Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық істі Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеген.

“Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды” , – делінген ақпаратта.

  • Ақмола облысында экс-полицей екі жыл бойы көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан
  • Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 400 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны айтылады.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Бұған дейін Ұлытау облысында көмекке мұқтаж азаматтарға бөлінген қаражатты қалтасына басқан шенеунік бостандықта қалғаны белгілі болған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.