Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды. Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін Екібастұздағы құбырда коммуналдық апат болған. Тұрғындар бес күннен бері су тапшылығын тартып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Бес күн бұрын Майқайың кенті ауызсудан ажыратылды. Қыстың қақаған суығында құбырдың біраз жері сіресіп қатып қалған. Отыз жылдан бері жөндеу көрмеген желі "Екібастұз қалалық су арнасы" коммуналдық мекемесіне тиесілі. Мамандар құбырдың әбден ескіргенін айтады.

Қазір тіршілік нәрінен тарыққан Майқайың кентіне су сыздықтап берілуде. Тіпті кей жерге қысым жетпей, тұрғындар суды тасып ішуге мәжбүр. Коммуналдық апатты жоюға 100-ден астам маман жұмылдырылып, олар қатып қалған құбырларды бу генераторларымен жылытып жатыр. Сол себепті "Богатырь-көмір" кенішіне су беру де уақытша тоқтатылған.

"Қазір бес учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жер асты және жер үсті құбырлары. Анықталған ақауды жою кезінде төрт шақырымға жуық құбыр жылытылды. Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Суды тәулігіне орташа тұтыну 250 текше метрді құрайды. Резервуарларды тұрақты түрде толтыру қамтамасыз етіліп жатыр”, – дейді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қыметінің аманы Жансерік Қапзолда. 

Еске салсақ, Екібастұз маңында коммуналдық апаттан кейін пайда болып, жергілікті көрнекті орынға айналған көпқабатты мұздық үңгір сүрілген болатын. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.