«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу»



жүктеу 65.82 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі65.82 Kb.


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы __________
№ ______ қаулысымен  
бекітілген

«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне

енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).

2. «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттiк қызметiнің стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) аудандық ХҚО бөліміне хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты бес жұмыс күні ішінде құжаттарды уәкілетті органға беру сәтінен бастап (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) беріледі;

2) ХҚО облыстық филиалдарына жүгінген кезде хабарлама беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бес жұмыс күні ішінде құжаттарды уәкілетті органға берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) беріледі;

3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) хабарламаны немесе немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. ХҚО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбiнi қоса алғанда, ХҚО белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жазылған өтiнiш;

2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

3) дара кәсiпкер үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

4) техникалық байқау орталығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

5) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшiрмелерi;

6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметті алушымен салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынған кезде жеке келген, қолхат негізінде және онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.

11. Хабарламаны беруде:

1) осы Стандартқа 9-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;

2) ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместігі;

3) өтiнiш берiлген күнге дейiн алты ай iшiнде тiзiлiмнен алынып тасталуы бас тартудың негіздері болып табылады.


3. Шағымдану тәртiбi
12. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

14. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа  2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.

15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

16. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

17. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

18. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық – анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.



4. Өзге талаптар
19. Мемлекеттік қызмет «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 18-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

20. Мемлекеттік қызмет дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықта жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

22. ХҚО-ға мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш еркін нысанда ұсынылады.

23. ХҚО құжаттарды қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.

24. Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:



1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

25. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:



1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

26. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.

27. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.



28. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтіледi.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––


Каталог: images -> npa
npa -> Ќазаќстан Республикасы
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет