«Техник қызметі және желілік инженер қызметі» атты рольдік сайыстың ережесі



жүктеу 55.59 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі55.59 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»


Рольдік ойын

Тақырыбы: «Техник қызметі және желілік инженер қызметі»

Топ: 3 қысқартылған АЖ

Дайындаған: Мукушева Л.А

2014-2015оқу жылы



«Техник қызметі және желілік инженер қызметі» атты рольдік сайыстың

ережесі

«Техник қызметі және желілік инженер қызметі» рольдік ойыны адам қызметінің белсенді түрі болып табылады. Бұл оқшылардың өткен материалды бекіту және жаңа тақырып бойынша тәжірибелік біліктіліктерін қалыптастырудың тиімді бір түрі болып табылады.

Оқушылар өздерінің роліне қызығушылық таныта отырып әртүрлі тәжірибелік шешімдер қабылдайды. Көбінесе ойын кезінде шешім ұйымдасып қабылданады. Ойын кезінде оқу процессін белсендіретін белгілі эмоциялық кызығушылық пайда болады.

Ойын формаларының бірі: рольдер, оларды ойынға қатысушылардың өзара бөлісуі; ойынға қатысушылардың рольдік мақсаттарының ерекшеліктері; рольдерді орындаушылардың өзара қарым-қатынасы; ойынға қатысушыларды жеке немесе топпен бағалау.

Рольдік ойын оқушылардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады, оларға анықтамаларды ойда сақтауға мүмкіндік береді, ойлау қабілетін дамытады, өз бетімен болып жатқан жағдайды шешуге мүмкіндік береді.

І. Мақсаты:

Білімділік: алған білімдерін тәжірибеде тереңдету, пәнге, өткен тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру, қандай да бір шешім қыбылдау кезінде дағдыларын дамытып, сөйлесу және сараптамалық қабылеттерін дамытады.

Тәрбиелік: оқушыларды пәнге, сабаққа деген жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тыңдай білуге, болашақ қызметтерінде жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың сабаққа жүйелі түрде дайындалу деңгейін, болашақ мамандығына тәжірибелік дайындығын және өздігімен дайындалу сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
ІІ. Қатысушылар: 3 қысқартылған «Ақпараттық жүйелер» тобының оқушылары
Рольдерді тағайындау:

1. «ALSER computers» компьютерлік техника дүкенінде жұмыс атқаратын қызметкерлер:

- директор

- кеңесші - техник

- желі инженері

- тұтынушылар


ІІІ. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта

IV. Cайыстың өткізілу уақыты: 18.11.2014 жыл
V.Өткізілу орны: 607 дәрісхана
VI. Өткізілу уақыты: 45 минут
Рольдік ойынның жоспары:

Ұйымдастыру



Кіріспе сөз

Рольдік ойын оқушылардың болашақ маман ретінде шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін тәжірибеде қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Ойынның шарты: ойынға 4 оқушы қатысады, 1 тұтынушы, 2 тұрмыстық техника дүкенінің кеңесшісі- техник, 3 желі инженері, 4 дүкеннің директоры. Кеңесші – техниктің мақсаты тұтынушыларға техникалық жабдықты алуға кеңес беру, желі инженерінің мақсаты желіні қосуға кеңес беру болып табылады. Дүкен директоры басқарып отырған дүкенге қосымша кеңесші қызметшісін жұмысқа қабылдау мақсатында кастинг ұйымдастырады, онда көрермен оқушылардың ішінен таңдап алады. Ол үшін оқушылар берілген сұрақтарға толықтай жауап беріп, неғұрлым көп ұпай жинау керек. Оқушылардың ішінен көп ұпай жинаған 3 оқушы жұмысқа қабылданады.


Негізгі бөлім

Жүргізуші: Бүгінгі біздің рольдік ойынға қош келіпсіздер!

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Алған білімімізді,

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық
Ортаға «ALSER» компьютерлер дүкенінің директорын, кеңесші-техник, желі инженерін, тұтынушыны шақырамыз.

Қызметкерлегре қойылатын сұрақтар



Кеңесші-техник

Сіз, кеңесші-техниксіз, сізге сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыратындай жаңа заман талабына сай компьютелік технологияға байланысты ақпарат беруіңіз қажет, сіздің жауабыңыз. Сатып алушыға компьютердің құрылысы туралы сипаттама қажет. (моделі, құрылысы, атқаратын ролі, бағасы)



Желі инженері

Сатып алушыға көрсетілетін қызметтері бойынша (желіге қосылу, тарифтік жүйесі, жұмыс жасау мерзімі), желіге қосылудың түрлері, құрылғылар туралы мәлімет беру.


Көрермендерге сұрақ:

Тақтада көрсетілген құрылғыларды атап, анықтама беріп, жауап толық, нақты болу керек.



Жүйелік блок -Дербес компьютердің ең маңызды құрылғысы

Аналық тақша-Аналық тақшада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – шина орналасады, ағылшынша motherboard (mother – ана, board – тақта)деген сөзден бастау алады. Кейде қысқаша MB немесе mainboard – негізгі(жүйелік) тақша деп те аталады.

Микропроцессор -Бір интегралды схемадан тұратын процессор

Қатқыл диск-Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа дейін сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады.
Видеокарта-Процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

Оперативті жад-Процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді уақытша сақтауға арналған жад. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады.

Желілік карта-Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.

Модем-Интернетке кіру үшін арналған құрылғы

Дисковод -Оптикалық дискілерді оқуға арналған құрылғы.

Сыртқы жад- USB HDD(Сыртқы қатқыл жад)- Бұл әдемі қораб тәрізді құрылғы болып келеді, өзіне үлкен көлемде ақпарат сақтай алады. 2000ж үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі таңда көлемі 3 Тб (1 Тб= 1024 Гб) дейін жетеді. Қатқыл диск есте сақтауышы 1,8-3,5 дюмді қатқыл дискіге негізінде негізделген. Яғни бұл жұмыс істеу жылдамдығына әсер етеді.

Принтер-Дербес компьютерден қағаз бетіне шығу үшін арналған құрылғы

Сканер-Қағаз бетіндегі ақпаратты компьютерге енгізуге арналған

Планшет-Көлемі кішігерім, электронды кітаптарды оқуға және әуендер бейне фильм көруге мүмкіншілік беретін құрылғы.

Қорытынды: Рольдік ойын оқушылардың белсенділіктерін арттыруға, оқушылардың білімдерін объектілі бағалауға, оқушыларға ұжымдасып жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тиімді.

Оқытушы Л.А.Мукушева

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет