Техникалыќ пєндер жєне µндірістік оќыту



жүктеу 253.28 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі253.28 Kb.
түріУрок

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

 Қазақстан халықтарының тілдері күні.



Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – менің тілім».

Тема: «Государственный язык – мой язык»

Ко дню государственного языка.



Цель: Учить уважать окружающих, жить в дружбе и согласии, развивать чувство патриотизма, знать традиции своего народа.

Мақсаты:Мемлекеттік тілді жақсы меңгеруге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ход урока:

1.Вступительное слово учителя:Республика Казахстан – многонациональное государство. Заканам о языках определены статусы языков.Казахский язык является государственным языком, русский язык официально употребляется наравне с казахским языком в государственных организациях и в органах местного самоуправления.

Законом утверждается, что каждый гражданин Республики Казахстан имеет право на пользование родным языком, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения, творчества.У каждого народа свои обычаи, обряды и традиции, свой язык. И государство обещает народам Казахстана создать условия для сохранения их традиций и изучения их родного языка. Конституция Республики Казахстан статья 7, часть 3: Государство заботится о создании условий для изучения и развития языков народа Казахстана.



Статья 19, часть 2:Каждый имеет право на пользование родным языком и культурой, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения и творчества.

      Каждый язык – это целый мир. Язык не только предмет для изучения, а живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище. Он должен вызывать у каждого изнас горячую любовь, признательность, трепетное отношение. Язык каждого, пусть даже самого малочисленного,народа – это целы мир, полный прелести и волшебства.

 

2.  Тіл төңірегіндегі кейбір ойлар.

   2.  Тіл – адамзаттың үрпақтан үрпаққа, ата-бабаның аманаты, үнін,тарихы мен мәдениетін жеткізіп отыратың ұлы құралы. Ұлттың өзінің тілі болғанда ғана ол мемлекет бола алады, әлемде басқалармен өзін тең ұстайды. Сондықтан да болар мемлекет ең алдымен экономикасымен емес, осы тілмен ғана күшті.

3.Ұлы ақын  ; Мағжан Жұмабаев  «Тілсіз ұлт, тілінен айырлған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ... Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті... Ел боламыз, ұлт боламыз десек, тілімізге сақтықпен қарап, құрметтеп жүрсек, мәрттігіміз өсе түспек» - деген ойын ешқашанда ойымыздан шығармаған абзал.

4. Қазақ тілі -  қазақ халқының ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар.

Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихта өте ертеден – біздің жыл санауымыздан бұрын-ақ  мәлім болған. Сондықтан да қазақ тілі халқымыздың талай ардагер ақындарының жыр арқауына айналған.



Ән «Анамнің тілі» 

 5.Оқушылар сөздері: 

        Ана тілім – әнім                                           ( Қ. Қайымов)

Ана тілім – менің                                            Жанымнан да қымбат

Әлдилеген әнім.                                               Ана тілім маған.

Ана тілім – демім,                                         Ана сөзін тыңдап,

Ана тілім – жаным.                                     Үлгі-өнеге алам.

                                    Ана тілім – анам,

                                  Аппақ қардай арым,

                                 Мұрат еткен бабам

                                Жарқыраған шамым

Ана тілің –арың бұл,                                   Ана тілің білмеген –

Ұятың боп түр бетте.                             Ақылы жоқ желікбас.

Өзге тілдің бәрін біл, -                             Ана тілін сүймеген –

Өз тіліңді құрметте!                             Халқын сүйіп жарытпас.

  (Қ. Мырзалиев)                                           (Б. Сарноғаев)

                           Сүйемін туған тілді- анам тілін,

                          Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,

                          Шыр етіп жерге түскен минутымнан

                         Қүлағыма сіңірген таныс үнім...

                        Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты

                       Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

                                     (С. Торайғыров)

 

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,



Тілім барда айтылады сыр ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

                (Ә.тәжібаев)

         Ана тілі                                   Ана тілім

Ана тілің, біліп қой,                             Ана тілім – ұраным

Еркіндігін , тендігің.                          Ана тілім – құралым,

Ана тілің біліп қой,                            Ана тілім – болмаса,

Мақтанышың, елдігің.                     Мықты болмас тұрағым.

Ана тілің – арың бұл                       Ана тілім- елдігім,

Ұятын боп тұр бетта                   Ана тілім болмаса,

Өзге тілдің бәрін біл,                    Бүтінделмес кедігім.

Өз тілінді құрмететте!                  ( С. Кәттебайүлы)

 ( Қ. Мырза Әлі)

                                 Туған тіл      

Кімнен тудым?

Нәсілім кім?

Ұлтым кім?

Өлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?

Бұлт емеспін.

Мен қазақпын,

Халықпын,

Көне күннен келе жатқан тарихпын!

Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,

Туған тілсіз тірлік құрсын, нанындар!

Туған тілде намысым мен арым дар,

Туған тілсіз тірлік құрсын, нанындор!

Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,

Өз тілінде қиқулайды құстар да,

Өз тілінде кісінейді құлыншақ...

Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,

Нанбасандар,

Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.         (Д. Әбілев)

5.Оқушыларға сұрақтар қою.

1.А.Байтұрсынов кім?

2.Жүз жасаған ақын?( Жамбы Жабвйев)

3.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды ?(1989ж.22.09 және 1997ж.11.07.

4.Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзы бар)

5.Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)

6.Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы.Атынсарин)

7.Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)

8.Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)

9.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж,16.12)

10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин)

11.Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)

12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)

13.Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)

14.Абайдың туған жылы. (1845жылы 10.08)

15.Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т.б)

16.ҚР-ның рәміздерін ата.(әңұран, елтаңба, ту)

17.ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қайқола?

18.Әл-Фараби өмірге келген қала. (Отырар)

19.Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т.б)

20.Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т.б)

6.  Тіл туралы мақалдар

1.Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)

2.Бал тамған тілден ...(у тамған)

3.Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)

4.Жақсы сөз -...(жарым ырыс)

5.Қаһарлы сөз ...(қамал бұзар)

.6.Шебердің қолы ортақ, шешеннің ...( тілі ортақ)

7.Жақсы байқап сөйлер, жаман ...( шайқап сөйлер)

8.Бас кеспек болса да, ... ( тіл кеспек жоқ)

9.Дәлелсіз сөз ...(желмен тең)

10.Тіл қылыштан ... (өткір)

11.Піл көтермегенді, ...(тіл көтереді)

12.Тілден артық ...(қазына жоқ)

13.Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)

14.Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... ( тілінде)

15.Ең ащы да тіл, ең ...(тәтті де тіл)

16.Өнер алды – ( қызыл тіл)

17.Айтылған сөз - ...( атылған оқ)

18.Жылы-жылы сөйлесең, жылан ...(інінен шығады)

19.Басқа пәле-...(тілден)

20.Білім кілті- ... (тіл)

21.Тілге құрмет –(елге құрмет)



7.«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сынып сағаты соңы ән мен күйге айналды.

1.Ән «Айгөлек» 6 сынып оқушысы орындайтың Балтабаева Гүлнәз.

2.Өлең «Үш бақытым»  М.Мақатаев. орындайтың Моор Александр. Үнтаспа Мағжан Жұмабаев  «Қазақ тілі» өлең.

Тақырыбы:  «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»

Мақсаты:

Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер    арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар,  қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, буклеттер.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

         Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

         «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

             Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,

  «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Барысы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Сынып төрт топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. «Қазына» « Дастан» « Мұрагер» «Шежіре»

1.     “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

2.     “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу

3.     “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы

4.     “Тапқыр дос” өлең құрастыру

5.     “Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді тауып,  екі тілге аудару

6.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

1. турымыз    “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өздерін таныстырады.

2. турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”  деп атап,

 Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.  - дей келе,

  Қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне арналады.

    3.  туры мақал-мәтелдерге арналады. Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны  қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..

Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.

 

1. Өнер алды –  ....................


 2. Ана тілі азбасын, 
     .......................................
 3.  Тіл тас жарады, ............................
 4. Бас кеспек болса да, ............................
 5. Шебердің қолы ортақ, .........................
 6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
     ..............................................
 7. Ақылдың көркі – тіл.
      ......................................................
 8. Тілден артық қазына жоқ, 
       ................................................
 9.  Тіліңді ноқталасаң,
      ...................................................... 
 10. Білекті адам бірді жығады, 
       .............................................

 

4. тур. Осы  кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.



 

             1.Құлақтан кірген....       Жүрекке барып мұз  болар                                                                                                                                

                                                                   (Сөз-слова)

 2.Таза мінсіз асыл ...  Су түбінде жатады,

                Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.

                                                         (тас-камень)

              3. Бас кеспек болса да, ...   кеспек жоқ.

                                                              (тіл – язык)

  4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.

                                                                         (су – вода)

  5.Ілім – бұлақ... – шырақ!

                                                                      (білім – знание )

   6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы  болсын.

                                                            (сегіз – восемь )

    7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.  

                                                            (бас-голова)

    8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.

                                                                         (Ілім-знание)

     9.Қаһарлы сөз ... бұзар.

                                                              (Қамал-замок) 

          10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.

                                                                     (Шешен –оратор)

           11.Айтылған сөз, атылған ... тең.

                                                                     (Оқ-пуля)

            12 ... сөз  жарым ырыс.

                                                                      (Жақсы-хорошее)       

 

7.     Сайысымыздың  келесі бөлімі  “Тапқыр дос” өлең құрастыру

 деп аталады, берілген әріптерге өлең құрастыру . А,Б,Қ,О



8.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

Берліген сөздерден мақалдар құрайды.

Қорытындылау, марапаттау.

Жүргізуші:      Ана тілі – асыл күні бабамның,

                          Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

                          Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

                          Туған тілді жаттап өскен баламын.

«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»  атты 5-сынып  оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз  осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңызар!  

 

                 Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні



Поэзия кеші 5-11-сыныптар 25.І.2012

Тақырыбы: Мен-Ғанимын!

Мақсаты: Оқушыларға Шығыстың жарық жұлдызы Ғанидың өмірі мен қызметі туралы мағлұмат жинай отырып, Ғани бойындағы ізгі қасиеттерді, еңбекқорлықты оқушылардың бойына ұялату, сабырлыққа, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ғанидың суреті, нақыл сөздер жазылған плакаттар, /слайд шоу/

Өту барысы:

«Мен – Ғанимын!» Жетіскен Мәкенәлі Оқитын: Бердақ Ұлмекен

1 – жүргізуші:

Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаев – ХХ ғасырда қазақ жастары арасынан шыққан ұлтымыздың ұлы тұлғасы.
2 – жүргізуші:

Жиырма үш –ақ жыл өмір сүріп, осынша қысқа мезгілде өзін қалың халыққа танытып үлгірген талантты перзентін туған елі ешқашан ұмытқан емес.

1 – жүргізуші:

Жарқын іске бастап Шығыс ұл-қызын,

Қараңғыда жарық берген жұлдызым!

Сен аңсаған азат ашық аспанда,

Ұшырамын өзіңе арнап жыр-құсын.

2 – жүргізуші:

Ғани едің жас ғұмырға гүл еккен,

Мәпелеген, аялаған, түлеткен.

Бір ғасырлық тойыңызға торқалы,

Жыр арнадық өзіңе шын жүректен.

1 – жүргізуші:

Ендеше, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Ғани атамыздың 110 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған «Мен-Ғанимын!» атты ашық поэзия кешін бастауға рұқсат етіңіздер!

2 –жүргізуші:

Ғанидың революцияның от – жалынына оранған қиын – қыстау кезеңде заман көшіне еріп, жастар үшін жасаған жанқиярлық еңбегі ел тарихында мәңгілікке қалды.

1 – жүргізуші:

Сыр бойында, қасиетті Қазалының киелі топырағында дүниеге келіп, 15 жасында – ақ қызметке араласқан ол, қып – қысқа ғұмырында соңына өшпес із қалдырып кетті. Олай болса, алдымен Ғани ағамыздың өмір жолына тоқталып өтейік.


Ғани Мұратбаев 1902 жылы 3 маусым күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы қазіргі өз атымен аталатын ауылда дүниеге келді.

1911 жылы анасы Бәтима Ғаниды Қазалыдағы орыс-түзем мектебіне оқуға берді.

1917-1918 жылдары Қазалыда тұңғыш рет Кеңес өкіметі құрылғанда революциялық комитеттің құрамына мүше болды.

1918 жылы Ғани Ташкентке оқуға келді. Ташкенттегі педучилщені және Финкельштейн атындағы мемлекеттік мектепті бітірді.

1919 жылы жастар ұйымына мүшелікке қабылданды. Осы күннен бастап Ғанидың жалындаған өмірі жастар ұйымымен тығыз байланыста өтті. Сол кезеңде саяси сана сезімі де, өмірге көзқарасы да көп жастардан озық Ғ.Мұратбаев комсомолдың алдыңғы қатарлы белсенді мүшесі, жастар жұмысының үлгілі ұйымдастырушысы болды.

2 – жүргізуші:

Мен де аға атыңды мақтан етем,

Өзімнен кейінгіге мақтап өтем.

Қолымнан келіп жатса, ой орамды,

Жырымды жалғастырып дастан етем.


«Ғани» Балтабай Тәжімбетов.Оқитын: 6-сынып оқушысы Қаһар Бақытжан

1921 жылы В.И. Лениннің РКСМ-нің ІІІ съезінде сөйлеген «Коммунистік жастардың мақсаттары» атты сөзін қазақшаға аударды.

1921 жылдың наурыз айынан бастап, оқуынан қол үзбей жүріп, Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің қазақ-қырғыз жастары арасында жұмыс ұйымдастыратын Бюросының төрағасы болып сайланды.

1921 жылы 22 наурызыда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркістан Республикасы Комсомолының үні – «жаса Алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарыққа шықты. Ғанидың газетке қойған ұраны: «Заманға қожа болу, тұрмысқа тұтқа болудың кілті – бірігіп ұйымдасуда. Ояныңдар, ұйымдастырыңдар, езілген Күншығыс жастары!»

1921 жылы тамыз айының соңы мен қыркүйек айының алғашқы күндерінде өткізілген Түркістан комсомолының ІІІ съезінде Ғани Мұратбаев Орталық Комитетке мүше және ұйымдастыру пленумында Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы болып сайланды.

1922 жылы Орта Азияда еңбекші жастар арасындағы қозғалыста дамытудағы зор еңбегі үшін Хорезм Республикасының «Қызыл Еңбек» орденімен марапатталды.

1922 жылы қыркүйекте Түркістан Республикасы Комсомолының ІҮ съезін өткізуге атсалысты.

1923 жылы Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің пленумында Ғани Мұратбаевтың «Көп ұлтты КСРО жағдайында комсомолдың алдында тұрған мақсат: жастар арасында интернационалдық тәрбиені іс жүзінде асыру, ұлтшылдық қалдықтарды жою, КСРО-ның еңбекші жастарын тәрбиелеу жөніндегі» Тезисі жарияланды.

1923 жылы Ғани сырқатына байланысты жолдамамен Сухумиде емделді.
«Ұлы тұлға» Жарқынбек Шынтаев. Оқитын: Жарылқасын Айгерім

1 –жүргізуші:

Ақ алмастай жарқылдаған жас жаның,

Ұлы жолға бастап Шығыс жастарын.

Жаңа өмірге жаңа қадам бастың сен,

Жарқыратып қараңғылық аспанын.

2 –жүргізуші:

Езіп-жаншып ескіліктің елесін,

Алға тартың келешектің кемесін.

Бізбен бірге жетекші боп жастарға,

Ортамызда өмір сүріп келесің.

«Шығысымның шамшырағы» Оқитын:Ермекбай Ернұр
1924 жылы РКЖО –ның ҮІ съезіне делелат болып қатысты.

1924 жылы шілдеде жер жүзілік Коммунистік Жастар Интернационалы ІҮ конгресінде Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланды.

1924 жылы қазан айында Қазалының қызы Бақытжан Танауоваға үйленді.

1924 жылдың қыркүйек айынан өмірінің соңына дейін Коммунистік жастар Интернационалының Шығыс Жастары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1925 жылы 15 сәуірде Ғани Мұратбаев Мәскеудегі «Биік тау» санаторийінде ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

1925 жылы 16 сәуірде Ғанидың денесі салынған табыт қоштасу үшін Мәскеу қаласындағы Шығыс Еңбекшілері Коммунистік Университетінің залына қойылды.

1925 жылы 18 сәуірде 15 мың Мәскеулік Ғаниды ақтық сапарға шығарып салды. Ваганьков зиратында қаралы митингіні белгілі қоғам қайраткері Николай Ильич Подвойский ашты.

1 – жүргізуші: Міне, Ғани ағамыз 23-ақ жыл өмір сүрсе де осындай жастарға үлгі болатындай жұмыс жасап кетті.

Қазіргі таңда Ғани ағамыздың атында көптеген мекемелер бар.

Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласындағы орталық стадион, Қазалы ауданында өзінің атымен аталатын ауыл, және Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың атымен аталатын №17 мектеп және Ғани Мұратбаевтың мұражайы.

2-жүргізуші: 1968 жылы 7 қарашада Қазалы аудандық Кеңес атқару комитетінің шешімімен кітапханадағы мүйіс негізінде Ғани Мұратбавтың өмірі мен қызметне арналған революциялық мемориалдық музейі ашылған болатын.

1 – жүргізуші: «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жұйелеп, құнды дүниелерімізді зерттеп, зерделеп, жинақтап сақтайтын да, оны халыққа жеткізіп, келер ұрпаққа аманаттайтын да музей» деп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі айтқан болатын.

2-жүргізуші: 1968 жылы музей алғаш ашылғанда 200 жәдігер, 3 зал болса, бүгінде музей қоры 5631 жәдігерге жетті. Музейде қазіргі таңда сегіз экспозициялық, бір көрме залы бар. Ғанидың балалық шағынан бастап, ақтық сапарға аттанғанға дейінгі өмір жолы осы залдарға кезең-кезеңімен орналастырылған.

1 – жүргізуші: Міне сол жылдан бері музей өз жұмысын жылдан жылға жаңғыртып, атқарып келуде. Қазалыға жолы түскен адамның Ғани музейіне соқпайтыны кемде-кем. Музей ұжымы 40 жылдан бері Ғанидың қоғамдық – саяси қызметін үзбей насихаттап келеді. Ғанидан үлгі алған біздің ұрпақтың өз Отанының нағыз патриоты болып өсетініне сөз жоқ.



«Ғани аға» Оқитын: Роман Асылзат

2-жүргізуші: Ғани музейі – жастардың, батырлықтың бас қосқан ұясы сияқты. Ғани жастардың бетке ұстар беделді тұлғасы болса, музейдегі ел қорғаған ерлер мен би-шешендер ұрпаққа ұлылықты ұқтырғандай

1 – жүргізуші:

Ғани деп басталады әңгімеміз,

Ғани деп отырамыз мәңгігі біз.

Ғани деп күйін тартсақ Құрманғазы,

Ғани деп шырқатамыз әнді де біз.
«Ғани ағамен сырласу» Оқитын: Төлеген Аружан

Хор: «Мұратбаевшылар маршы»


2 – жүргізуші: Иә, замандастарынан озық туған Ғани Мұратбаев өзінің қарапайым тұлғасымен, іскерлігімен соңына сөнбейтін өшпес із қалдырды. Бүгін біз Ғани ағамыздың әр жас жеткіншек, әрі болашақ ұрпақ аларлық мынадай қасиеттерді ұғындық:

1 – жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен 5-11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен «Мен-Ғанимын!» атты поэзия кеші аяқталып келеді. Тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет!

6-сынып Танымдық сайыс 2.02.2012ж

Тақырыбы: «Сөз мерген»

Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қазылар алқасына жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, тірек, сызбалар.
Сайыс ережелері


  1. Сайысқа 4 оқушы қатысады, 3 кезеңнен тұрады

І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»

ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»

ІІІ. Кезең «Ойлы болсаң озып көр»
І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»
Сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

Тапсырмалар саны 12

Дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай

Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншыға кезек беріледі.

Бірінші кезеңде ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығады.

1.


Ит

Жер



жауабы: ит өлген жер

мағ: Алыс, ұзақ қашық



Мысық

Қасқыр

Түлкі

2.

Туысқан

Қоңыр


қаз

жауабы: Ағайынды қоңыр қаз.

мағ: қатар - құрбы замандас адамдар туралы айтылады



Ағайынды

Немере

Көрші

3.


Ес

Таразына салды



жауабы: Ақыл таразына салды

мағ: ой елегіне салып, екшеді, артық- кемін оймен салмақтады



Сана

Ақыл

Назар




Бас

Суытты



жауабы: аяқ суытты.

мағ: біраз демалды, тынықты



Қол

Аяқ

Мойын

5.


Аспан

Қаптырды



жауабы: жер қаптырды мағ: алдап соқты «қап» дегізді.

Өзен

Жер

Тау

6.


Сойыл

Салмады


жауабы: қамшы салмады

мағ: қамшы тигізбей жүріп отырды.



Келтек

Қамшы

Таяқ

7.


Қарақұрт

Қаптады


жауабы: қарақұрттай қаптады

мағ: быжынай түсіп, топтала ұмтылды.



Шаян

Өрмекші

Қоңыз

8.


Сауысқан

Адым


жауабы: қарға адым

мағ: халықтық өлшем

өте жақын деген мағынада


Торғай

Шымшық

Қарға

9.


Саусақ

Сұқты


жауабы: қол сұқты мағ: талан – таражға салды, ұрлады.

Аяқ

Қол

Табан

10.


Қырық

шілде




жауабы: қырық күн шілде

мағ: сарша тамыз. жаздың нағыз ыстық кезі.



Отыз

Елу

Жиырма

11.


Есек

аяң


жауабы: өгіз аяң

мағ: шабан жүріс, баяу қарқынды іс.




Сиыр

Түйе

Өгіз

ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»

Мақал – мәтел құраудан жарыс. Тапсырмалар саны – 9

Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай

Сайысты ұпайы аз оқушы бастайды. 2-ші айналымнан кейін ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады.


1.

Арық

Қой




жауабы: семіздікті қой көтереді

Семіз

Толық

Жуан

2.

Қол

Ауыз


жауабы: қолы қимылдағанның аузы қимылдар

Аяқ

Құлақ

Бет

3.


Көл

Өзек


жауабы: өзен жағалағанның өзегі талмас



Шалшық

Бұлақ

Өзен

4.


Сөз

Мін



жауабы: сын түзелмей, мін түзелмейді.


Дыбыс

Дауыс

Сын

5.


Жуас

Жуан


жауабы: жуастан жуан шығады



Осал

Ез

Қорқақ

6.


Жын

Алтын

жауабы: алтын көрсе періште жолдан таяды


Шайтан

Періште

Құбыжық
.
7.


Әже

Қыз


жауабы: анаға қарап қыз өсер,

атаға қарап ұл өсер


Ана

Жеңге

Сіңлі

8.


Тіс

Тас



жауабы: тіл тас жарады,

тас жармаса бас жарады.



Құлақ

Қол

Тіл

9.


Той

Қызық



жауабы: тойдың болғанынан боладысы қызық.


Думан

Жиналыс

Жиын

ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр»

Көнерген сөздер мағынасын ашу. Тапсырмалар саны – 3 дұрыс жауап – 10 ұпай. Толық емес жауап - 5 ұпай.


1.

Ит

Марғау

жауабы: мысық төлі марғау (соқыр)


Мысық

Тауық

Шошқа

2.

От көсейтін құрал

Әндеме




жауабы: сылақшының үй сылайтын қалағы

Қайрақ тас

Үй сылайтын құрал

Тасымал құралы

3


Диірменнің үстіңгі тасы

Балбал тас


жауабы: мүсіннің жанына қойылған тас бағана




Малға су беруге арналған

Құдықтың қақпағы

Мүсіннің жанына қойылған тас бағана


Жеңімпаздарды марапаттау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет