«Тауарларды экспорттауға лицензияларды, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты



жүктеу 76.88 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі76.88 Kb.




«Тауарларды экспорттауға лицензияларды, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты

(мемлекеттік қызметтің атауы)



1

Қызметтің атауы

Тауарларды экспорттауға лицензияларды, лицензияның телнұсқаларын беру

2

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті

3

Қызметтің тұтынушалары

Заңды және жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны *

Ішінара автоматтандырылған

5

Қызметтің көрсетілетін орын

Мемлекеттік қызметті Өнеркәсіп комитеті Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-16-05 көрсетеді, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «www.e.gov.kz электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы көрсетіледі.

6

Қызметті көрсету тәртiбi

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның өкілі (сенімхат бойынша) Комитетке құжаттарды береді немесе веб-порталға сауал жібереді.

Комитетте құжаттарды қабылдау почта арқылы жіберу не Комитеттің кеңсесіне тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-73, факс: 24-16-05.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:

1) қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау оның көшірмесінде тіркеу күнін және нөмірін көрсете отырып, Комитеттің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрауды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.

Комитет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде немесе электронды құжат нысанында бас тартады.

Бұдан әрі Комитет мемлекеттік қызметті беруден осы негіздемемен бас тартуға құқығы жоқ.

Комитетте дайын құжаттарды беруді Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

Сауалды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.


7

Қажетті құжаттар

1) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініш;

2) сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) көшірмесі, қосымшасы және (немесе) оған толықтыру (бір жолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат көшірмесі;

3) салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі;

4) егер, қызметтің мұндай түрі оған қатысты бірыңғай кедендік аумақта лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

5) Өтініш беруші лицензия бергені үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бажды (лицензиялық алымды) төлегенін растайтын құжатты бергеннен кейін лицензия беріледі;

6) «Кеден одағындағы Беларусия Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының біріңғай тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген шектеулер қолдану туралы ережесіне сәйкес құжаттар;

7) «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялауға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына сәйкес, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бойынша құжаттар; 8) құжаттардың берілген көшірмелерінің әрбір парағы өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуы не құжаттардың көшірмелері тігіліп әрі өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуға тиіс.


8

Қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 471 бабына сәйкес лицензиялық алымның мөлшерлемесі:

1) лицензияны бергені үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы мынадай реквизиттер бойынша жүзеге асырылады: бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлемнің мақсатының коды – 911.

Мемлекеттiк қызметті портал арқылы алуға электронды сауал берген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

9

Қызмет көрсеті үрдісінің сипаттамасы

Тұтынушыдан өтініш түскен уақыттан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беру уақытына дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы Өнеркәсіп комитетінің кеңсесіне құжаттарды қоса бере отырып өтініш немесе веб-портал арқылы сауал береді;

2) Өнеркәсіп комитеті кеңсесінің маманы өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оны Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қарауға жібереді;

3) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы өтінішті Өнеркәсіп комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына қарауға жібереді;

4) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы жауапты орындаушыны анықтайды;

5) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы берілген құжаттарды қарайды және олар тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне тиісті мемлекеттік органдардың келiсiмiн алу үшiн мемлекеттік органдарға сауал жiбередi немесе дәлелді бас тартудың жобасын әзірлейді;

6) мемлекеттiк органдар лицензиар сауалының негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы жауап жiбередi;

7) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi жағдайында маман экспортқа лицензияның жобасын және оны Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына келісуге жібереді (сәйкес еместiгi жағдайында лицензияны беруден дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды);

8) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы ұсынылған құжаттарды қарап, лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына келіседі;

9) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қол қоюға жібереді;

10) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына қол қояды;

11) Дайын құжаттарды беруді:

1) Комитетте – Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

2) сұрауды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.



10

Қызметті көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызметтерді көрсету мерзімдері:

лицензия беру – қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқаларын беру – қажетті құжаттарды алушы берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.

11

Қызмет көрсету нәтижесі

Тауарларды экспорттауға лицензияларды, лицензияның телнұсқаларын беру не қызметті көрсетуден уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызметті беруден бас тартуы туралы қағаз тасығышта немесе электронды құжат түріндегі уәжді жауап болып табылады.

12

Нормативтік құқықтық актілер**

1)«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңы;

2) «Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 851 қаулысы;

3) «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялауға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасының аумағына жылыжай, полиэтилен және алюминий фольгасын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 769 қаулысы



5) «Кеден одағындағы Беларусия Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының біріңғай тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімі;


13

2011 жылы көрсетілген қызметтің саны

263


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет