғын үйдің жұмыс жобасына (құны 102 933, 0 мың теңге) 30. 12. 2008 жылы № 9- 488/08 санды және Ақжар ауылы Байжігіт көшесі бойынан салынатын 16- пәтерлік коммуналды тұрғын үйдің жұмыс


жобасына (құны 103 501,0 мың теңге) 24. 12. 2008 жылы № 9- 483/08 санды «Шығысмемсараптама» ЕМК- сынан оң қорытындылары алынды.
Жәнтікей, Қызыл кесік ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының ЖСҚ-ын әзірлеуге, оқушылардың демалыс лагері құрылысының ЖСҚ-ры әзірленіп, кәзіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Меншік нысандар.

2010 жылы жеке меншік құрылыс нысандары бойынша Ақсуат ауылында 2 тұрғын үй ауданы 364 м2, 1 сауда үйі ауданы 312 м2, 1 мешіт ауданы 81м2, Екпін ауылында 1 тұрғын үй, 1 мал қора, Көкжыра ауылында 1 сауда дүкені ауданы 86,4 м2, Қабанбай ауылында 1 наубайхана ауданы 104 м2, Ақсуат ауылдық округінен 1 сауда үйі ауданы 312 м2, Тұғыл ауылында 1 тойхана ауданы 468 м2, Қарасуда 2 тұрғын үй аудан 216 м2, 1 мал қора ауданы 704 м2, Ақжар ауылында 1 наубайхана 52 м2 пайдалануға берілді.


Қызыл Кесікте уақытша көпір жасалуда

Боғас өзені арқылы уақытша көпір салу үшін «Зайсан» құрылыс компаниясының құрылысшылары жұмыс істеуде. Олар ұзындығы 12 метр, кеңдігі 5 метр болатын және екі жағынан 1,5 км айланба жол көпірдің құрылысы басталып кетті. Бұл жұмыстарға 1 автокран, 1 тиегіш (погрузчик), 1 бульдозер (Т-130), 5 КАМАЗ және 1 жанар-жағар май тасығыш автокөліктер жұмылдырылған. Көпір салуға қажетті шамамен 200 метр куб болатын темір-бетон конструкциясы әкелінді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет