Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

NASA Ingenuity тікұшағы Марстағы миссиясын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dw.com

NASA-ның Ingenuity тікұшағы 30 күн ішінде Марсқа бес рейс жасауы керек еді. Бірақ ол қызыл планетада үш жылға жуық уақытын өткізіп, бастапқыда жоспарланғаннан 14 есе көп қашықтықты бағындырды.

"Ingenuity тікұшағы Марсқа ұшуын соңғы рет орындағанын өкінішпен хабарлаймын", — деді NASA әкімшісі Билл Нельсон.

Flight 72. That’s the final flight for our Ingenuity #MarsHelicopter.

Ingenuity and its team proved that powered, controlled flight on another world was possible. #ThanksIngenuity. You may rest, but your legacy will continue to soar: https://t.co/uEe2ZAw2ML pic.twitter.com/9YlmWFpl2z

— NASA (@NASA) January 25, 2024

Ingenuity —  Марста ұшу мүмкіндігін анықтауға арналған тікұшақ дроны. "Марс-2020" миссиясы бойынша Perseverance роверіне бекітілген тікұшақ 2021 жылдың 3 сәуірінде осы роверден бөлініп, Марс бетіне түсірілді. Ол 2021 жылы басқа планетада ұшқан алғашқы шағын тікұшақ. 2022 жылдың қазанына қарай Ingenuity Марста 33 рет ұшқан. Жалпы ұшып өткен қашықтығы 7,4 шақырымға тең.

Ingenuity соңғы рейсінде Perseverance роверімен байланысын жоғалтқаннан кейін "төтенше жағдайда қонуға" мәжбүр болды. NASA инженерлері келесі күні байланысты қалпына келтірді. Алайда бірнеше күннен кейін түсірілген суреттер көміртекті талшықты ротор қалақтарының бірінің зақымдалғанын көрсетті.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.