«Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тауарларды кедендік тазарту»



жүктеу 130.53 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі130.53 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27»сәуірдегі

№ 284бұйрығына

43–қосымша

«Тауарларды кедендік тазарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті, аумақтық органдары – Мемлекеттік кірістер департаменттерімен кедендер(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берукөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттартоптамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші, егер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс;

тізбесін Кеден одағының комиссиясы анықтайтын кедендік әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші тауарларға арналған декларацияны тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, ал тауарларға арналған декларация көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аспайтын уақыт қалғанда тіркелген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс;

тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезінде көрсетілетін қызметті беруші тауарларды шығаруды тауарларға арналған декларацияны тіркеген көрсетілетін қызметті берушіге тауарларды көрсеткен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс.

Тауарларды шығару мерзімдері көрсетілетін қызметті беруші басшысының (бастықтың), ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы (бастық), орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен асыруға болмайды.

Кедендік рәсіммен бірінші кезекте орналастырылған тауарларды және уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін және оларға қатысты арнайы оңайлатуларды қолдану көзделген тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылатын тауарларға арналған декларацияға, коммерциялық, көліктік (тасымалдаушы) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай–ақ көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) жолымен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы шешімі, неосы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі–көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарларды кедендік декларациялау үшін тауарларға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 60 евро және тауарларға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 25 евро көлемінде кедендік алымдар алынады.

Кеден одағының Кеден кодексінің 372–бабының негізінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 1995 жылғы 20 шілдедегі № 2368 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың шеңберінде өткізілетін тауарларды декларациялау кезінде, «Кедендік төлемдердің ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы № 1479 қаулысына сәйкес заңды тұлғалар мен жеке адамдардың тауарларын кедендiк ресiмдеу үшiн 0,2 % мөлшерінде кеден алымы, тауарлар мен көлік құралдарын ол үшін белгіленген жерден тыс және мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс уақытынан тыс кедендік ресімдеу үшін 0,4 % мөлшерінде кеден алымдары алынады.

Төлеуші:


1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай–ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (банктің төлем тапсырмасы төлемді растау болып табылады);

2) көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып (аталған электрондық терминал беретін чек төлеудің растамасы болып табылады);

3) тікелей көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарында (үй–жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы (аталған кассалардың түбіртектері төлеудің растамасы болып табылады) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз әдіспен тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төлейді.

8. Көрсетілетін қызметті берушініңжұмыс кестесі:Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін,сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемелекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00–ден 14.30–ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат  09.00–ден 17.30–ға дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының дәлелді сұрау салуы бойынша тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты жекелеген кедендік операцияларкөрсетілетін қызметті берушінің тұрған жерінен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.

Қабылдау алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған декларация, тауарларға арналған декларацияның электрондық көшірмесі және олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттар.

мұндай құжаттарға:

1) кедендік декларацияны беретін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

2) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінен тыс иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар және декларанттың билігінде бар өзге де коммерциялық құжаттар;

3) көліктік (тасымалдау) құжаттары жатады.

Қажет болған кезде, жоғарыда көрсетілген құжаттарға мына құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында көзделген жағдайда валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда тыйым салулар мен шектеулердің, сондай–ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдануға байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;

3) Кодекске сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленгенін растайтын құжаттар;

4) егер тауарлар мұндай қамтамасыз етуді ұсыну шартымен шығарылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар;

5) Кодексте, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, кедендік рәсімдерге сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатуды растайтын құжаттар табыс етіледі.

Егер кедендік декларация толтыру үшін негізге алынған жекелеген құжаттар кедендік декларацияны беру кезінде табыс етіле алмайтын болса, декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші мұндай құжаттарды тауарлар шығарылғанға дейін табыс етуге рұқсат етеді.

Егер жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімдерде табыс етіле алмайтын болған жағдайда, егер құжат тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті болып табылмаса, көрсетілетін қызметті берушілер кейін құжаттарды алу үшін қажетті мерзімдерде, бірақ оларды кедендік декларация тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бере отырып, олардың көшірмелерін беруге рұқсат етеді. Декларант құжаттарды белгіленген мерзімдерде табыс етпегені не құжаттардың бұрын берілген көшірмелерінде мәліметтерді дұрыс мәлімдемегені үшін жауапты болады.

Тауарларды кедендік декларациялау кезінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен табыс етіледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде көрсетілетін қызметті берушіге кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар бұрын табыс етілсе, мұндай құжаттардың көшірмелерін табыс ету не көрсетілетін қызметті берушіге мұндай құжаттарды табыс ету туралы мәліметтерді көрсету жеткілікті.

Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттар Кодекске сәйкес электрондық құжаттар түрінде табыс етілуі мүмкін.

Тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес кедендік декларациялау кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай:

1) кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде – Кодекске сәйкес тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;

2) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі кезінде – қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;

3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде – тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;

4) кері импорттың кедендік рәсімі кезінде – тауарларды әкету кезінде қабылданған кедендік декларация және тауарларды әкету кезінде оларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген күнді растайтын құжаттар;

5) ішкі тұтыну үшін бұрын кедендік шығару рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кері экспорттың кедендік рәсімі кезінде – мыналар:

тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу жағдайы (сыртқы экономикалық мәмілені жасағанын растайтын құжаттарды негізге ала отырып);

сыртқы экономикалық мәміленің шарттарын орындамау;

осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;

осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтер бар құжаттар;

6) жою кедендік рәсімі кезінде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тауарларды жою мүмкіндігі туралы қорытындысы;

7) еркін кедендік аймақ және еркін қойма кедендік рәсімдері кезінде – Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес құжаттар табыс етіледі.

Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларциялау кезінде осындай тауарлардың мөлшерін растау үшін тиісті сыртқы сауда шарты бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізілім туралы актілер, тапсыру–қабылдау актілер, тауарлардың сапа сертификаттары және жеткізілімнің күнтізбелік бір айында құбыржол көлігімен өткізілетін өндірілген, жеткізілген және тұтынылған тауарлардың көлемдерін бөлуді растайтын басқа да ұқсас құжаттар ұсынылады.

Электр беру желілерімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде, осындай тауарлардың мөлшерін растау үшін тиісті сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілер, тапсыру–қабылдау актілер және екі шектес мемлекеттің энергия жүйелері қатарлас жұмыс істеген жағдайларда әрбір күнтізбелік ай үшін электр энергиясының сальдо-артық легі ретінде (кернеудің барлық сыныптарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы артық легінің алгебралық сомасы) электр энергиясының іс жүзінде өтуін растайтын басқа да құжаттар ұсынылады.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

1) көрсетілетін қызметті алушының тауарларды шығарудың мынадай шарттарын сақтамауы кезінде:

Көрсетілетін қызметті берушіге Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердiң өзге де халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшiн қажеттi лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттар, көрсетiлген құжаттар Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейiн табыс етiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, табыс етуі;

тұлғалар тауарларды Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтауы;

тауарларға қатысты кедендiк баждар, салықтар төленуі, не оларды төлеу Кодекске сәйкес қамтамасыз етілуі.

2) егер тауарлар кедендік декларацияны тіркеген көрсетілетін қызметті берушіге не Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген өзге көрсетілетін қызметті берушіге ол тіркелген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілмесе не бұл мерзім ішінде тыйым салулар мен шектеулер енгізілсе, көрсетілетін қызметті беруші мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.

3) егер:


анықталған, құқық бұзушылық құрамы жоқ бұзушылықтар жойылса;

анықталған бұзушылықтар жойылған, ал декларацияланатын тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылмаған немесе оларға тыйым салынбаған жағдайларды қоспағанда, тауарларға кедендік бақылау жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті берушілер Кеден одағының кеден заңнамасын бұзуды анықтаған болса;

4) егер декларанттың кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының мөлшерін анықтауға ықпал ететін дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегенін, оның ішінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауар коды, шығарылған елінің, кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары мен мөлшерінің, төлем тәсілдерінің және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеумен байланысты басқа да мәліметтерін, тауарлардың кедендік құнын түзетуді қоспағанда, дұрыс көрсетпегенін анықтаса.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты–жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсетуерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.kgd.gov.kzинтернет–ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушінің сall-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.



15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8–800–080–7777.
Каталог: sites -> default -> files -> u1357
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
u1357 -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
u1357 -> Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
u1357 -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілері
u1357 -> О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года №163 Об утверждении регламентов государственных услуг


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет