Түбір өзектерді обтурациялайтын материалдар (силерлер). Жүйесі. Пластикалық қатаятын материалдар. Құрамы, қасиеттері. Түбір өзектерді уақытша обтурациялау. Көрсеткіштері. Қолдану әдістері



жүктеу 74.34 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі74.34 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




Модуль – терапиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пән, пәннің коды - терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық - 051302 «Стоматология»



«ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ»


ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ


Тақырыбы: Түбір өзектерді обтурациялайтын материалдар (силерлер). Жүйесі. Пластикалық қатаятын материалдар. Құрамы, қасиеттері. Түбір өзектерді уақытша обтурациялау. Көрсеткіштері. Қолдану әдістері. Түбір өзектерді тұрақты обтурациялауға арналаған материалдар. Пластикалық қатаятын материалдар. Құрамы, қамиеттері. Пломбылау әдістері. Гуттаперча. Құрамы, қасиеттері. Гуттаперча көмегімен түбір өзектерді обтурациялау. Термафильды обтурация жүйесі. Пломбылау техникасы.

Оқу сағаттың саны – 30 сағат
Курс - 4

Семестр - 7

Алматы, 2011
Дәріс жинағын дайындағандар: д.м.н. проф. Баяхметова А.А., к.м.н. доц. Кунанбаева Т.С., к.м.н. доц. Баскакова И.В., к.м.н. доц. Сагатбаева А.Д.,
Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «___31___» ___тамыз__________ 2011 ж.


Модульдің жетекшісі

М.ғ.д., проф. _________________Баяхметова А.А.



15 дәріс.

1.Тақырыбы: Түбір өзектерді обтурациялайтын материалдар (силерлер). Жүйесі. Пластикалық қатаятын материалдар. Құрамы, қасиеттері. Түбір өзектерді уақытша обтурациялау. Көрсеткіштері. Қолдану әдістері. Түбір өзектерді тұрақты обтурациялауға арналаған материалдар. Пластикалық қатаятын материалдар. Құрамы, қамиеттері. Пломбылау әдістері. Гуттаперча. Құрамы, қасиеттері. Гуттаперча көмегімен түбір өзектерді обтурациялау. Термафильды обтурация жүйесі. Пломбылау техникасы.

2.Мақсаты: Түбір өзектерді обтурациялайтын материалдардың жүйесін, құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, түбір өзектерді уақытша және тұрақты обтурациялау әдістерін оқып білу.

3.Дәрістің тезистеріі:

Түбір өзектерді обтурациялайтын материалдар:

  1. пластикалық қатаймайтын қойыртпақтар – уақытша обтурациялайтын материалдар.

  2. пластикалық қатаятын материалдар:

    • құрамында фенол-фоормалины бар

    • құрамында мырыш тотығы және эвгенол бар

    • құрамында қальций гидроксиды бар

    • құрамында полимерлер және шайырлар бар

    • шыныиономерлі цементтер

  1. қатты толтырғыштар (филлерлер)

  • альфа- және бетта фазадағы гуттаперча

  • күміс штифттер

  • титан штифттер

  • акрил штифттер

  • шыныталшықты штифттер

Пластикалық қатаятын материалдар

  • Түбір өзектерді жеке толтырғыш ретінде қолдануға болады

  • Герметиктің (силердің) рөлін атқарады – филлердің (штифттің) және түбір өзектің қабырғаларының арасын толтырады

Қойыртпақтарды штифттсіз қойғанда бір неше кемшіліктер болуы мүмкін:

  • Түбір өзекті үшөлшемді толтыруы қиын;

  • Пломбылық материал түбір ұшының сыртына шығып кетуі мүмкін;

  • Материалдың отыруы

  • Материалдың қатаюының алдында және қатайғаннан кейін сорылуы мүмкін.

Пластикалық қатаятын материалдарға қойылатын талаптар:

  • Түбір өзектің қабырғасына жақсы жабысу керек;

  • Түбір өзекке оңай кіргізу;

  • Макро- және микроөзекшелерін толық жабу;

  • Кеңісті тұрақтылық;

  • Рентеноконтрасттігі;

  • Қатайғаннан кейін отырмауы;

  • Толтырғыштың көлемі ұсақ;

  • Тістің қатты тіндері боялмау керек;

  • Бактериостатикалық қасиеті;

  • Тез қатаймауы;

  • Ауыз сұйықтығы әсерінен сорылмайды;

  • Периодонт тіндеріне толерантты;

  • Түбір өзектен шығару үшін арнайы реактивтерде еруі;

  • Иммунды жауапты шақырмау керек;

  • Тератогенді және мутагенді қассиеттері болмау керек.

Құрамында фенол-фоормалин бар материалдары:

  • Цитоуыттығы;

  • Мутагендігі;

  • Формокрезолдың және формальдегидтың канцерогендігі;

  • Организмде жүйелі таралуына мүмкіндігі (периодонт, лимфа түйіндері, бүйрек, бауыр және т.б.);

  • Аллергиялық реакциялары жиі кездеседі;

  • Тістің қатты тіндері боялады.

Құрамында мырыш тотығы және эвгенол бар материалдары:

  • Жұмсақтығы;

  • Рентгеноконтрасттігі;

  • Дененің температурасынан тез қатаяды;

  • Бактерияларға және қабынуға қарсы қасиеттері;

  • Периодонт тіндерін тітіркендірмейді;

  • Апикальды тесігікең болса сорылуы мүмкін;

  • Мутагенді және цитотоксиялық қасиеті.

Құрамында қальций гидроксиды бар:

  • Тітіркендірмейді;

  • Сорылу қасиеті аз;

  • Остеогенді қасиеті бвр

  • Бактерияларға және қабынуға қарсы қасиеттері.

Құрамында полимерлер және шайырлар бар:

Қолданатын шайырлар:

  • синтетикалық,

  • эпоксидті,

  • акрил,

  • полиэтиленді,

  • поливинилды.

Шыныиономерлі цементтер:

Түбір өзекті уақытша обтурациялау

Емдік қасиеттері бар пластикалық қатаймайтын материалдармен түбір өзекті толтыру, бір тәуліктен бірнеше айға дейін.



Негізгі мақсаттары:

  • антисептикалық қасиеті,

  • қабынуға қарсы қасиеті,

  • регенеративті белсенділігін жоғарлату,

  • бір қабылдауда толық өңдеуге мүмкіндік болмаса түбір өзекті оқшалау.

Қойылатын талаптар:

  • оңай кіргізу,

  • микробтарға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері;

  • ұзақ уақытем нәтижесі;

  • периодонт тіндерін тітіркендірмейді;

  • оңай шығады.

Гуттаперча

  1. гуттаперча 18-22 %

  2. балауыздар және шайырлар 1-4 % жұмсақ болу үшін

  3. металл сульфаты 1-15 % рентгеноконтрасттігі үшін

  4. мырыш тотығы 59-76 % негізгі компонент ретінде

  5. биологиялық бояқтар және тотықсыздандырмайтын заттар.

Гуттаперчаның түрлері:

  1. альфа-түрі – 42-49°С жұмсарады

  2. бета-түрі – 53-59°С жұмсарады

  3. гамма-түрі – 56-62°С жұмсарады.

Тек қана силерлермен бірге қолданылады.

4. Иллюстративты материалы: мультимедийлі түрінде презентация

5. Әдебиеттер:



  1. Базикян Э.А. Практическое руководство по эндодонтии. – М., 2007.

  2. Бир Р., Бауман М.А., Киельбаса А.М. Иллюстрированный справочник по эндодонтии. – М.: МЕДпресс-информ, 2006.

  3. Борисенко А.В. Терапевтическая стоматология в 4-х томах. Том.1. Фантомный курс. – Киев, 2009.

  4. Горячев Н.А. Консервативная эндодонтия. – М., 2002.

  5. Гутман Д.Л., Думша Т.С., Ловдэл П.Э. Решение проблем в эндодонтии. М.: МЕДпресс-информ, 2008.

  6. Данилина Т.Ф., Касибина А.Ф. и др. Дентальные вращающиеся инструменты. - Волгоград, 2002.

  7. Дмитриева Л.А. Азбука пломбировочных материалов. – М., 2006.

  8. Иорданишвили А.К. Заболевания эндодонта, пародонта и слизистой оболочки рта. – М., 2008.

  9. Ламли Ф. Практическая клиническая эндодонтия (пер. с англ.). – М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Түбір өзектерді толтыратын пломбылық материалдардың жүйесі.

  2. Түбір өзектерді уақытша толтыратын пломбылық материалдардға қойылатын талаптар.

  3. Түбір өзектерді уақытша толтыратын пломбылық материалдардың жүйесі.

  4. Түбір өзектерді тұрақты толтыратын пломбылық материалдардың жүйесі.

  5. Құрамында кальций гидроокись бар пломбылық матриалдардың қасиеттері, артықшылықтары және кемшіліктері, дайындау және пломбылау әдісі.

  6. Құрамында эвгенол бар пломбылық матриалдардың қасиеттері, артықшылықтары және кемшіліктері, дайындау және пломбылау әдісі.

  7. Құрамында эпоксидты шайырлар бар пломбылық матриалдардың қасиеттері, артықшылықтары және кемшіліктері, дайындау және пломбылау әдісі.

  8. Альфа-фазадағы гуттаперчаның қасиеттері, артықшылықтары және кемшіліктері, дайындау және пломбылау әдісі.

  9. Бетта-фазадағы гуттаперчаның қасиеттері, артықшылықтары және кемшіліктері, дайындау және пломбылау әдісі.



беттің беті




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет