Астанада көше тазалаушыға күш көрсетіп, тізерлетіп кешірім сұратқан адам қолға түсті. Елорда тұрғыны бес тәулікке қамауға алынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Аула сыпырушы сес көрсеткен жігітке қатысты арыз түсірмепті.

Кадрларда көліктің шетінде тұрған ер адам жұмысшыға бірдеңе айтып жатқанын көруге болады. Ол одан қашуға тырысқанымен, ер адам оны көшенің арғы бетіне өтіп ұстап алады. Жұмысшыны жұлқылап, тізерлеуге мәжбүр етеді.

Елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген. Дегенмен кейіннен жәбір көрген ер адамның да жұмыс уақытысында ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды. Бұл оқиғаға қатысы бар екі ер адам да жауапқа тартылды.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Жұмыс орнында мас күйінде болған аула сыпырушы да жауапқа тартылды. Аула сыпырушысы ер адамның әйелін балағаттаған. Артынша жанжал туындаған”, – дейді Астана ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.