«Тасарал негізгі орта мектеп»кмм аналар мерекесіне арналған дөңгелек үстел /тренинг



жүктеу 51.65 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі51.65 Kb.


«Тасарал негізгі орта мектеп»КММ




Аналар мерекесіне арналған дөңгелек үстел /тренинг/

Балтышева Г.А.-қыздар ұйымының жетекшісі

Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық эйелдер мерекесін атап өту,

анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге

ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты

қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға

тәрбиелеу.


Көрнекілігі: мерекелік безендіру, интерактивтік тақта. 

Әдіс-тәсілдер: топқа бөлу, СТО стратегиялары, рефлексия

Тренинг бағдарламасы:
1. Ұйымдастыру бөлімі

- Кіріспе /психологиялық дайындық/
2. Баяндама: «Қыз өссе елдің көркі...»

3. «Күлімде күн күлімде» ойыны

4. «Жағымды, жағымсыз» /постер қорғау/

5. «Өтінемін!» ойыны.

6. «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» / топтық жұмыс/

7. Ой- толғаныс. /рефлексия/

Тренинг барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Армысыздар, бақытты балалық шақтың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар!

Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекеңізге орай өтілетін жиынымызда сіздерге арналады.

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана - деп ақындар жырлағандай бүгінгі

« Қыз еркем, анасымен көркем» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
- Бағдарламамен танысу.
Кіріспе: /психологиялық дайындық, топқа бөлу/


  • Анасы қызының есімін айтып, есімінің бірінші әрпінен

басталатын жағымды қасиетін айту керек.


  • Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?


ІІ. Баяндама. «Қыз өссе елдің көркі...»

/мектеп психологі/
ІІІ. Күлімде күн күлімде /өлеңді оқу /

Нұсқау : Берілген өлең жолдарын үш нұсқада айтып өту.

Күліп, ашуланып, айқайлап.

Анасы үш нұсқада толығымен айтады, қызы біреуін таңдап айтады.
Ата-аналарына берілетін өлең

Құшақ ашсам –ұшасың,

Құшақтайсың,құшасың.

Сағынғаның білініп,

Мойнымнан қысасың.
Қыздарға берілетін өлең

Жүзімізге қараңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.
ІV. «Жағымды, жағымсыз» /постер қорғау/

  • адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық


Тапсырма:

1 топ - Әр жағымсыз қасиеттің өзіндік жақсы жағын дәлелдеу


2 топ - Әр жақсы қасиеттің өзіндік жағымсыз жағын дәлелдеу

V. «Өтінемін» ойыны.

Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.

- Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет, өтінемін, т,б

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар

-секіріңіздер

-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер

-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.

- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар

- өтінемін орындарыңызға отырыңыздар

VІ. «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» /топтық жұмыс/

«Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі»- дегендей, халқымыз қыздарымызды болашақ аналар деп,оларды ұяңдылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген.Қыздарымызға,аналарымызға арнап халқымыз ән,өлең,роман,поэма,новелла ғана жазып қоймаған,сонымен қатар оларға арнап мақал-мәтелдер де жазған. / мақал-мәтелдердің жалғасын табу/



1-ші топ мақалдары



1.Жақсы қыз- … 
Жауабы: Жақсы қыз –жағадағы құндыз, 

2.Анасын сүйгеннің… 
Жауабы: Анасын сүйгеннің баласын сүй. 


3.Алып-… 
Жауабы: Алып-анадан, ат-биеден. 


4.Қызым саған… 
Жауабы: Қызым,саған айтам, келінім сен тыңда. 
2-ші топ мақалдары
1.Шешеге қарап…
 
Жауабы: Шешеге қарап қыз өсер. 

2.Аяғын көріп… 
Жауабы: Аяғын көріп асын іш,шешесін көріп қызын ал. 


3.Қыз-өмір… 
Жауабы: Қыз-өмірі гүлі. 

4.Бұрымды қыз-… 
Жауабы: Бұрымды қыз сұлу қыз. 
VІІ. Ой-толғаныс. /рефлексия/

-Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.



- Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.
Қорытынды: Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі аналар сіздердің мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңіз бен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деген тілекпен бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.Келгендеріңізге көп-көп рахмет!!
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

1. Ұйымдастыру бөлімі

- Кіріспе /психологиялық дайындық/
2. Баяндама: «Қыз өссе елдің көркі...»

3. «Күлімде күн күлімде» ойыны

4. «Жағымды, жағымсыз» /постер қорғау/

5. «Өтінемін!» ойыны.

6. «Мақал-мәтелдің жалғасын тап»

/ топтық жұмыс/

7. Ой- толғаныс. /рефлексия/



plant

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет