«Таза ауа тапшы болмасын»-«Дебат» ойыны



жүктеу 85.82 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі85.82 Kb.
түріСабақ

«Табиғат – адам – қоғам»

дебат

Құрал жабдықтары: цитаталар, тақырып аты, петри табақшасы, су, стакан, парафин, шам, шырпы.

Сабақ барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.»Таза ауа тапшы болмасын»-дебат.



Мақсаты: Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту.

Оқушыларды ізденіске, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.



Шарты: Класс оқушылары екі топқа бөлінеді. Жақтаушы топ, даттаушы топ болып.Әр топтың жетекшісі, спикерлері сайланады.Соттар. мектеп директоры,оқу ісі меңгерушісі,тәрбие ісі меңгерушісі,география, биология, химия пәндері мұғалімдері.Әр топтың кейсі жазылып қойылады.

Ойын барысы.

Жақтаушы «Озон» тобының кейсі.

«Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау-маңызды экологиялық үрдіс».

Даттаушы «Құбылыс» тобының кейсі.

«Ауаның тазалығы-табиғат өзі реттейтін құбылыс».

Бастаушы пікірталасқа түсетін екі топтың мүшелерін таныстырып өтеді.

«Озон» тобының жетекшісі-Нұржан Ару

Соттар:


Бастаушы.-Бірінші сөз «Озон» тобының спикері Назгүл ханымға беріледі.

-Сәлеметсіздер ме, тыңдарман қауым және құрметті оппоненттер.Мен біздің команданың кейсі «Атмасфералық ауаның тазалығын сақтау-ең маңызды экологиялық үрдіс» атты тақырыпты түсіндіру үшін «Таза ауа-денсаулық кепілі» деген аргумент бойынша ойымды жеткізбекпін.

Біз химия пәнінен ауаның табиғи құрамы 20 оттек, яғни бестен бір бөлігі екенін 78/ азот, 2% коміртек (IV) оксиді, т.б. инертті газдар екенін білеміз. Ауаның осы құрамы тіршілік әлемінің тыныс алуына ғасырлар бойы эволюциялық дамуда қалыптасқан құрам деп есептеймін. Сөзімді растау үшін сіздерге мына тәіжрибені көрсетейін (тәжірибені айтып тұрып жасайды):

-Мына петри табақшасына су құямын, ортасына (судың үстіне) парафин шамының қысқа кесіндісін қоямын. Оны жағып, үстіне стакан төңкеремін. Қараңыздар стаканның бестен біріне су көтеріледі. Ол жануға жұмсалған оттектің орны.

әлем халқы өркениеттікке жеткен сайын, өндірістің дамуы халықтың әл-ауқатын көтереді. Ғылыми прогрестің жемісі адам игілігіне жұмсалуда. Дегенмен осы даму жаңа проблеманы, қиын проблеманы өмірге әкелді.

Ол-қоршаған ортаның ластануы. Соның ішінде біз тыныстап отырған ауаның ластануы адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін үлкен зиян келтіруде.

Бүкіл жер жүзінде ең ұзақ өмір сүрген адам Англияның ең ірі сут-май фирмасының қожасы Карне 207 жасқа келген. Ол өмір бойы сүт, айран, ірімшік т.б.жеңіл тамақтар ішкен. Денесін шынықтыруға таза ауада көп жүруге әуестенгеннін айтқан.

Біздің ағзамызда үнемі тотығу реакциялары жүріп жатады. Тыныс алу ағзаға оттекті жеткізіп жатады.

Сырттан алатын энергия көзі отының жануы, шіру үрдістері бәрі де оттектің қатысында өтеді. Олай болса ауаны оттекпен үнемі байытып көгалдандыру жұмысын жүргізіп отыру керек.

Адамдар ауаның ластануынан түрлі аллергиялық аурулар, тыныс жлодарының аурулары, тғбғауру түрлерімен ауырады. өкпе туберкулезі шаң-тозаңмен бірге жүретін туберкулез таяқшаларымен тыныс алғанда басталады. Өсімдік аз жерде шаң көп. Көгалдандыру сумен байланысты. Табиғаттың ажырамас бөліктері: жер, су, ауа-бәріде аялы алақанды қажет етеді.

Адамзат-табиғат перзенті. Ғаламшар оның бесігі. Олай болса сол бесіктің тазалығы үшін күрестен саналы азаматтар болып өсейік демекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Бастаушы: -Келесі сөз кезегін «Құбылыс» тобының спикері Әсима ханымға берейік.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті халайық. Мен біздің топтың кейсі (резолюциясы) «Ауаның тазалығы табиғат өзі реттейтін құбылс» тақырыбына бірінші аргументім: «Табиғат заңы болжамайды,ол ешкімге бағынбайды» деген пікірді қуаттап, ойымды айтқым келеді.

Мен «Озон» тобының спикері Назгүл ханымды тыңдай келе бір нәрсеге қайран қаламын. Суды таза ұстау керек десе, топрақты таза ұстау керек десе түсінуге болады. Көзге көрінбейтін ауаны қалай ұстау керек?! Атмосфера ауасы қашанда мәңгі таза. Бір жерде ластанса да ауа ағыны оны түпсіз тұңғиық әлемге алып кетеді. Сөйтіп әп-сәтте жоқ болады. Адам табиғаттың бір бөлшегі бола тұрып, оны өзгертуге не болмаса оны қалауынша бағындыруға күйі клмейді.

Адамның іс-әрекеті алып жер шарындағы атмосфера ауасын ластай алмайды. Улы газдар ұшып кетсе, шаң тозаңы жерге қонады. Ауадағы болымсыз газдар айтарлықтай өзгеріс жасай алмайды. Күнде құбылып тұрған климат, ауа, жел ағындары тазартып отырады. Адам ағзасындағы иммунитеттік қасиет сияқты жер шарында да өзін-өзі қалыпқа келтіретін үрдістер болады деп сенемін.

Сөзімді қорыта келе бізге тыныс беріп отырған атмосфера ауасы ластанып, күндердің күнінде уланып қаламыз-ау деп қорықпаймын. Оппоненттеріме де сары уайымға салынбауды айтар едім. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Бастаушы:-келесі сөзді «Озон» тобының спикері Мөлдір ханымға берейік, уақыты 5минут.

Сәлеметсіздерме көрермен қауым! Мен сіздерге «Табиғаттың тарылтпаңдар мөлдір кәусар тынысын!» деген аргументке жауап бермекшімін.

Демографтар адам санының артуы экологиялық мәселелерді қаншалықты ушықтыратынын, жер қанша адамды асырай алатынын, адам санын тежеу үшін қандай биологиялық реттеушілер, әлуметтік бағдарламалар керек екенін зертеуге кірісті.

Біріккен ұлттар есептеулері бойынша жердің сыйымдылығының шегі-10-12 млрд. адам. Қазіргі демографиялық жағыдай XXI ғасырдың ортасында осы көрсеткішке жететінін көрсетіп отыр. Міне, осыдан келіп экологиялық мәселе пайда болды. Жоғарыда біздің құрметті оппонентіміз Әсима ханым «Атмосфера мәңгі таза, ол еш уақытта бүлінбейді, табиғат зңы берік» деп өте ұшқыр пікір айтты. «Атмосфера ауасы құрамындағы газдармен шексіз тұңғиық көкке ұшып жоқ болады» деген дұрыс емес. Жер шарының бетінде ауада сфера түрінде қабат түзіп тұр емес пе? Оның шегі озон қабаты.

Атмосфера ауа қабаты қалай ластанатынын мен сізге айтайын. Адам саны артқан сайын өндіріс дамыды. Нәтижесінде жаңбырдың жаууы, озон қабтының жұқаруы, шөлейттенуі, ормандардың жойылуы, биосфераның тозуы, судың, ауаның, топрақтың ластануы, радиоактивті қалдықтардың көмілуі, т.б.пайда болады.

Қышқыл жаңбыр, өндірістен бөлінген газдардың SO2, CO2, NO2, P2 O5, NH3, т.б.атмосферада су буымен қосылып, H2 CO3, H2 SO3, HNO3, H3 PO4, т.б. қышқылдарына айналады. Ол жаңбыр болып жауады.

Ал ферон газдары (дифтордихлорметан CF2 CL2) озон қабатын жұқартады. Тіпті, Норвегия үстінде озон қабатының тесіктері пайда болғаны анықталған. Озон қабаты бізді ультракүлгін сәуледен, оның ұзын толқынды сәулесінен сақтап тұрады. Ол толқындар тіршілікті жояды. Сонда атмосфераның бұзылмағаны қайсы?! Бұл деген апат. Ешбір соғыссы-ақ жер беті тіршіліктен айырылып қалуы да ғажап емес. Қазір мұзды мұхиттар еріп, деңгейі көтеріліп келе жатқаны экологиялық қарсыздықтан климаттың өзгеруіне байланысты. әлем халқына адам өз қажеттіліктерін табиғи ортаның байлықтарымен шамаластыруы керек. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Бастаушы: - Келесі сөзді «Құбылыс» тобының спикері Жұмагүл ханым алады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдарман қауым.

Мен сөз сөйлеген спикерлерді тыңдай келіп «Табиғат-мәңгілік өзін-өзі реттеуші орта» деген оргумент бойынша ойымды түйіндемекпін.

Жасыл өсімдіктерде фотосинтез үрдісі кезінде үнемі оттек бөлінеді.

Ит тұмсығы өтпейтін тропиктік ормандардан, теңіз бен мұхит планктонынан бөлінген оттек атмосферадағы оттекті үнемі тұрақты сақтап тұрады. Оның үстіне тау жыныстары ыдырағандабөлінетін оттекті қоссақ, біздің ғаламшар оттекке зәру емес деген ойға еріксіз келісесіз.

Біз тұратын аймақтарда қыс бойы жер бетін қар басып жатады. өсімдік жоқ бәрібір оттек жеткілікті. Аязды күндері қардағы терең іздерге үңіліп қарасақ көгілдір нұрға бөлінген ауа қабатын байқаймыз.

Міне, бұл оттектің жеткілікті екенін көрсетеді. Сонда ол қайдан келді? Ойлаңыздаршы!

Біз бұл жерде тағы да табиғатта атмосфера ауасының өздігінен реттелетінін көреміз. Себебі ауа ағыны арқылы оттек мәңгі жаз болатын жақтардан келеді.

Күндердің күнінде ауа тапшылығына тап боламыз-ау деп мен өзім ойламаймын.

Мөлдір ханымның пікірінше фреон (CF2 CL2) газдары өндірістен бөлініп, озон қабатында жарықтар пайда болуда, одан ультракүлгін сәулелерінің ұзын толқындары өтіп кетеді деген қорқынышта екенін байқатты.

Мен таң қаламын. Озон қабаты топырақтан, цементтен немесе ағаштан, т.б. жасалынған қабық емес, жарылса жарылар, бірақ газдар қабаты қалпына келеді. Газ молекулалары қозғалмалы жарық пайда болса сол сәтте тығыз бөлінген диффузия құбылысы бойынша қалпына келеді. Қорқынышты ештене жоқ. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Сұрақтар.


  1. «Озон» тобының қоятын сұрақтары:

а) Ауа қандай газдардан ластанады?

ә) Оттектің химиялық қасиеттері?

б) Айдалған (дистелденген) суды ішу пайдалы ма?

2. «Құбылыс» тобының қоятын сұрақтары:

а) Ауаны таза сақтаудың қандай өндірістік жолдары бар?

ә) Оттектің тұрмыста қолданылуы.

б) Қандай су дем шығарудан лайланады?

Бастаушы:- Сөз кезегі топ жетекшілеріне беріледі. Алдымен «Құбылыс» тобының жетекшісі, Алтынгүл ханым, сөз кезегі сізде.

-Мен сіздерге «Табиғат тіршілік атаулыны мәңгі асырап келген, әлі де тіршілікке берер тынысы мол» деген аргументпен өз тобымның пікірін қорытындылаймын. Біздің топтың спикерлері Әсима ханым мен Жұмагүл ханым өте мазмұнды пікір айтты. Өздерінің жаратылыстану пәндері: химия, физика, география, биологиядан тыңғылықты білімдері бар екенін көрсете отырып, дәлелді пікрлермен жеткізді. Ойлары ұтымды да нанымды болды. Тыңдаушыларын шешендігімен, ойшылдықтарымен риза етті. Ал оппоненттеріміз өз пікірлерін дәлелдеп бақты. Табиғаттың, оның ішінде таза ауаның тапшылығы туады деп сарыуайымға салынулары көп болды. Ал солай болған күнде одан, яғни ауаның ластануынан құтылудың жолын көрсете алмады. Нақты пікірлер ұсына алмады. Кішігірім ұсыныстар болғанмен түбегейлі нанымды ой айта алмады. Шынында басылымдармен теледидар хабарына қарасақ, улы газдармен ауаның ластануын үнемі айтып, ескертулер жасалады. Дақпырт көп, нақты қимылдар аз. Үкімет бюджеттен миллиондап ақша бөліп жатқанын білеміз, бірақ табиғатты, соның ішінде ауаны қорғау үшін мынадай жұмыс тындырылды деп айтылмайды. Ылғида қолға алғалы жатады.

Осыдан-ақ ауаны таза ұстауға керемет бір қадамдар жасалып жатқан жоқтығын білуге болады. Бүкіл ел табиғаттың өз реттелуіне қарап отыр. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Бастаушы:- Келесі сөз «Озон» тобының жетекшісі Ару ханымға беріледі.

-Сәлеметсіздер ме, тыңдарман қауым және оппоненттер.

Мен екі топтың пікірлерін тыңдай келе бүгінгі дебат сайысының «Таза ауа тапшы болмасын» атты тақырыбын аргумент етіп өз ойымды түйіндемекпін. Біздің «Озон» тобының спикерлері Мөлдір ханым мен Назгүл ханым ауа тазалығын қорғау туралы ғылыми терең талдау жасап берді. Өндірістен бөлінген оксидтердің ауада су буымен қосылып, қышқыл жаңбырдың жаууы, фреон газының озон қабатын жұқартуы туралы тамаша пікірлер айтты.

Табиғаттың тозып бара жатқанына өсімдіктер мен жануарлар әлемінде көптеген түрлердің жоғалып кеткені мысал бола алады. Мысалы, өзіміздің Елек өзенінің өңірі нуға толған өсімдіктері, бұлан, бұғы, сілеусін, ақкіс,т.б. жануарлармен күшала, долана, қайындары, судағы шоршыған балықтары көрінбейді. Осыдан 60-70 жыл бұрынғы табиғи келбетін аталарымыздың әңгімесінен естиміз.

Жоғарыда біздің оппонентеріміз «Табиғат тастай қатып өзгермейді, жоғалғанын өзі реттеп толтырып алады» деген ой айтты. Мүлде қате пікір. Табиғаттың тозып бара жатқанын көзіміз күнде жетіп отыр. Жоғалып кеткен аң құстар, өсімдіктер соның айғағы. Адамдардың да жағдайы қоршаған ортамен бірге өзгеріп түрлі аурулар туындап отыр. Табиғаттағы оттектің тбиғи көздері де азайып барады. Керісінше, оттекті тұтыну арта түсуде.

«Құбылыс» тобының жетекшісі Алтынгүл ханымның пікірінше дақпырт көп, іс аз деп үкіметке сын айтты. Істеліп жатқан жұмыстар көп. Қазір қорықтарды қорғау, су көздерін сақтау, көгалдандыру жұмыстарына жасалған үлкен бетбұрыстар бар. Рұқсатсыз табиғатты бүлдірген (ағаш кесу, аң ату,т.б.) адамдар сотталатын заң бар. Өкінішке орай осы жұмыстар қолға кеш алынды.Сөйтсе де көп табиғи қорларымыз құрып кетуден сақталды.

Қорыта келгенде айтарым жасыл әлемді қорғау, топырақты қорғау, суды қорғау бәріде таза ауаны қорғаудың негізгі бөліктері. өзара бөлінбейтін біртұтас әлем. Ол біздің және келер ұрпақтың алтын бесігі, оны қорғайық демекпін. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Бастаушы:-Қортынды сөз химия пәнінің мұғалімі Жакудина Әлия Ерғалиқызына беріледі.

-Дебат сабағы оқушыларымыздың көп ізденістерін туғызды. Көріп отырғанымыздай тамаша білім және шешендік сайыс болды. Бағасын төрешілеріміз айта жатар. Менің қосарым – біз ғаламшардағы барлық тіршілік иелері, ең бірінші табиғатқа қарыздармыз. Себебі ол - біздің алтын бесігіміз, анамыз. Табиғат - таланты оятушы көркем өнердің өзегі. Табиғатта жас баладай мейірімді, аялы алақанды күтімді қажет етеді. Табиғатпен тіл табыса білу қажет.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтатын тілі жоқ» деген сөз бар. «Күте білсең жер жомарт», «Таза ауа-жанға дауа» деген мақал бекер айтылмаған.



Ата-бабамыз ұланғайыр қазақ жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап бізге қалдырды. Біз келер ұрпақтың алдында табиғатты таза сақтап қалуға міндеттіміз. Әрбір Қазақстан азаматы өз ұлтының келешегі үшін қалдырар мұрасы табиғат екенін білу керек. «Қазақстн-2030» бағдарламасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында табиғатты қорғау өзекті мәселе болып көтерілген.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет