«технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қОҒамы



жүктеу 1.56 Mb.
бет1/13
Дата25.04.2019
өлшемі1.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ

ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІК»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Құжат түрі: Ереже

Құжат коды:

Ред. 1

Бет саны: 70

Әзірлеген:

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Жобаларды саралау және бақылау орталығы



Бекітілді:

«ТДжҰА» АҚ-ның 2016 жылғы «24» тамыздағы № 55/16 хаттамасының шешімімен





2013 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАСАЛҒАН

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІК» АҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ

ШАРТТЫ БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

(«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының

2017 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен бекітілген өзгертулер мен толықтырулар (16/17 хаттама) және «Технологиялық даму жөніндегі

ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешімімен бекітілген өзгертулер мен толықтырулар қоса берілген

(54/17 хаттама))

Астана 2017 жыл

МАЗМҰНЫ:


1

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР………………………………………………….

3




ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ …………...

6


2.1.

Камералық бақылау………………………………………………..

6

2.2.

Көшпелі бақылау……………………………………………………

11

3.

4.

ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ БӨЛІМІ


ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ................................................................................................

12
12

5.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚҰЗЫРЕТІ……………………………

15

6.

ШАРТ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖОБАНЫ АЯҚТАУ…………………

17

7.

КҮРДЕЛІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША РӘСІМДЕР……………………...............................................................

18


8.

ШАРТТЫ БҰЗУ…………………………….....................

19

9.

ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ…………

20

10.

АЯҚТАЛҒАН ЖОБАЛАРДЫ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУҒА

ЫҚПАЛ ЕТУ...............................................................................................


20


10-1.

2017 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ БАҚЫЛАУДЫҢ

ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ……………………………………......



21


11.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР………………………………….







ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………...

23


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР





  1. 2013 жылдан бастап жасалған «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі – Агенттік) Инновациялық гранттарды беру туралы шартты бақылаудың аталған ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновациялық гранттарды беру, келешегі бар жобалардың алға жылжуына ықпал ету туралы шартты бақылауды жүргізу тәрбітін анықтайды.

  2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

  1. Агенттік«Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ;

  2. грант алушы инновациялық грантты алған жеке немесе заңды тұлға;

  3. шарт – 2013 жылдан бастап жасалған инновациялық грантты беру туралы шарт;

  4. инновациялық грант – инновациялық грантты берудің келешегі бар бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалардың дамуы үшін қайтарымсыз негізде индустриялық-инновациялық қызметтегі нысандарға берілетін бюджеттік қаражат;

  5. индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әріжоба) – белгілі бір мерзім ішінде жүзеге асырылатын жұмыс пен қызмет көрсету, өндіріс, технология, тауарларды жетілдіру немесе жаңадан ойлап табу, технологияларды трансферлеуге бағытталған іс-шаралар кешені;

  6. бақылаушарт бойынша, сондай-ақ шарт талаптарына сәйкес инновациялық грант қаражаттарын мақсатты пайдалану бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды саралау;

7) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес алынып тасталды

  1. Орталық атқарымдық міндетіне инновациялық грантты беру туралы шарттарды бақылау және саралауды жүргізу бойынша қызметтер кіретін Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшесі;

7-1) тармақшасы «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес толықтырылды

7-1) күрделі жобалармен жұмыс бойынша орталық атқарымдық міндетіне «күрделі» деген санатқа жататын жобалар бойынша іс-шараларды жүргізетін Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі;

  1. «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес алынып тасталды

  2. тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес толықтырылды




  1. технологиялық сараптама орталығыатқарымдық қызметіне технологиялық саралауды жүргізу міндеті кіретін Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі;

10) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес толықтырылды

  1. қаржы-экономикалық сараптама орталығы атқарымдық қызметіне қаржы-экономикалық сараптау жүргізу міндеті кіретін Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі;

11) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес толықтырылды

  1. өтінімдерді алып жүру орталығы атқарымдық қызметіне инновациялық гранттарды алуға берілген грант алушылардың өтінімдерін қабылдау және алып жүру міндеті енетін Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі;

Осы Ережеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Агенттіктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қолданылатын басқа ұғымдар.

3 тармақ «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. Шартты бақылаудың мақсаты жобаларды тиімді түрде жүзеге асыруда грант алушыларға ықпал ету, грант мақсатына жетуді бақылау, шарт талаптарына сәйкес грант алушының инновациялық грант қаражатын мақсатты пайдалануы, шарт бойынша іс-шараларды орындау барысында Агенттіктің бақылауды жүргізумен қамтамасыз етуі болып табылады.

  2. инновациялық гранттарды беру туралы шарттарды бақылаудың негізгі міндеті:

  1. тармақ «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  2. шарт бойынша грант алушының ұсынатын есеп беру, құжаттар мен ақпараттар негізінде шарт талаптарына сәйкес міндеттерін орындауын тексеру арқылы шарт аясында жобаларды жүзеге асыру жағдайын саралау;

  3. «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес алынып тасталды

3) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. өз құзыретінің шеңберінде жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда грант алушыға ықпал беру және шарт аясында жобаны жүзеге асыруда туындайтын мәселелерді, сондай-ақ жобаның көрсеткіштерін келісіп алып өзгерту арқылы саралау;

  2. Агенттік тарапынан берілген инновациялық гранттар бойынша жобаларды жүзеге асыруда ықпалдастық мәселелері жөніндегі заңды немесе басқа тұлғалар, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдармен қажет болған жағдайда өзара байланыс орнату;

  3. бұдан кейінгі ықпалдастық осы Ереженің 10-бөліміне сәйкес, келешегі бар жобалардың алға жылжуы бойынша жүргізіледі;

  4. жобаларды бақылаудың тиімділігін арттыру.

5-тармақ «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. Шарттарды бақылауды Орталық келесі үлгіде жүзеге асырады:

  1. камералық бақылау – жобаны алып жүру бойынша іс-шаралар, оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру мен Агенттікте және/немесе кез-келген ашық ақпарат көздерінде бар, жобаны жүзеге асыру орнына бармайтындай, грант алушының ұсынатын есеп беру, құжаттар, ақпараттарды саралау арқылы тұрақты түрде инновациялық грант қаражатын мақсатты пайдалану, сонымен бірге шарт бойынша грант алушының өзіне жүктелген міндеттерін орындауын тексеру, жобаны жүзеге асыру барысында туындайтын күрделі мәселелерді анықтау және өз құзыретінің шеңберінде анықталған күрделі мәселелерді шешуге көмектесу.

  2. көшпелі бақылау – грант алушының ұсынған есеп беру, құжаттар, ақпараттарының шынайылығын анықтау мақсатында жобаны жүзеге асыру орнына барып, инновациялық грант қаражатын мақсатты пайдалану және жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастыру, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру барысында туындайтын күрделі мәселелерді анықтау және өз құзыретінің шеңберінде анықталған күрделі мәселелерді шешуге көмектесу.

Қажет болған жағдайда, бақылауды жүзеге асыру барысында сол немесе басқа сала бойынша тәуелсіз сарапшы, сонымен қатар сол салаға сәйкес білімі бар басқа тұлғалар қосылуы мүмкін.

  1. грантты алғаннан кейінгі бақылау – жобаларды жүзеге асырғаннан кейін ұсынылған инновациялық гранттардың тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар: 2017 жылға дейін жасалған шарт бойынша 3 (үш) жыл, 2017 жылдан бастап жасалған шарт бойынша 5(бес) жыл.

  1. Орталық келесі жұмыстарды орындайды:

  1. шарт шеңберінде жобаларды жүзеге асыруды бақылауды жүргізу, грант алушыдан жоба бойынша есеп беруді, құжаттар мен ақпараттарды қабылдау мен қарастыруды іске асыру және тиісті қорытындыларын дайындау;

  2. жасалған шарттарға сәйкес жоба бойынша қаражаттарды төлеуге арналған құжаттарды дайындау;

  3. Агенттіктің инновациялық гранттар ұсынған жобаларды тиімді жүзеге асыруда грант алушыға көмектесуі;

4) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. қажет болған жағдайда, жобаларды жүзеге асыру барысында сұрақтар туындағанда, сонымен қатар аяқталған, бұзылған жоба бойынша (инновациялық грант беруге арналған шарт бойынша) технологиялық сараптау орталығының сарапшысын/тәуелсіз сарапшысын жұмысқа тарту;

5) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. қажет болған жағдайда, бақылауды жүзеге асыру барысында сұрақтар туындағанда, сонымен қатар аяқталған, бұзылған жоба бойынша (инновациялық грант беруге арналған шарт бойынша) сол немесе басқа салаға сәйкес білімі бар тұлғаларды немесе Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерін тарту;

  2. грант алушыларға шарт бойынша есеп беруді әзірлеу және бақылауды жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру;

  3. грант алушыдан түскен жобаларды жүзеге асыру көрсеткіштерін өзгерту мен тиісті өзгертулерді және/немесе толықтыруларды шартқа енгізу, содан кейін қорытындыларды әзірлеу бойынша өтініштерді қарастыру;

  4. жобаларды жүзеге асыруға әсер ететін деректер туралы Агенттік басшылығын уақытында хабардар ету;

9) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. жоба бойынша камералық бақылау мен көшпелі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қатар грантты алғаннан кейінгі бақылауды жүзеге асыру;

  2. «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес алынып тасталды

11) тармақша «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 қарашадағы шешіміне (№54/17 хаттама) сәйкес өзгертілді

  1. өз құзыреті шеңберінде келешегі бар жобалардың алға жылжуы бойынша бұдан әрі ықпал ету;

  2. жобаларды тиімді жүзеге асыру және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын басқа қызметтер.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет