Техналогиялыќ карта



жүктеу 57.65 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі57.65 Kb.


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК

Тәрбиеші: Ордабаева Динара Койшыбековна
Топ: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу, жапсыру, тіл дамыту

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты:

Табиғат және денсаулық құндылықтары туралы түсіндіру. Олардың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту

Адам денсалығына табиғаттың пайдасын түсіндіре отырып, оны қорғауға, аялауға үйрету

Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сөздік қорын молайту. Табиғат байлықтарын қадірлей білуге үйрету



Заттық дамытушылық орта: суреттер, слайд, плакаттар, жұмсақ қағаздар

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Билингвалды сыңары: көктем-весна, табиғат-природа, жел-ветер, гүл-цветок

Іс-әрекеттің

Кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық кезеңі

Шаттық шеңбері

Сәлем бердім мен күнге

Сәлем бердіммен саған

Сәлем бердім апайға

Қонақтарға, құстарға.

Балалар шаттық шаңбер жасайды





Ұйымдастыру-

іздеу кезеңі


-Балалар бұгінгі оқу іс-әрекетімізде сендерге жұмбақ жасырамын

Ақ қар еріп, су көбейіп, сай-салада ағады.

Мал маңырап, қой жамырап, қріс малға толады.

Бүршік шашып, топырақ асып, бәйшешек гүл жарады

-Кім айтады бұл қай кезде болады?

-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?


-Өте жақсы

-Бізді қоршаған не?

-Табиға нешеге бөлінеді?
Теледидармен жұмыс:

-Балалар біз бүгін табиғатымызды, кең байтақ жерімізді теледидардан тамашалайық

-Адам денсаулығы мен табиғат арасында қандай байланыс бар екен?

-Табиғат туралы кім тақпақ айтады?



Сергіту сәті:

Қане, қанат қағайық,

Мойнымызды созайық

1,2,3 құс аспанға ұш,

1,2,3 құс аспаннан түс.

Құстар жем жиді

1,2,3 құс аспанға ұш

Ортаға күн, су, ауа, гүл, адам шығады


-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балалар?

-Балалар, енді осыларға кім тәжірибе жасайды?

-Су қандай болады?

-Өте жақсы

-Ал, енді мына 3 ыдыста не тұр?

-Сүт құйылған ыдысқа қасық салам, көріне ма?

-Суға салсам ше?

-Дұрыс. Себебі, сүт мөлдір емес, ақ түсті. Ал су мөлдір, таза, түссіз

-Мына ыдыстағы суға 1-не тас, 2-не шыбық салсам қайсысы батады?

Ойын: «Мақалды аяқта»

Су жерді де қазар,

Тастыда жарар.

Су жерге нәр береді

Жер адамға нәр береді

Жер қазына – су алтын

Білім елге – су жерге

Судың да сұрауы бар

Балық жаны суда

Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар

Жұмбақ:


Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде, өмір сүріп жүрмейсің


Жарығы тегін,

Жылуы тегін.

Айбарлым менің,

Жайдарлым менің


Көзі жасты жылауық,

Келе жатыр бір алып


-Балалар, суреттердің бірінші әріптерін ортадағы әріптермен қосып, оқысақ, табиғат бөлшегін табамыз

Алма у ай

Сағат у

Кесе ү нан



Гитара ү лақ

-Өте жақсы балалар. Сендер ақылды екенсіңдер



Дидактикалық ойын:

-Балалар мен сендерге «егерде» деп басталатын табиғат, өсімдіктер жайлы сөйлемдер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Егерде гүлдерге су құймаса.....

-Егерде аулаға тал екпесе....

-Егерде тісімізді шаймасақ....

Тыйым сөздер:

-Балалар табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?




Суретпен жұмыс

-Балалар мына суретте «Б» дыбысынан басталатын тірі және өлі табиғатқа жататын заттар бар. Соны тауып, талдаймыз

-Балалар, көктемде ең алғаш шығатын гүл қалай аталады?

Желіммен жұмыс

Жұмсақ қағазды ширату тәсілі арқылы бәйшешек гүлін жасаймыз



-Көктем мезгілінде болады

-Көктем мезгілінде ауа-райы жылы болады. Табиғат өте тамаша болады

-Бізді қоршаған табиғат

-Табтғат екіге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат

-Өлі табиғатқа: тас, тау ауа, жер, су, топырақ жатады.

-Тірі табиғатқа:ағаш, гүлдер, жәндіктер, адамдар, құстар жатады.

-Табиғат болмаса адам өмір сүре алмайды. Ауа жоқ болса, дем ала алмай тұншығып қалар едік. Су жоқ болса шөлдер едік.

-Біз табиғатсыз тіршілік ете алмаймыз. Табиғат бізге күн сияқты мейірімді, ауа сияқты таза, су сияқты мөлдір мөлдір болуды үйретеді



Тақпақтар:

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсам егіздер,

Жер-ана, көл, теңіздер
Табиғатты тарих талай сынаған,

Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған.

Табиғатта әке болып еміреніп,

Ттабиғатта ана болып жылаған

Балалар сергіту сәтін орындайды

Күн: -Мен шуақты күнмін, мен бәріне жылуымды, нұрымды беремін. Егер мен болмасам табиғатқа көрік беріп тұрған менмін

Су: -Мен мөп-мөлдер, тап-таза, сылдырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болмас еді

Шырша: -Мен жайқалған жасыл шыршамын. Қысы-жазы жасыл болып тұрмын. Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін

Ауа: -Мен таза аумын, табиғаттағы барлық нәрсе мен арқылы дем алады

Адам: -Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ

-Бәрі бізге керек

-Су түссіз, сұйық, мөлдір
3 ыдыста су тұр, 1 ыдыста сүт тұр

-Көрінбейді

-Көрінеді

Тас салған ыдыс батады, өйткені тас ауыр, шыбық жеңіл


-Ауа


-Күн

-Бұлт


-Ауа

-Су


-Күн

-Гүл


-Гүлдер шөлдеп қурайды

-Көлеңке болмайды. Көріксіз болады

-Тісіміз ауырады

1.Жалғыз ағашты кеспе

2.Гүлді үзбе

3.Көкті жұлма

4.Суға түкірме

5.Ұяны бұзба


Тірі табиғатқа:

Балық, бақа, балапан, бұрыш жатады



Өлі табиғатқа: Балға, балта
Көктемде алғашқы қығатын гүл – бәйшешек

Балалар қағазды ширату арқылы гүл жабыстырады



Қорытындылау-

түзету кезеңі

1.Қандай оқу іс-әрекетін өттік?

2.Табиғат нешеге бөлінеді?

3.Мақтау, мадақтау

Қоштасу шеңбері

Ризамыз, ризамыз

Осы күнге ризамыз.

Ризамыз, ризамыз,

Өткен күнге ризамыз



Қоршаған ортамен танысу

Табиғат екіге бөлінеді

Балалар қуанып, шаттанады



Күткен нәтижелер:
Білуі:

Табиғат пен денсаулықтың тығыз байланыста екенін білді



Болуы:

Адам денсаулығына табиғат көп көмектесетіні жайлы білді



Істей білуі:

Туған жердің табиғатын аялай білуге тәрбиеленді

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет