«Техникалық жңне кңсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»



жүктеу 50.38 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі50.38 Kb.
түріРегламент

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
Қарағанды облысы әкімдігінің

2016 жылғы 20 қаңтардағы

04/03 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.20.06. берілген өзгерістермен)

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), регламенті кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.



Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады;

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.

 

 



2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың ұсынылуы мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін кызметті алушы) өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдап, тіркейді;

нәтиже - көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;

2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) жұмыс күн ішінде айқындайды;

нәтиже - жауапты орындаушыны айқындау;

3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, 1(бір) жұмыс күн ішінде құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;

нәтиже - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 30 (отыз) минут ішінде қол қояды;

нәтиже - құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолданады;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға тапсырады;

нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды қызметті алушыға тапсырады.

 

 



3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) тізбесі:



1) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;

2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;

3) кеңсе қызметкері.

7. Әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс қимылдың) реттілігін сипаттау:



1) көрсетілетін қызметалушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері оларды 15 (он бес) минут ішінде қабылдап алады және тіркейді;

2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды;

3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, басшының қолын қойдыруға жолдайды 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 30 (отыз) минут ішінде қол қояды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға тапсырады 15 (он бес) минут ішінде.

 

 



Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.20.06. № 43/06 Қаулысымен 4-тарау атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.20.06. № 43/06 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілмейді.

 

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейнен



кейнгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

 

 



«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейнен кейнгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы

 



 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет