Технологиялық карта



жүктеу 40.75 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі40.75 Kb.

Технологиялық карта

Өтілетін күні: 19.04.2013ж

Тәрбиеші: Тұрсынова.Г

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ-і бойынша: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты: Балаларға үй құстары туралы түсінік беру ,тауық пен балапан туралы ерекше таныстыру, олардың қалай дыбыстайтынымен таныстыру, үй құстары туралы тақпақтар айтқызу арқылы тіл байлығын дамыту, балапанның жетіспейтін бөліктерін тапқызу, үй құстарына қамқорлық жасауға , қорғауға тәрбиелеу.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

ҰОІӘ дайындық

Тосын сәт.

Балалар үстелде ұйықтаған болып көздерін жұмып отырады.Сол кезде әтештің «ку-ка-ре-ку» деген дауысы шығады. Балалар таң атып, күн шығып кетіпті.Кәне бәріміз ұйқыдан оянып, жан-жағымызға қарайықшы,бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Орнымыздан тұрып қонақтармен амандасайықшы.

Балалар күнде ұйқыдан тұрғаннан кейін біз ең бірінші нені көреміз?

Күннің нұрын көрген кезде қалай қуанамыз?

Олай болса бүгінгі күнімізге, арайлап атқан таңымызға, келген қонақтарға, бір-бірімізге, бізді ұйқыдан оятқан әтешке рахмет айтып жақсы тілектер тілейік.

Кәне бәріміз орнымызға отырайық.


Балалар әтештің дауысынан селт етіп көздерін ашты.

Сәлеметсіздер ме,апайлар!
Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

Алақай, Алақай,- деп қол шапалақтайды.

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Бәріміз дос болайық!


ҰОІӘ өткізілуі

Балалар бізді ұйқыдан оятқан қандай құс еді?

Әтешті біз білеміз бе?

Әтеш қайда өсіріледі?

Әтеш туралы қандай тақпақ жаттадық?

Балалар бұдан басқа да үйде өсірілетін құстар бар.

Қазір осы үй құстарын экраннан көріп танысамыз.

Мынау әтеш бұны танимыз.Мынау қаз,мынау үйрек, мынау тауық, мынау балапан.(дыбыстарымен бірге көреді)

Балалар бұл құстардың бәрі үйде адамның көмегімен өсіріледі.Оларға адамдар жылы ұя жасайды, жем ,су береді. Оларға үнемі күтім жасау керек.Құстардың да адамдарға тигізер пайдасы көп.Жұмыртқасын,етін жейді. Жүнінен жастық, көрпе жасайды.

Жұмыртқасынан ,етінен аналарымыз әртүрлі тағамдар пісіреді.Сол себепті бұл құстарды үйде өсіреміз.

Балалар бүгінгі ерекше танысатын құсымыз тауық және оның балапаны. Міне мынау тауық.

Енді сендер балапанның қалай пайда болатынын білгілерің келе ме?

Олай болса бері қарай қойыңдар.

Тауық бізге не беретін еді?

Міне балалар жұмыртқадан балапан пайда болады екен. Балапан үлкен болып өсіп ,тауық болады.

Тауық қалай дыбыстайды кәне бәріміз қайталап жіберейік.

Енді тақтағы қараймыз.

Мынау қандай құс?

Мынау қандай құс?

Тауықтың түсі қандай?

Балапанның түсі қандай?

Тауық пен балапанның дене мүшелерімен таныстыру.

Балалар үй құстары туралы қандай тақпақтар білеміз?

Өте тамаша,бәріміз көптеген тақпақтар біледі екенбіз.

Сергіту сәті.

Құстар қалай ұшады?

Құстар қалай жем,су ішеді..

( қимылмен жасайды)

Балалар енді «Балапанға не жетіспейді?» дидактикалық ойынын ойнайық. (тақтадан балапанның жетіспейтін бөліктерінің бірнеше түрін көрсетіп, балалардың өздеріне құрастырту)



Әтеш
Ия

Үйде


Бәрі хормен айтты.

Оятпа әтеш сен бізді,

Өзімде сездім таң атты.

Сенсіз-ақ білем мезгілді,

Танимын енді сағатты.
Балалар назарларын экранга аударды.

Құстармен және дыбыстарымен танысты.


Экран арқылы құстар тіршілігімен танысты.

Ия


Жұмыртқа

Жұмыртқадан балапанның қалай шығатынын көздерімен көріп, таң қалды.

Қыт-қыт, шиық-шиық
Тауық

Балапан


Ақ

Сары


Тауық пен балапанның дене мүшесімен танысты.

1.Әтешке қарап ән салып,

Әнші болған балапан,

Әтеш болып шақырған.

Соқшы қане алақан.

2.Қазым, қазым қаңқылда

Суда жүзіп саңқылда

Арпа, бидай шашайын

Тойын алып қаңқылда.

3.Тауық, үйрек,қаз,әтеш

Бидай теріп жейді екен,

Тұмсығымен шоқып жеп

Қандай дәмді дейді екен

4.Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт-қыттайды

Ауламыздан шықпайды.

Қимылымен көрсетті.


Балапанның жетіспейтін бөліктерін тауып, орнына дұрыс қойды.




Қорытынды

Сонымен балалар бүгін біз қандай құстармен таныстық?.

Құстар бізге не береді?

Біз құстарға қандай көмек көрсетеміз?

Құстар қалай дыбыстайды? Міне, балалар бүгін сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.



Тауық,балапан
Жұмыртқасын, етін, жүнін

Ұя жасаймыз, жем, су береміз.

Дыбыстап көрсетті.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Балалар үй құстары туралы, немен қоректенетіні, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын.

Үйренеді: Құстарға жем шашып, су беріп, қамқор болу керектігін.



Игереді: Балапанның жетіспейтін бөліктерін құрастыруды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет