Тауарларды идентификациялаудың халықаралық таңбалары тоқтасова Т.Қ., Қауымбаев Р. Т



жүктеу 23.44 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі23.44 Kb.

ӘОЖ 389.6
ТАУАРЛАРДЫ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫ

Тоқтасова Т.Қ., Қауымбаев Р.Т.
Қазіргі уақытта тауарларды автоматты түрде идентификация-лауды қамтамасыз ететін штрихты таңбалар кеңінен қолданылады, оларды қолданудың негізгі себебі – өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жеткізу жолын бақылау және есепке алу. Жол бойы тауар әр түрлі меншік иелеріне өткізілуі мүмкін, осы кезде тауардың сапасы төмендемеуі тиіс және дұрыс жағдайда сақталуы керек.

Префикс тауарды өндірген мемлекетпен бірлесе жұмыс жасайды, яғни мемлекетті идентификациялайды, ол өндірістің коды тауарды өндіруші болып табылмайтын өндірісті идентификациялауы мүмкін. Мысалы, сауда ұйымы сырт елден 50 кг-дық қант қалыптарын сатып алып, оны 1 кг-дық пакеттерге салып, 487-ден басталатын Қазақстан Республикасы өнімінің таңбасын қоюына болады.

Тауардың коды ерекше сипаттамасы және жеке бағасы бар әр нақты тауарға беріледі. Мысалы, «Тассай» минеральды суының 0,33 литрлік қорабына - 001 таңбасы берілсе, 0,5литрлік қорапқа – 0,02 таңбасы, 1литрлік қорапқа – 003 таңбасы, ал 1,5литрлік қорабына- 004 коды беріледі.

Кодқа бақылау санын қосу қажет, өйткені компьютерге енгізгенде қате кетуі мүмкін, әсіресе әртүрлі себептермен штрихты таңба сканерден өтпеген жағдайларда. Мысалы, EAN 487123456789 таңбасының бақылау санын есептейміз.

Таңбада жұптық орында тұрған сандар қосылады: 487012345678=28.

Алынған нәтиже 3-ке көбейтіледі: 28·3=84.

Ары қарай тақ орындарда тұрған сандарқосылады: 487012345678=27.

Соңғы екі амалдың нәтижелері қосылады: 84+27=111.

Бақылау саны қалдықсыз 10-ға бөлінетін жоғарыдағы қосындыға (111) жетпей тұрған сан болады. Ол – тоғыз саны, ол EAN-13 кодының ажыратылмас бөлігі болып табылады, яғни 4870123456789.

Компьютер осы амалдарды бір сәтте орындайды, егер жоғарыдағы алгоритм бойынша саналған бақылау саны штрихтаңбада көрсетілген бақылау санымен сәйкес келмесе, компьютер таңбада қате бар екені туралы сигнал береді.

EAN-13 таңбасымен идентификацияланған көптеген тауарлар дүкенде технологиялық өңдеуден өтеді. Мысалы, бөлімдерге бөлінеді, қораптарға салынады. Қорапталған өнімдердің бөліктерін идентифика-циялау үшін технологиялық таңбалар қолданылады.

Технологиялық таңбадағы ақпараттың мазмұнын нақты дүкен анықтайды. Штрих таңбалардың дүкендегі «жұмыс» алгоритмін «Тассай» минералды суының үлгісінде көрсетейік.

Дүкенге «Тассай» минералды суы түсті делік. Қоймашылар жүкті түсіргенде жергілікті серверге тек келесі ақпаратты ендіреді:

- «Тассай», ыдысы 0,5 литр, саны - 500 дана, коды, бағасы;

- «Тассай», ыдысы 1,0 литр, саны - 500 дана, коды, бағасы;

- «Тассай», ыдысы 1,5литр, саны - 500 дана, коды, бағасы.

Жергілікті сервер кассаларымен байланысқан, сатушы кассаға 1 литрлік бөтелкені бергенде, оның кассалық чегіне тауардың аты және бағасы жазылады.

Жергілікті серверде 1 литрлік бөтелкелер саны 1-ге азаяды.



Дүкенге түскен тауарларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі-тауар туралы мәліметті қоймашыға, басқарушы және бухгалтерге жеткізеді және нақты тауарды басқаруды қамтамасыз етеді. Дүкеннің автоматтандырылған жүйесі арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы дүкеннің қызметі туралы толық бухгалтерлік есеп жасау мүмкіндік береді. Кері байланыс ретінде дүкен мысалы мынандай ақпарат бере алады: «Тассай» суының 1 литрлік қораптары 1,5 литрлікке қарағанда тезірек сатылады.

Қорларды басқару, сатып алушылармен тез және дәл есептесу саудада штрих таңбаларды кеңінен қолдануға әсерін тигізеді.
Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> materialy20
materialy20 -> Әож 539. 376 СҰЙЫҚ ортаның шаш талшықтарының жылжу процесіне әсерін зерттеу
materialy20 -> Әож 36. Май өнімдерін өндіру процесін зерттеу
materialy20 -> Оқулық жасау ортасы қожабекова А., Исламова Г. Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған
materialy20 -> Әож 524. 28. Жоғары дәлдікті аспаптар мен гаж-дың байланысы
materialy20 -> Әож 1: 551. 1/. Пайдалы қазбалар статистикасы
materialy20 -> Талас өзен алабының су қорлары және оларды пайдалану ратова Ә., Мұсабеков Қ.Қ
materialy20 -> Әож 11. 512. 122: 373. КӨркем шығармалардағы жер-су атаулары
materialy20 -> Әож 5. (5 каз) 32-5я7 Топографиялық түсірулерді электронды тахеометрмен өлшеу
materialy20 -> Адамды кепілге алу, адамның органын, тінін сату, адам саудасы Қайратбекұлы А., Еркебаева А
materialy20 -> Әож 81'276. 5: 378. 18 Жастар арасындағы сленг сипаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет