Техник-түптеушісіне арналған Қызметтік нұСҚАУ



жүктеу 53.82 Kb.
Дата09.07.2018
өлшемі53.82 Kb.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

"БЕКІТЕМІН"

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

Т.З. Рысбеков

08.09.2007 ж.


Бұқаралық ақпарат құралдары және



баспа орталығының техник-түптеушісіне арналған

ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУ

Орал, 2005


Бет: 5-нің 2-сі

Ақпараттық деректер:


  1. Дайындаған: 02.09.2005 Кожевникова А.Ә.

  2. 13.10.2004 ж. құжаттың орнына енгізілді

  3. Енгізілген күні: 15.09.2005

15.09.2011 Кожевникова А. Ә. (қолы)

4 Қайта қаралады: 15.09.2008

5 Өзгертулер:




Енгізілген күні

Дайындаушының

аты-жөні


Қолы

1

12.09.2007 г.

Кожевникова А. Ә.




2

01.04.2008 г.

Кожевникова А. Ә.




3

18.09.2008 г.

Кожевникова А. Ә.




4










5










Бет: 5-нің 3-сі




Мазмұны:





  1. Мақсат

  2. Қолданылу саласы

  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

  5. Сипаттаулар

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

Бет: 5-нің 4-сі


1 Мақсаты
Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына Бұқаралық ақпарат құралдары және баспа орталығының техник - түптеушісі бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған. (Өзгертілген редакция, №1 Өзг.)



  1. Қолданылу саласы

2.1 Осы нұсқау М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі үшін жарамды.



3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

3.1 Осы нұсқауда қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді.



(Өзгертілген редакция, № 2 Өзг.), (Өзгертілген редакция, № 3 Өзг.)

3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.



4 Жауапкершілік және өкілеттілік
4.1 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі жауапты:

- түптеу технологиясын қадағалап, сапалы өңделуіне;

- аппараттың сынғаны туралы шеберге уақытында хабарлауға;

- профилактика жүргізу – тазалауға, машинаны майлауға;

- өндірістік қажеттілік туса брошюралаушының орнын басуға (брошюраларды орналастыру, беттеу, тігу, іріктеу);

- шығын материалдарын үнемді, ұқыпты жұмсауға;

- техника қауіпсіздігін қатаң қадағалауға.
4.2. БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі құқылы:

- стандартқа сәйкес емес, сапасыз өнімді өндіруге қабылдамауға;

- өзінің кәсіптік біліктілігін арттыруға;

- екінші жақтың келісім-шарттағы көрсетілген шараларын орындамаған жағдайда еңбек келісімін бұзуға.



5 Сипатталуы
5.1. Бағыныстылық.

Бет: 5-нің 5-сі


5.1.1 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісін университет ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі тікелей баспа орталығының жетекшісіне бағынады және өз жұмысында оның нұсқауларын, М.Өтемісов атындағы БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі болмаған кезінде оның орнына көбейту және көшіру техникасының операторы жұмыс жасайды.

5.3 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі өзінің функционалды міндеттерін және орталықтың ережесіне сай толық білікті жұмыс ұйымдастыра білуі тиіс.

5.4 Біліктілік талаптары:

5.4.1 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі түптеудің негізгі түрлерін, соның ішінде желімді және қатты желім машинасында жұмыс жасай білуі және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы керек.

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестация.

5.5.1 БАҚ және баспа орталығының техник-түптеушісі М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлеріне аттестация жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.

.

6 Жазбалар

-

7 Дәйектемелер

7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері.

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4. ҚР Үкіметінің «Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығын пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімді бекіту туралы» Қаулысымен қабылданған қызметшілер қызметтерінің Біліктілік анықтамалығы;

7.5 М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.

(Өзгертілген редакция, №1 Өзг.)

«КЕЛІСІЛДІ»


Инновациялық жұмыстар

жөніндегі проректор



____________ С.С.Жұбатырова

04.09.2007 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет