«Тарихыңды тану – еліңді тану» ток-шоуы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 20 мамырында іс—шара жоспарына сәйкес «Қазақстан Қарағанды»



жүктеу 16.14 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі16.14 Kb.




«Тарихыңды тану – еліңді тану» ток-шоуы
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 20 мамырында іс—шара жоспарына сәйкес «Қазақстан - Қарағанды» телеарнасында «Тарихыңды тану – еліңді тану» ток-шоуын өткізді.

Ток-шоудың мақсаты: 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күніне» орай ХХ ғасыр басында тәуелсіздік жолында өз өмірлерін құрбан еткен қазақ қайраткерлерінің тағдырын тарих беттерінде таңбалау, ұрпаққа таныту; жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімді дамыту; тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін таныту арқылы қоғамды ізгілендіру; - өткеннің ізін ұрпақтың жадында жаңғырту, тарихтың тағылымынан үлгі алуға шақыру.

Ток-шоуға - жоғары оқу орындары мен орта білім беру орындарының студенттері мен оқушылары, облыстық мұражай және кітапхана қызметкерлері, зерттеушілер мен ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен мүшелері, тарихқа немқұрайлы қарамайтын ықылас білдіруші көрермендер шақырылды.




Ток-шоуға - Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының бастығы Б.М.Мұсабеков, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы П.Қ.Сәдуақасова, Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.А.Бекбалақова, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің доценті С.У.Жауымбаев және аталған университеттің тарих факультетінің Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі Қ.С.Өскембаев, тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Н.Смағұлов, тарих факультетінің оқытушысы Ж.Жұмабеков, тарих факультетінің аға оқытушысы А.Н.Мұқанова және тарих факультетінің студенттері, ҚарМУ филология факультетінің аға оқытушы А.М.Бабашев, Қарағанды заң институтының оқытушысы М.Қаршыға, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы А.Серғалиұлы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының тарих пәнінің аға оқытушысы К.Ж.Абдрахманова, «Дарын» мектебінің тарих пәнінің оқытушысы Қ.Бөдеев және «Дарын» мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты.
Каталог: files upravlenie -> upravleniya -> uprrazyaz
uprrazyaz -> Болашағымыз – мемлекеттік тілде
uprrazyaz -> «Таза мінсіз, асыл сөз » облыстық жыршылар байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 24 сәуірінде іс- шаралар жоспарына сәйкес «Таза мінсіз асыл сөз »
files upravlenie -> 2005 жылғы «15» қарашадағы №22/20 қаулысына
uprrazyaz -> «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» облыстық дәстүрлі байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 30 сәуірінде «О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық дәстүрлі байқауын»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет