Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров төңкеріс болған Нигерден шыға алмай қалған екі қазақстандық әйелге қатысты пікір білдірді. Министрлік өкілі мәлімдегендей, Нигердегі әскерилер олардың паспортын алып, қайтармаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: euronews

Ресми өкіл қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін, 9-12 қаңтар аралығында Қазақстанның Египеттегі консулы Нигер астанасына барғанын хабарлады. Консул сыртқы және ішкі істер министрліктерінің өкілдерімен және елдің қарулы күштерінің бас штабының басшылығымен кездескен.

“2023 жылдың шілдесінде сол елде болған әскери төңкеріске байланысты Нигердің мемлекеттік органдармен жұмыс істеуде бірқатар мәселелер туындады. Біздің дипломаттар Нигердің тиісті органдарына ресми сауал жолдап, өз құзіреттері шеңберінде отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша шаралардың бәрін қарастырып жатыр. Біздің азаматтар тұтқындалған жоқ және олардың қозғалысына еш шектеу қойылмаған. Екі азамат да қонақүйде тұрады. Жергілікті әскерилер олардың паспортын алып алған. Біз бұл мәселені шешуге бар күшімізді салып жатырмыз", – дейді ол.

Айта кетейік, былтыр шілде айының соңында әскерилер Нигердің қазіргі президентін тақтан тайдырып, елдегі билікті басып алған еді.  Әскерилер конституция күші мен барлық мемлекеттік мекемелердің тоқтатылатынын, елдің батыс Африкадағы шекараларының жабылатынын хабарлады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.