Тегісжол ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының



жүктеу 14.09 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі14.09 Kb.

Тегісжол ауылдық кітапханасы

Тегісжол ауылдық кітапханасы

мектеп ғимаратының

25 кв.м көлеміне орналасқан
Тегісжол елді-мекені Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық әкімшілігіне қарайды. Алғабас ауылының оңтүстігінде 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұрынғы Киров колхозының ізіндегі егістік шаруашылығы дамыған, малға шұрайлы, жері құнарлы ауыл болған. Тегісжол ауылының ертедегі аты - Горбунов деген байдың атымен аталған.

Горбунов ауылдық кітапханасы 1974 жылы ашылып кітапхана қызметін Сәуле Сүндетова атқарды. Ауыл кітапханасы мектептің ғимаратында орналасқан.



1997 жылдардан Горбунов ауылдық кітапханасында Бисенғалиева Дәмелі жұмыс жасап, ауыл тұрғындар арасында жоғары дәрежеде қызмет көрсетіп отыр. 2003 жылы 3 наурызынан Мәдениет бөлімінің №16 бұйрығының негізінде ауыл атаулары өзгеруге байланысты Горбунов ауылдық кітапханасы Тегісжол ауылдық кітапханасы болып өзгертілді. Өлкенің тарихына ерекше көзқарасын білдіртіп оқырман арасында өлке тарихын танытуда түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Дәмелі А.Гайдар атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен атақты ақын, қоғам қайраткері Ш.Бөкейдің 160 жылдығында орай семинарға қатынасып қайтты. Дәмелі әрдайым аудандық, облыстық семинар-кеңестерге қатынасып өз білімін шыңдап отырады.

2004 жылы аудандық «Үздік кітапханашылар» байқауына қатысып «Шығармашылық қабілеті биік» дипломымен марапатталды. Жұмысын жақсы білетін, жаңа заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету шеберлігін танытып жүрген Дәмелі 2006 жылы 15 қазан кітапханашылар күніне орай кітапхана саласындағы кәсіби шеберлігі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 2007 жылы Облыстық балалар және жасөспірім кітапханасының Х.Есенжановтың 100 жылдығына дайындаған байқауына қатынасып Дәмелі, әдістемелік құрал дайындап «Алғыс хатпен» марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет