Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысанын бекіту туралы



жүктеу 482.95 Kb.
бет1/2
Дата02.05.2019
өлшемі482.95 Kb.
  1   2



Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысанын бекіту туралы



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 62) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу  шартының үлгілік нысаны;

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық мыналарды қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы «___» ______
№ ___бұйрығына

қосымша



Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен

көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысаны

№___

_________________  20__ жылғы « »        

(орналасқан жері)

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, ______________________ негізінде әрекет ететін, ______________________________________________________________ атынан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ («Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың _________________________ облысы/қаласы бойынша филиалы) бір тараптан және бұдан әрі «Қызметтер беруші» деп аталатын, ______________________ негізінде әрекет ететін, __________________________________________________________ атынан ___________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы


7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуеттік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру (орналастырмау) қорытындысы туралы 20 __ жылғы «__» _________ хаттаманың негізінде осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:



  1. Шарттың мәні




  1. Қызметтер беруші __________________(______________________________ ) теңге

(жазбаша)

cомасына 20__ жылғы ____________ бастап 20__жылғы ___________ дейін осы Шартқа 1-қосымшаға және 2-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді тұтынушыларға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) көрсетеді.

2. Тапсырыс беруші Ақы төлеу қағидаларында және осы Шартқа 2-қосымшада айқындалған тәртіпте және мерзімде көрсетілген қызметтер үшін Қызметтер берушіге ақы төлеуді жүзеге асырады.

3. Көрсетілген қызметтерге қосымша құн салығы салынбайды.

4. Қызметтер көрсетілетін жер (өндірістік база):

________________________________________________________________________________



(Қызметтер берушінің өндірістік базасының мекенжайы көрсетілсін)



  1. Ақы төлеу тәртібі




  1. Көрсетілген қызметтер үшін Қызметтер берушіге ақы төлеу Ақы төлеу қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша, көрсетілген қызметтердің актісі негізінде:

  1. шарттың талаптарын орындау мониторингтың нәтижелері, оның ішінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтың;

  2. медициналық қызметтердің сыртқы сараптаманың нәтижелері (болған жағдайда) есепке алынып, жасалады.

  1. Тарифтің мөлшерін, оның қолданылуы мен таралуын осы Шарттың қолданылу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қайта қарауы мүмкін.

  2. Көрсетілген қызметтерге шот-тізілімдерді, осы Шартты орындау хаттамаларын көрсетілген қызметтердің актілерін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қол қоюына рұқсат етіледі.

  3. Қызметтер беруші шартты орындау хаттамасы мен көрсетілген қызметтер актісін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларға қол қояды не жазбаша түрде ұсынылған дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қол қоюдан бас тартады.

  4. Қызметтер берушіні аванстау (алдын ала ақы төлеу) осы Шартқа 3-қосымшаға және Ақы төлеу қағидаларына сәйкес кесте бойынша жүзеге асырылады.

  5. Қызметтер беруші осы Шартқа 2-қосымшада көзделген соманы асырған жағдайда көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу Ақы төлеу қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен осы Шарттың орындалуын бағалаудың сызықтық шкаласы қолданыла отырып, жүзеге асырылады.

  6. Сапа мен көлемді мониторингін, медициналық қызметтердің, сондай-ақ осы жылдың желтоқсан айында көрсетілген қызметтердің сыртқы сараптамасын өткізуіне байланысты осы Шарт қолданылатын кезеңіне ақы төлеуге қабылданбаған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілген жағдайлар үшін ақы төлеу осы Шарттың қолданылу жылынан кейінгі келесі жылында жүргізіледі.

  7. Қызметтер берушіде осы Шартта көзделмеген өз шығыстарын өтеуді Тапсырыс берушіден талап ету құқығы жоқ.



  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері




  1. Қызметтер беруші:

  1. осы Шартқа 1-қосымшаға және 2-қосымшаға сәйкес көлемде және мерзімде осы Шарттың мәніне сәйкес:

  • Денсаулық туралы кодекстің 34-бабы 1-тармағының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне (бұдан әрі – ТМККК тізбесі) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;

  • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға және егер Денсаулық туралы кодекстің 88-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде ТМККК алу құқығы барларға медициналық қызметтер көрсетуге;

  1. дәлелді медицинаның қағидаттарын, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, стандарттарын және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, сапалы медициналық көмек көрсетуге;

  2. медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға, оның ішінде, мамандар болмағанда және медициналық техниканың уақытша жарамсыздығы жағдайында медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз етуге;

  3. жалпыға бірдей көрінуі үшін өндірістік базаның қолжетімді жерлерінде және Қызметтер берушінің өз интернет-ресурсында:

  • медициналық көмек ұсынудың түрлері мен нысандарын көрсете отырып, медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемі туралы;

  • осы Шартқа сәйкес ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетудің талаптары туралы көрнекі ақпаратты орналастыра отырып, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынуға;

  1. ТМККК және МӘМС-тің медициналық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндіру ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін дәрілік заттарды (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) және медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануға;

  3. осы Шарт бойынша қаражаттың кірістері мен шығыстары бойынша және өзге міндеттемелер бойынша кірістер, шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге;

  4. Тапсырыс берушінің талабы бойынша осы Шарттың талаптарының орындалуын мониторингтеуді, оның ішінде медициналық қызметтердің сапа мен көлемі бойынша шарттылық талаптарын мониторинглеу үшін жүзеге асыруға өндірістік базаға (-ларға) һажеттілікте әкімшілік бөліміне қолжеткізуді қамтамасыз етуге;

  5. Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша осы Шарттың талаптарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы, оның ішінде нақты шығыстар бойынша ақпаратты ұсынуға;

  6. Тапсырыс берушінің талабы бойынша осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бірлесіп орындаушылар жөніндегі қажетті құжаттаманы (шарттардың, төлем құжаттарының көшірмелері, медициналық құжаттама және тағы басқалары) ұсынуға;

  7. осы Шарттың талаптарын орындау үшін айлық қажеттіліктен кем емес көлемде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттардың, тамақ өнімдері азаймайтын қорына ие болуға;

  8. медициналық көмек көрсету үшін қажетті техникалық ақаусыз санитариялық және қосалқы автокөліктің болуын қамтамасыз етуге;

  9. қызметтерді көрсеті кезде өндірістік базаға, білікті мамандарға ие болуға;

  10. ақпараттық жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препаратардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың келіп түсуін есепке алу және жұмсалуын дербес есепке алу жүйесін қамтамасыз етуге;

  11. Тапсырыш берушіні тез арада, бірақ мынадай:

-сенімгерлік басқаруға беру;

- ұйымның қызметін немесе медициналық қызметтің түрін тоқтата тұру;

-тарату, қайта ұйымдастыру;

- ұйымның атауын, орналасқан жерін өзгерту;

- банк деректемелерін өзгерту;

- осы Шарттың талаптарының орындалуына кедергі келтіретін жағдайларының келіп түскен кезіне дейін кем дегенде бір ай қалғанда хабардар етуге (көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып);

  1. осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаржылай қаражаттың болмауы немесе жеткіліксіз болу қауіптеріне жол бермеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;

  2. ағымдағы жылдың 30-ы күніне дейін жұмыскерлерге ай сайын жалақы төлеуді жүзеге асыруға;

  3. сараланған еңбекақы төлей отырып, персоналдың ынталандырылған еңбегін және персоналды қол жеткізген еңбек нәтижелері мен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін көтермелеуді қамтамасыз етуге;

  4. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары мен осы Шартқа сәйкес осы Шарттың талаптарын орындау үшін тартылған бірлесіп орындаушылардың алдындағы міндеттемелерді тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

  5. тартылған бірлесіп орындаушылардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға, оның ішінде дәрігерді еркін таңдау құқығы бойынша медициналық көмекті ұсынуын қамтамасыз етуге;

  6. іссапарлық шығыстарға арналған шығындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақтылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге;

  7. мынадай:

қызметкерлерге еңбекақы төлеу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды төлеу;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға арналған шығыстар;

тамақтануға арналған шығыстар;

ұйымның коммуналдық шығыстары;

өзге де шығыстар басымдықтары реттілігімен ақшалай түсімдердің, оның ішінде аванстың жұмсалуын қамтамасыз етуге;

  1. денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына, интернет-ресурстарға (байланыс арналары мен қол жеткізу нүктелері) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

  2. өз интернет-ресурсымен (сайтымен) қамтамасыз етуге;

  3. ұйымдастырушылық техникамен, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу үшін жауапты кадрлармен қамтамасыз етуге;

  4. осы Шарттың талаптарын орындаумен байланысты, оның ішінде осы Шартқа
    5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық жүйелеріне деректерді енгізудің уақтылығын, нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;


  5. денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде бар көрсетілген қызметтер жөніндегі дербес деректерге санкцияланбаған қол жеткізудің алдын алуды қамтамасыз етуге;

  6. Тапсырыс берушіні жазбаша нысанда осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мүмкінсіздігіне байланысты барлық мән-жайлар мен себептер туралы тез арада хабардар етуге;

  7. пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

  8. пациенттерге медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз етуге;

  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 758 бұйрығымен бекітілген Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері туралы ережеге сәйкес сапаға зертханаішілік бақылау жүргізуді және сапаны сырттай бағалауға қатысуды, сондай-ақ түрлері мен көлемі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуге;

  10. пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп болмаған жағдайда, ағзалар мен жүйелердің кенет және айқын бұзушылықтарысыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған пациенттің жай-күйлері кезінде шақырулар жеделдігінің 4-санатына қызмет көрсету үшін бекітілген халыққа тәуліктік кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге (амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде қызметтер берушілер үшін қолданылады);

  11. отбасылық қызмет көрсету қағидатын енгізуді қамтамасыз етуге (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсеткен кезде қызметтер берушілер үшін қолданылады);

  12. амбулаториялық деңгейде дәрілік заттарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік өнімдері бар халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес рецептерді жазу арқылы медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге (амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде қызметтер берушілер үшін қолданылады);

  13. меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілерді донорлық қанның компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етуге (қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау жөніндегі қызметтерді көрсететін қызметтер үшін);

  14. медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, оны жасаған күні медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша қорытындыда (бұдан әрі - қорытынды) қабыл алмауды жазбаша жазуға;

  15. қорытындыны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге жазбаша түрде уәжделген бас тартуды ұсынуға. Денсаулық сақтау субъектісі белгіленген мерзімде жазбаша қарсылықты ұсынбаған жағдайда қорытынды келісілген және Қызметтер берушімен қабылданған деп саналады.

  16. санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен талаптарды сақтауға;

  17. уәкілетті орган Қызметтер берушіде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде сәйкессіздік туралы қорытындыны айқындаған жағдайда осындай фактілер айқындалған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарлауға;

  18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға азаматтарды бекіту қағидаларына сәйкес халықты бекітуді қамтамасыз етуге (МСАК қызметтерін сатып алу кезінде);

  19. ауруларды басқару бағдарламасын енгізу және (немесе) патронаж қызметтінің әмбебап – прогрессивтік моделін енгізуін қамтамасыз ету (МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін);

  20. ТМККК кіретін қызметтерге халықтан ақы алған жағдайда Қызмет берушімен осы факті анықталған сәттен бастап, пациентке көрсетілген қызмет сомасы мөлшерінде өтеуді және 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсырыс берушіге пациентке өтелген сомасының растау құжаттарын жіберуді қамтамасыз ету;

  21. в случае выявления Заказчиком факта взимания оплаты с населения за услуги, входящие в ГОБМП, обеспечить возмещение пациенту суммы в размере стоимости оказанной услуги и направление Заказчику документального подтверждения возмещения суммы пациенту в срок не позднее 10 календарных дней с момента выявления данного факта;

  22. заңнамада және осы Шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

  1. Қызметтер беруші:

  1. осы Шарттың талаптарына және Ақы төлеу қағидаларына сәйкес ақы алуға;

  2. көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміктер денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерімен шарт жасасу арқылы осы Шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындаушыларды тартуға;

  3. медициналық емес қызметтер көрсету үшін осы Шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындауларды тартуға;

  4. осы Шарттың талаптарын түсіндіру үшін Тапсырыс берушіге жүгінуге;

  5. осы Шартқа сәйкес өзге де іс-қимыл жасауға құқылы.

  1. Тапсырыс беруші:

  1. шарттық міндеттемелер талаптарының орындалуына, оның ішінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтеу жүргізуге;

  2. Ақы төлеу қағидаларында және осы Шартта көзделген тәртіпте және мерзімде Қызметтер берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізуге;

  3. Ақы төлеу қағидасына сәйкес көрсетілген қызметтердің актілері бойынша ақы төлеуге қабылданған сомалардан бұрын төленген авансты ұстап қалуды жүргізуге;

  4. Қызметтер берушінің сұрау салуы бойынша осы Шарттың талаптары туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.

  1. Тапсырыс беруші:

  1. Қызметтер берушінің шарттық міндеттемелер талаптарының орындалуына мониторингтеу жүргізуге, оның ішінде осы Шарттың талаптарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сәйкестігін бағалау мақсатында денсаулық саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері және Тапсырыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес осы Шарт бойынша қызметкерлерге жалақы төлеуді жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізу, осы мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес көрсетілген қызметтерге ақыны төлемеуге немесе тоқтата тұруға;

  2. осы Шарт бойынша Қызметтер берушінің міндеттемелерінің тиісінше орындалмауы туралы ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға, егер мұндай бұзушылықтар көрсетілген медициналық органдардың құзыретіне жатса, жіберуге;

  3. осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен осы Шартты бұзуға құқылы.



  1. Тараптардың жауапкершілігі




  1. Қызметтер беруші:

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тапсырыс берушіден алған қаражатты нысаналы пайдаланбағаны үшін;

  2. осы Шарттың 14-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін;

18.Осы Шарттың 22-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда:

1) Қызметтер беруші мынадай жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлейді:

- осы шарттың 14-тармағының 1)-40), 42) тармақтарымен көзделген міндеттемелерді орындамағанға немесе тиісінше орындамағанға – осы Шарттың жалпы сомасынан 0,5 %, бірақ Шарттың жалпы сомасынан 1%-дан аспайтын мөлшерде;

- Қызметтер берушіге халықты бекіту кезінде (МСАК қызметтерін сатып алу кезінде) негізсіз бас тарту, Қызметтер берушіден халықты бекітуден заңсыз шығару – амбулаторлық-емханалық көмекті көрсетуге жан басына шаққандағы 20 еселік кешенді норматив мөлшерінде;

- Тапсырыс берушімен ТМККК-не кіретін қызметтерге халықтан ақы алған факті анықталған жағдайда;

2) Тапсырыс беруші Ақы төлеу қағидасына сәйкес соманы ұстап қалады.

19.Тапсырыс беруші Ақы төлеу қағидаларында және осы Шартта көзделген тәртіппен Қызметтер берушіге уақтылы ақы төлемегені үшін жауапты болады.


  1. Қызметтер беруші шот-тізілімді уақтылы бермеген жағдайда Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төлемдерді кейінгі қалдыру құқығын өзіне алады.

  2. Осы шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

  3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жасалған шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бөлігін орындау үшін Қызметтер берушінің үшінші тұлғаларды тартуы оны осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жауапкершіліктен босатпайды.




  1. Тараптардың өзара қатынастарының тәртібі




  1. Тапсырыс беруші мен Қызметтер беруші тікелей келіссөздер процесінде осы Шартты іске асыру кезінде олар арасында туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды шешу үшін күш салады.

  2. Осы Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар бойынша дауды реттемеген жағдайда, Тапсырыс беруші мен Қызметтер беруші Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұндай дауды шешуге құқылы.



  1. Шартты өзгерту мен бұзу




  1. 31. Өзгерту Сатып алу қағидасында көзделген негіздемелер бойынша және мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) қызметтер беруші келіскен жағдайда көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемі немесе тізбесін арттыру;

2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімінің жартысы кезеңіне көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен белгіленген медициналық көмектің белгілі бір түрі немесе нысанының қызметтерді беруші отыз пайыздан астамын уақтылы көрсетпеген жағдайда көрсетілген қызметтерді сатып алу шарты бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемі немесе тізбесін азайту;

3) денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелердің бөлігін орындаудан бас тартуы;

4) уәкілетті бекіткен тарифтерді өзгерту;

5) БХТ порталында бекітілген халықтың саны және (немесе) жыныстық-жастық құрылымы өзгергенде (МСАК көрсететін қызметтер берушілер үшін қолданылады) (тоқсанына 1 реттен жиі емес);

6) пациенттердің тізімдік саны өзгергенде (кешенді тариф бойынша ақы төлеген кезде қызметтер берушілер үшін қолданылады) (тоқсанына 1 реттен жиі емес);

7) Денсаулық туралы кодекстің 7-бабы 1-тармағының 11)-тармақшасының негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін бұйрыққа сәйкес түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларына байланысты МСАК қызметтер берушілерінің қызметкерлерін ынталандыруға арналған сома өзгергенде (МСАК қызметтер берушілері үшін);

8) осы Шарттың талаптарын орындауға кедергі келтіретін жағдайларда Қызметтер беруші қызметін немесе медициналық көмек түрін тоқтатқанда,;

9) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес қайта ұйымдастырылатын денсаулық сақтау субъектісінің міндеттемелерінің құқықты мирасқорлығы жағдайында денсаулық сақтау субъектісін қайта ұйымдастыру;

10) халықтың еркін таңдау және (немесе) шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмектің өсуі нәтижесінде ТМККК көзделген көлемінің үстінен көрсетілген медициналық қызметтерді өтеу үшін қосымша ақша қаражатын бөлу;

11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидасы) сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу нәтижелері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемін азайту;

12) медициналық көрсетілетін қызметтер көлемдері мен қаржылық міндеттемелердің орындалуына салыстыру жүргізу нәтижелері бойынша қалыптастырылған салыстыру актілерінің негізінде, оның ішінде алдын алуға болмайтын өлім жағдайларын қоспағанда, сапа және көлем бойынша мониторингтеу;

13) Қызметтерді сатып алу қағидасында және осы Шартта көзделген өзге жағдайларда.

Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жазбаша түрде қосымша келісімді жасасуарқылы енгізіледі.

Бөліну немесе бөлу арқылы денсаулық сақтау субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда, онда жаңадан туындаған денсаулық сақтау субъектілерімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қосымша келісім оларды деректер базасына енгізгеннен кейін жасасады.


  1. Осы Шартты Тапсырыс берушінің бұзуы үшін мынадай жағдайлар:

  1. мынадай:

  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе өзге де мемлекеттік органдардың тарапынан медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік бақылаудың нәтижесі бойынша тоқтату туралы актілер жарияланған жағдайда:

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес Қзыметтер берушінің медициналық қызметке арналған лицензиясының қолданылуын тоқтату немесе одан айыру;

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін жағдайлар;

2) жалған мәліметтерді, оның ішінде өндірістік базасының, тиісті медициналық қызметтерді көрсетуге лицензияның қосымшасының, медициналық техниканың, кадрлардың жіне өзге де тиісті медициналық қызметтерді көрсетуге қажетті жағдайлырының болмауы, фактілері анықталған кезде

3) Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша шарттың медициналық қызметтердің сапа мен көлемдері бойынша талаптарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін медициналық мекемеге кіруді бермеген жағдайда;

4) қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу шеңберінде қажетті құжаттаманы, оның ішінде нақты шығыстар туралы ақпаратты қордың сұрау бойынша бермеген жағдайда;

5) қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу шеңберінде бірлесіп орындаушылар бойынша қажетті құжаттаманы (шарттардың, төлем құжаттардың, медициналық құжаттамалардың көшірмедері және т.б.)қордың сұрау салуы бойынша бермеген жағдайда;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар негіз болып табылады.

Осы Шарт оның 31-тармағында көзделген негіздер бойынша, Тапсырыс берушінің Қызметтер берушіге осы Шартты бұзуға дейінгі күнтізбелік он бес күн қалғанда жазба түрде хабарлама жүберуі арқылы бұзылады, хабарламаны жіберген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң осы Шарт бұзылды деп есептеледі.

Осы тармақтың бірінші бөліктің 1) – 5)-тармақшаларында қарастырылған негіздері бойынша Қормен бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға дейінгі күнтізбелік он бес күн қалғанда жазба түрде хабарлама жүберуі арқылы бұзылады, хабарламаны жіберген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң осы Шарт бұзылды деп есептеледі.

Егер Тапсырыс беруші Тараптар келісімі бойынша қызметтерді сатып алу шартын бұзуға келісім бермеген жағдайда Қызметтер беруші көлемдерді қайта бөлуге мүмкіндік болғанша осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындай береді.

Егер Тапсырыс беруші Қызметтер берушінің бастамашылығымен қызметтерді сатып алу шартын бұзуға келісім бермеген жағдайда Қызметтер беруші көлемдерді қайта бөлуге мүмкіндік болғанша осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындай береді.

Осы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптар қол қойған жазбаша түрдегі қосымша келісім жасасу арқылы енгізіледі.



  1. Осы Шарттың медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын өзгерту немесе толықтыру нәтижесінде тоқтатылуы немесе өзгертілу мүмкін. Бұл ретте, осы Шарттың қолданылуы егер өзгесі заңнамада белгіленбесе, бұндай өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап тоқтатылады немесе өзгертіледі.

7. Жойылмайтын күш жағдайлары


28. Тараптар егер табиғи және/немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-қимылды қоса, бірақ олармен шектелмей, жойылмайтын күш жағдайларының әсері нәтижесінде орындау және/немесе тиісінше орындау мүмкін емес болса, осы Шарт бойынша өз міндеттмелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

29. Жойылмайтын күш жағдайларына:

1) қызметтер берушінің қасақана және абайсыз іс-қимылдарынан туындаған оқиғалар;

2) қызметтер берушінің алдын ала болжауына және жоюына болатын оқиғалар жатпайды.

30. Жойылмайтын күш жағдайлары туындаған кезде Қызметтер беруші бір жұмыс күнінің ішінде Тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жібереді.

31. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының жойылмайтын күш жағдайлары туындағанын растайтын ресми құжаттары жойылмайтын күш жағдайларының дәлелі болып табылады.

32. Уақтылы хабарламау Қызметтер берушіні осы Шарт бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде осы Шарттың 28-тармағында көзделген мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

33. Жойылмайтын күш жағдайлары тоқтағаннан кейін Қызметтер беруші дереу осы шарт бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыруды қайтадан бастайды және осы Шарттың


28-тармағында көзделген жағдайлар тоқтағаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде Тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды.



  1. Қорытынды ережелер

34. Қызметтер берушінің Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында және осы Шартта көзделген тәртппен дерекқордағы бірлесіп орындаушыларды тартуды қоспағанда, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не ішінара беруге құқығы жоқ.

35. Тапсырыс беруші Қызметтер берушінің қызметіне араласпай, оның ішінде Қызметтер берушінің өндірістік базасына және қажеттілікте әкімшілік бөліміне барып және Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы Шартқа қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен кез келген уақытта көрсетілетін медициналық көмектің барысы мен сапасын тексеруге құқылы.

36. Осы шартпен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

37. Егер осы Шарттың нормалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына қайшы келсе, онда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары қолданылады.

38. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалды, олардың екі данасы – Тапсырыс беруші үшін, бір данасы – Қызметтер беруші үшін.

39. Хат алмасу және Тараптар алмасатын осы Шартқа жататын өзге құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуға тиіс.

40. Осы Шартқа сәйкес басқа Тарапқа жіберілетін Тараптардың хабарламалары кейін түпнұсқалары ұсынылып, пошталық байланыс, факс, веб-портал және өзге де коммуникация құралдары арқылы жіберіледі.

41. Осы Шарт оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы
__ ___________ бастап 20__ жылғы ___ _________ дейінгі туындалған қатынастарға қолданылады.



  1. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері



Тапсырыс беруші
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

__________________________/______________


Мөрдің орны


Қызметтер беруші

____________________________


______________________/__________

Мөрдің орны





Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуеттік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысанына

1-қосымша

Нысан
Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің тізбесі


Р/с



Көрсетілетін қызметтің атауы

Медициналық көмектің түрі

Медициналық көмектің нысаны

Ақы төлеу қағидасына сәйкес ақы төлеу түрлеріне байланысты қызметтердің түрлері

Медициналық көрсетілетін қызметтердің құны

Шарттың сомасы, теңге

1.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтаныдру жүйесінде медициналық көмек көрсету
















Тапсырыс беруші
____________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
_________________________/___________
(Басшы немесе онымен уәкілеттелген түлға, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/

қолы)


Мөрдің орны

Қызметтер беруші
_________________________________
(қызметтер берушінің атауы)
_______________________/__________
(Басшы немесе онымен уәкілеттелген түлға, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/

қолы)
Мөрдің орны(бар болса)



Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуеттік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысанына



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет