Тәжірибелік аудит



жүктеу 359.71 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі359.71 Kb.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономика факультеті
Есеп және аудит кафедрасы

тәжірибелік аудит

050508 "Есеп және аудит"

мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Павлодар


Кереку

2009


УДК 657.6 (07)

ББК 65.053Я7

Т28

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың қаржы-экономика факультетінің есеп және аудит кафедрасының отырысында басуға ұсынылды


Пікірсарапшы:

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.И. Смагулова



Құрастырушы: Г.Г. Темирова

Т28 Тәжірибелік аудит: бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық / құраст. Г.Г. Темирова. – Павлодар : Кереку, 2009. – 25 б.

Әдістемелік нұсқаулықта «Тәжірибелік аудит» пәні бойынша бақылау жұмысты орындау үшін кепілдемелер келтірілген, жұмыстың мақсаты мен есептері аңықталған, тақырыптардың нұсқаулар және тәжирибелік бөлімнің тапсырмалар берілген.

УДК 657.6 (07)

ББК 65.053Я7

© Темирова Г.Г., 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Кіріспе

Нарықтық экономиканың болуы мен дамуы қоғамдағы экономикалық ғылым және өндірістін қатынастар алдында жаңа міндеттерді қояды. Қоғамның құқылығы және заң мүшелері әр түрлі механизмдар арқылы бөлек шаруашылықты субъектілердің (инвестарлар, кредиторлар, акционерлер және т.б.) өндіріс басқармасына қатысады. Бірінші кезекте компаниядағы істердің шынайы жағдай туралы рас ақпаратына ие болғылары келетін кәсіпорындардағы ивесторлар, кредиторлар, бірге құрушылар салуларының сақтауын, қаражатты табандылықты қамтамасыз ететін шарттар құруын қажет пайда болады. Қаражатты есептік және компания әкімшілі ақпарат пайдаланушылар арасында қызығушылықтар айырмашылығының болуы кәсіби аудитті талап етеді.

Компаниялар басшылығы және потенциалды инвесторлар қызығушылықтар арасында нарықтық экономика шарттарыда аудит делдал қызметін атқарады да, ақапарттық мүмкіндік тәуекелді төмендетуге талап етеді. Қазіргі уақытта әрбір кәсіпорын меншіктік тұлғадан тәуелсіз аудиторлардың көментерімен пайдаланады, сондықтан экономика саласындағы аудит өткізуінің теоретикалық және әдістемелік негіздерін білуі міндетті.

Тәжірибелік аудит – белгілеу және әрекет ететін шығарылған заң мен ережелер бойынша осы ақпаратқа сәйкес деңгей туралы өз қорытында пікірін білдіру үшін бұл кейсім негізінде тәуелсіз аудитор қаржылық есептіктің және шаруашылықты субъектінің қаражыттық-шаруашылық қызметінің басқа ақпарат тексерісті іске асыратын процесс.



1 Бақылау жұмысының мақсаты мен міндеттері
«Тәжірибелік аудит» пәні бойынша бақылау жұмысы өздік жұмыс болып табылады және 050508 «Есеп және аудит» мамандығының орта білім негізіндегі сырттай оқытудың төртінші курс студенттерімен орындалады.

«Тәжірибелік аудит» курсы аудит жүргізудің әдісі мен әдіснамасының теориялық және тәжірибедік білімдерін қалыптастыратын арнайы пән болып табылады. Ерекше көңіл аудиторлық қорытындыда ақпараттың әрекеттегі заңдар жинағы мен бекітілген нормативтерге сәйкестік дәрежесі жөнінде ойды анықтау мақсатымен шаруашылық субъектінің қаржылық есептілігі мен қаржылық-шаруашылық әрекеттің басқа да ақпаратын тексеруге бөлінеді.

«Тәжірибелік аудит» курсы бойынша бақылау жұмысының мақсаты – шаруашылық субъект әрекетінің әр түрлі сфераларының практикалық аудитті жүргізудің әдіснамасын студенттердің терең игеруі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қаржылық есептілікті және оның аяқталуын аудиторлық тексеруді жүргізу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Бақылау жұмысын жазудың мақсаты келесі міндеттерді орындау кезінде ашылады:

- курстың белгілі бір тақырыбын тереңдетіп өңдеу арқылы студенттердің теориялық білімдерін бекіту;

- аудит көздерін: бастапқы құжаттарды, есеп регистрлерін, қаржылық және салықтық есептілікті жалпылау мен талдау арқылы аудиттің жалпы теориялық бекітулерін, әдістерін және процедураларын қолдану негізінде студенттерде өздік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;



  • сәйкес есептерді шығару арқылы нақты аудиторлық жағдайларды шешудің тәжірибелік дағдыларын алу;

  • өздігінен зерттеулерді жүргізуге, ішкі аудиттің мәселелерін шешуді іздестіруге, шаруашылық субъектілердегі есеп пен бақылауды ұйымдастыруға студенттердің дайындығын тексеру.


2 Бақылау жұмысының нұсқасын таңдау
Бақылау жұмысы таңдалған нұсқаға сәйкес төменде келтірілген тақырыптарды теориялық және тәжірибелік қарастыру болып табылады. Ол екі бөліктен тұрады: 1 бөлігі – теориялық сұрақты қарастыру; 2 бөлігі – нақты есепті шығару. Нұсқа номері бірінші кесте бойынша анықталады (сынақ кітапшасы бойынша соңғы номер мен Сіздің тегіңіздің (фамилияңыздың) алғашқы әрпінің қиылысындағы нұсқаны таңдаңыз). Алғашқы сан – бұл теориялық сұрақтың номері, екінші сан – есеп номері.
Кесте 1 – Нұсқаны тандау

Сынақ кітапшасының соңғы саны

Фамилияның алғашқы әрпі


А, Б,

В, Г, Д


Е, Ж,

З, И, К


Л, М,

Н, О, П


Р, С, Т,

У, Ф, Х


Ч, Ш, Щ,

Э, Ю, Я


1

1 / 18

18 / 2

20 / 12

17 / 16

9 / 22

2

19 / 5

2 / 4

17 / 16

8 / 8

16 / 6

3

20 / 12

14 / 7

3 / 3

16 / 6

19 / 5

4

4 / 19

21 / 21

15 / 17

4 / 19

15 / 17

5

2 / 4

3 / 3

22 / 24

7 / 15

5 / 20

6

13 / 11

12 / 1

6 / 9

23 / 10

14 / 7

7

11 / 13

10 / 23

7 / 15

13 / 11

24 / 14

8

18 / 2

8 / 8

12 / 1

1 / 18

6 / 9

9

9 / 22

11 / 13

2 / 4

5 / 20

7 / 15

0

10 / 23

3 / 3

4 / 19

8 / 8

9 / 22


3 Бақылау жұмысының тапсырмалары
3.1 Теориялық бөлім
1. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу әдістерінің айырмашылықтары

2. Есептілік саясаты мен есеп жүйесінің аудиті

3. Негізгі құралдар аудитінің кезектілігі және ақпарат көздері

4. Келу және кету бойынша, жөндеу, тозу бойынша операциялардың негізгі құралдарының сақталу аудиті

5. Материалды емес активтер аудиті

6. Сатып алу циклінің аудиті

7. ТМҚ аудитінің ақпарат көздері және ішкі бақылау бойынша сауалнама

8. ТМҚ сақталуы мен пайдалануын тексерудің негізгі процедуралары

9. Еңбек төлемі бойынша құралдар қозғалысының циклін бақылау элементтері және ішкі бақылау сауалнамасы

10. Еңбекақы есебі мен ұйымдасуын тексерудің аудиторлық процедуралары

11. Ақшалай құралдардың аудиті

12. Қаржылық нәтижелердің қалыптасуы мен іске асырылуы циклінің аудиті

13. Табыстар аудитіндегі жүзеге асыру циклі бойынша жалпы ұғымдар мен негізгі үрдістер

14. Табыстар саласындағы ішкі шаруашылық бақылау процедуралары

15. Дебиторлық берешек аудиті

16. Өндіріс циклінің аудиті

17. Өнімнің, жұмыстың, қызметтердің өзіндік құны аудитінің ақпараттық қамтамасыздануы және жалпы ұғымдар

18. Кезең шығындарының аудиті

19. Корпоративті табыс салығы аудитінің бөлігі ретінде жиынтық табыстар мен ұстап қалуларды тексеру аудиті

20. Кредиторлық берешекті аудиторлық тексеру

21. Меншік капитал аудиті

22. Активтердің, меншік капитал мен міндеттемелердің жағдайын аудиторлық бағалау. Аудиттегі аналитикалық процедуралар

23. Заудиттің қорытынды сатысы

24. Жолдама қызметтер


3.2 Тәжірибелік бөлім
1 есеп

Меншік капитал аудитінің бағдарламасы

31.12.00 - 1.01.02 жж. периоды ішінде «Заря» ААҚ-ның меншік капиталын тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларын, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базасын анықтау. Аудитор Ескендірованың М.Н. көмекшілері Түлегенов А.Е. пен Абрамович М.А. арасында аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Аудит бағдарламасы 10 позициядан кем емес болуы тиіс. Әзірлеу кезінде 2 кестені қолданыңыз.
Кесте 2 – «Заря» ААҚ-ның меншік капиталы аудитінің жұмыс бағдарламасы 31.12.00 - 1.01.02 ж.ж. кезеңі ішінде


Тексеру саласы

Аудит бөлімдері бойынша аудиторлық процедуралардың тізімі

Орындаушы

Ақпараттық

база


2 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«Сана» ЖШС «Ақша құралдарының аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тестілер әзірлеу. Тестілеу нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 11 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей жауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болжаңыз және «Сана» ЖШС ақшалай құралдарын ішкі бақылаудың тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 3 кестені қолданыңыз.
Кесте 3 – «Сана» ЖШС ақшалай құралдары саласындағы ішкі бақылаудың қортынды тесті


Тестілеу сұрақтары

Жауап жоқ

Иә

Жоқ

Кассада ақшалай құралдардың бар болуын кенеттен тексеруді жүйелі түрде жүргізу үшін тұрақты әрекет ететін комиссияны тағайындау жөнінде кәсіпорында жетекшілердің бұйрығы бар ма?

8

3

-

Кассир бухгалтердің және кассирдің жұмысын қосымша атқара ма?

-

4

7










3 есеп

Нақты ақша саласындағы ішкі бақылау аудиті

Өнер қоғамында халықтың мәдени дамуына арналған мұражайы бар. Мұражайдық жұмыс уақыты кезінде екі қызметші осы қоғамның мүшесі болып табылмайтындардың бәрінен кіру үшін бес доллар көлемінде ақы жинайды. Өнер қоғамының мүшелеріне мүшелік карточкаларды көрсеткен кезде тегін кіру рұқсат етілген.

Күннің соңында қызметшілердің біреуі кассирге ақша түсімін жібереді. Кассир барлық ақша түсімін санап, сейфте сақтайды. Әрбір жұма күні түстен кейін кассир және қызметшілердің біреуі ақшалай құралдардың барлық сомасын банкке жібереді және ақшалай түсімдер журналында апта сайынғы есептеулер үшін негіз болып табылатын депозит жарнасы жөнінде куәландырылған бланк алады.

Өнер қоғамының директорлар кеңесі кіру үшін төлем жинауға қатысты өзінің ішкі бақылауын күшейту қажеттілігін бекітті. Кеңес билеттерді сатуға арнлаған турникетті немесе арнайы орындарды орнату алынатын кез келен табыстан әлдеқайда асатынын анықтады. Бірақ кіру билеттерін сату бақылаудың жалпы жүйесін жетілдіруге бағытталған барлық күштердің құрам бөлігі болуы тиіс екеніне кеңес келісті.

Өнер қоғамының директорлар кеңесі кіру үшін төлем жинауға қатысты ішкі бақылаудың шолуын жүргізуді және жетекшілікке өзіңіздің ұсыныстарыңызды келтіруіңізді Сізден сұрайды.

Анықтау керек: кіру үшін төлем жинауға қатысты ішкі бақылаудың әлсіз жақтарын және осы әлсіз жақтарын жою жолын ұсыну қажет.


Жауапты 4 кесте сәйкес беріңіз.
Кесте 4 – Әлсіз жақтары және ұсыныстар

Әлсіз жақ

Ұсыныстар

1 Кіру үшін ақы төлеген тұлғалар саны бойынша құжаттама құру үшін негіз жоқ.

1 Кіру үшін төлем кезінде алдын ала номерленген кіру билеттерін беру


4 есеп

Дебиторлық берешек аудиті

«Ока өзенінің ресурстарын басқару» - Ока өзенінің бассейніндегі суларды бақылау, сақтау және қорғау, сонымен қатар арна маңы топырағын сақтау мен қорғау үшін, гидроэнергияны, ирригацияны өндіру үшін су ағынын реттеу мақсатында құрылған мемлекеттік инструмент.

Басқарманың директорлар кеңесі 2007 жылдың 30 маусымына аяқталған кезең ішінде аудит жүргізу үшін бізді таңдады. Аралық жұмыс наурызда аяқталды және компанияның негізгі әрекетінің процедураларын шолу кезінде және ішкі бақылау тестілерін жүргізу кезінде келесі анықталды:

1) басқарманың бас офистен 300 км радиуста орналасқан үш филиалы бар, олардың әрқайсысы өз аймағында әрекет етеді. Филиалдардың қызметтеріне электростанцияларға қызмет көрсету, есептеуші құралдардың көрсеткіштерін алу, шоттар жазу, клиенттердің регистрлерін жүргізу, дебиторлық берешекті жинау және бас кітаптың шотына енгізу үшін бас офистің бухгалтериясына жіберілетін әр түрлі ағымдардағы есептерді дайындау кіреді;



  1. басқарма жауапты жұмысшылардың бақылауында болатын әр түрлі бөлімдерден тұрады. Жауапты жұмысшылар келесі қызметтерді атқарады:

(а) есептеуші құралдарды орнату, (б) есептеуші құралдардың көрсеткіштерін алу, (в) шоттар жазу және дебиторлық берешек регистрінде шоттарды тарату, (г) ақшалай құралдарды жинау, (д) несиелерді бекіту және несиелермен кейінгі жұмыстар, (е) бухгалтерлік есеп;

3) бас офис бухгалтериясының қызметкерлері ішкі аудит қызметін атқарады және кем дегенде екі жылда бір рет әрбір филиалда аудит жүргізеді. Ішкі аудиттер ауқымды болып табылады, бірақ алу шоттарын, банктік қалдықтар және төленбеген міндеттемелер шоттарын растау жатпайдыды;

4) электр энергиясын көтерме тарифтер бойынша сату кезінде және ірі коммерциялық және өнеркәсіптік клиенттерге сату кезінде шоттар келісіммен анықталған тарифтер бойынша жазылады. Ирригацияға суды сату келісіммен анықталған тарифтер бойынша жүзеге асырылады;

5) қаржылық-шаруашылық әрекет нәтижелері жөніндегі есепке сәйкес жіктелген қызмет көрсетілетін клиеттер саны: көтерме сату 50, халыққа бөлшектеп сату 9.000, бөлшек коммерциялық 1.600 және суды тұтынушылар- 150;

6) сәуірден қыркүйек аралығында ауыл шаруашылық мерзім бойы пайдаланылған судың көлемінен тәуелсіз келісім шарттарына сәйкес ирригациялық суға келісімдерден табыс акр үшін стандартты тарифте негізінделген. Басқарма табысты ай сайын есептейді және ауыл шаруашылық мерзімнің соңында фермерлерге шоттарды көрсетеді;

7) басқарма электр энергиясын тұтынушылардың барлығы электр есептеуші құралдарын құрғанға дейін депозит төлегенін талап етеді. Халық депозитті $5 көлемінде төлеуі тиіс, қалған тұтынушылар үшін депозиттер $5-дан $100 дейін өзгеріп отырады. Сенімсіз берешек – сирек құбылыс және соңғы жылдары депозитті ұстап қалудан кейін минимумға жеткізілді;

8) сатылған киловатт-сағаттардың жалпы саны қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері жөніндегі есептерде табыстарды есепке алу үшін қолданылатын жіктемені пайдаланумен ескеріледі;

9) алуға шоттар негізінен әр айда төленеді;

10) ішкі бақылау бойынша біздің жұмыста операциялар есебі кезінде немесе активтердің сақталуын қамтамасыз ету кезінде біз маңызды бұзушылықтарды таппадық;

11) жыл бұрын басқа аудитормен тексерілген қаржылық есептіліктің үзіндісі.

Шығыс мәліметтер 5 кестеде көрсетілген.

Кесте 5 – Шығыс мәліметтер



Баланс

Қаржылық-шаруашылық әрекет нәтижелері жөнінде есеп

Ақша құралдары


Алуға шоттар:

$277.710

Электр энергиясын сату




Электр энергиясын тұтынушылар

401.823

Көтерме сату




Ирригация бойынша есептелген келісім-шарттар

141.825


Муниципалитеттер

$1.802.516

Алуға вексельдер

484

Қалалық кооперативтер

954.919

Сенімсіз берешек бойынша резерв

(584)


Басқа коммуналды қызметтер

759.160


Барлығы активтер

37.306.309

Бөлшектеп сату




Клиенттердің депозиттері

(57.226)

Коммерциялық

771.565







Халыққа

345.045







Негізгі әрекеттен басқа да табыс









Суды сату

280.460







Кооперативтер төлемдері

131.699







Басқа

32.209







Таза табыс

1.263.700

Осы мәліметтер Басқарма дайындаған ағымдағы кезең үшін есептермен сәйкес келеді.


Қажет:

1) дебиторлық берешекті растау үшін қандай процедуралар қолданылатын болады? Пошта бойынша растаулар қашан жіберілетін жағдайларды, растаудың қай түрі қолданылатынын, неше шот расталатынын көрсетіңіз;

2) сенімсіз берешек бойынша резервтің жеткіліктігін анықтау үшін қандай әдістер қолданылуы тиіс;

3) қаржылық-шаруашылық әрекет нәтижелері жөнінде есептерде көрсетілген табыстар сомасы негізделегндігін анықтау үшін аудиттің қай қадамдары орындалуы тиіс?


5 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«Маркет» ЖШС «Дебиторлық берешек аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тестілер әзірлеу. Тестілеу нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 8 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей жауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болжаңыз және «Маркет» ЖШС дебиторлық берешекті ішкі бақылаудың тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2 есепте келтірілген форматты қолданыңыз.
6 есеп

Дебиторлық берешек аудиті

«Пеликан» компаниясының аудиті кезінде келесі жағдайлар тәжірибесіз штатты аудитормен анықталмады:

1) дебиторлық берешек мерзімдері бойынша бөлудің клиент схемасындағы мерзімдер бойынша кейбір шоттар дұрыс емес бөлінген;

2) дебиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті күтілген нәтижелерден әлдеқайда төмен болып шықты;

3) жүктелмеген тауарларға шоттар жазылды;

4) жыл соңындағы бірнеше сатулар басқа есептік кезеңде есептелді;

5) кейбір сатулардың сомалары дұрыс көрсетілген, бірақ дебиторлық берешек регистрінде басқа клиенттердің шоттарына жатқызылған;

6) сенімсіз берешек бойынша резерв сомасы төмендетілген;

7) шоттар бойынша кейбір сатулардың қате сомалары есепке алынды және таратылды;

8) дебиторлық берешек регистрінде қорытынды жүргізу кезінде математикалық қателіктер жіберілген;

9) баланс күніне жағдай бойынша сатудың есептелмеген сомасы келесі айда алынған;

10) бірнеше жалған сатулар есепке алынды;

11) қарызды қамтамасыз ету ретінде клиенттің кейбір шоттарының кепілі бухгалтерлік баланста көрсетілмеген;

12) жыл соңында алынған ақша құралдарының бөлігі басқа есептік кезеңде есепке алынған.

Қажет:

- әрбір қателікті табуға көмектесетін маңызы бойынша тестілерді анықтау;



- бірінші пунктінде анықталған маңызы бойынша әрбір тест үшін шоттың қалдығына қатысты аудитордың мақсатын көрсетіңіз;

- маңызы бойынша әрбір тест кезінде алынған дәлелдердің типін көрсетңіз (мысалы, физикалық, растаулар, математикалық, ауызша немесе аналитикалық).

(Әрбір бөлік үшін бір колонкасы бар кесте форматын қолданыңыз).
7 есеп

Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы

«Маслодел» ААҚ 31.12.01 - 1.01.03 ж.ж. кезеңінің дебиторлық берешекті тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, аудиттің негізгі салаларын, нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базасын анықтау. Аудитор Филимоновтың Н.В. көмекшілері Струнова А.Н. мен Ахмадиеваның Д.А. арасында аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз. Аудит бағдарламасы 10-нан кем емес позициядан құрылуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1-есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.


8 есеп

Сатып алу циклінің аудиті

Компания жетекшілігі зауыттан алынған бөлшектер үшін ақша құралдарын төлеуді ішкі бақылау жүйесінің шолуын жүргізуді өтінді. Ақша құралдарын төлеу зауыттарда дайындалған және бекітілген ақшалай ақтаулы құжаттар негізінде орталықтанған түрде бас офистерде өңделеді. Әрбір зауыт бөлшектерді өзінің жеке өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алады.

Жетекшіліктің өтінішіне жауап ретінде зауыт өндіретін бөлшектерді сатып алу кезіндегі төлемдердің ішкі бақылау жүйесін мұқият бағалау жоспарланды. Келісімді жоспарлаудың алдын ала қадамы ретінде зауыттың әрбір менеджерін бөлшектер төлемі бойынша ақшалай ақтаулы құжаттарды өңдеу бойынша зауыттың процедураларын жазбаша түрде сипаттауды сұрады. Төменде осындай сипаттаманың үзіндісі келтірілген:

1) сатып алу бөлімі қойма меңгерушісі келтірген өтінімге сәйкес әрекет етеі;

2) тапсырыстар сатып алу тапсырысының алдын ала номерленген бланктерінде құрастырылады;

3) толық толтырылған реквизиттері бар сатып алуға тапсырыс көшірмесі алу бөліміне жіберіледі;

4) тауарлар алынған кезде алуға тапсырыс көшірмесіне «тапсырыс алынды» штампын қойып, қабылдау бөлімі жеткізуді тіркейді және кредиторлық берешек бөліміне тапсырысты береді;

5) сатып алуға тапсырыстар, сатып алуға тапсырыстардың белгіленген көшірмелері мен жеткізушілердің шот-фактуралары төлем шоттарымен салыстырылады;

6) жеткізушілердің щот-фактураларды толтыру дәлдігі кредиторлық берешек бөлімінің қызметшілерімен тексеріледі;

7) төлем бойынша ақшалай ақтаулы алдын ала номерленген құжаттар зауыттың бас бухгалтеріне растайтын құжаттармен бірге дайындалып беріледі;

8) растайтын құжаттар кредиторлық берешек бөліміне сақтау үшін қайтарылады, ал бекітілген ақшалай ақтаулы құжаттар корпорацияның бас офисіне төлем үшін беріледі;

9) корпорацияның бас офисімен берілген чектер тізімі бар есептерді кредиторлық берешек бөлімі алады және сақтайды.


Анықтау керек:


Төлем бойынша жоғарыда көрсетілген процедуралардың әрқайсысы үшін ішкі бақылаудың жақсы жүйесіне сәйкес келе ме және әрбір процедура ішкі бақылауды қалайша күшейтетінін немесе әлсіздендіретінін сипаттаңыз.

Жауапты 6 кесте сәйкес беріңіз.


Кесте 6– Ішкі бақылауды бағалау

Сәйкес келеді/

Сәйкес келмейді



Күшейтеді немесе әлсіздендіреді

  1. (Мысал)

Сәйкес келеді

Сатып алуға өтінімдер тапсырысқа сәйкес сатып алудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.



9 есеп

Сатып алу циклінің аудиті

“Халық” – соңғы бірнеше жыл ішінде өз қуаттылығын ұлғайтқан өндірістік компания. 2000 жылдың 31 мамырында аяқталған кезең ішіндегі осы компанияның тексеріс нәтижелеріне негізделе отырып, жетекшілікке ішкі бақылаудың белгілі бір әлсіз жақтары көрсетілген ішкі бақылау бойынша сіз меморандум шығардыңыз. «Халық» компаниясының бас бухгалтері ішкі бақылау жүйесі үшін компания тым ірі екенін мойындады және сіздің ойыңызша компанияның сатып алу және сату жүйесінде жұмыс істейтін бақылау түрі бойынша сізден кеңес сұрайды.

Қажет:

а) бас бухгалтерді міндеттердің негізгі бөлінуі жөнінде ақпараттандыру және өз түсіндірмелеріңді беру;



б) «Халық» компаниясының сауда кредиторлық жүйесінің және сатып алужың келесі функцияларында сіз анықтаймын деген ішкі бақылаудың негізгі тән белгілері жөнінде кеңес беру:

  1. сатып алу;

  2. тауар қабылдау;

  3. сатып алулар есебі;


10 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«София» ЖШС «Кредиторлық берешек аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тестілер әзірлеу. Тестілеу нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 15 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей жауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болжаңыз және «София» ЖШС дебиторлық берешек саласындағы ішкі бақылаудың тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2-есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.
11 есеп

Кредиторлық берешек аудитінің бағдарламасы

«Заря» ААҚ-ның 31.12.00 – 01.01.02 ж.ж. кезеңі ішіндегі кредиторлық берешекті тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларды, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базасын анықтау. Аудитор Н.М. Ахметовтың көмекшілері М.С. Воркунова мен М.К. Абдрасилованың арасында аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Бағдарлама 10-нан кем емес позициядан құрылуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1 есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.
12 есеп

Кредиторлық берешек аудиті

Семенов – «Заря» компаниясының аудиторы. Семенов ағымдағы жыл ішіндегі келісімге сәйкес кредиторлық берешекке қатысты орындалуы тиіс аудиторлық жұмыс жөніндегі мәселені қарастырады.

Өткен жыл құжаттары «Заря» корпорациясының мың жеткізушілерінен 100-не растау жөніндегі сұраулары жіберілгендігін куәландырады. Жеткізушілер ақша көрінісінде үлкен қалдықтары бар шоттарды іріктеу мақсатымен Семенов жүргізген таңдама негізінде іріктелді. Растау жөніндегі сұрауларға жауаптар мен бухгалтерлік құжаттар арасындағы салыстырмалы түрде үлкен емес айырмашылықтар туралы мәселені шешу кезінде «Заря» клопорациясы мен Семенов көп уақыт кетірді. Растау жөніндегі сұрауларға жауап қайтармаған жеткізушілерге қатысты альтернативті аудиторлық процедуралар қолданылды.

Қажет:


1) мәні бойынша тестілерді анықтау кезінде Семенов кредиторлық берешек туралы қандай бекітулерді қарастыруы қажет екенін анықтау;

2) төлемге шоттарды растауды Семенов қашан қолданғаны жөн және оларды қолданудың қажеттілігі бар маекенін талқылаңыз;

3) растау үшін төлемге шоттарды іріктеу үшін негіз ретінде ақшалай көріністегі ірі қалдықтарды пайдалану неге ең рационалды емес әдіс екенін талқылаңыз және растау үшін төлемге шоттарды іріктеу кезінде қандай рационалды әдістерді қолдануға болады?
13 есеп

Ақша құралдарының аудиті

Мәліметтер «Алмаз» компаниясының есеп айырысу шотына жатады:

1) баланс бойынша есеп айырысу шотындағы ақша құралдарының қалдығы: 30 қарашасына - $38.500; 31 желтоқсанда - $47,030;

2) банк құжаттарына сәйкес шоттағы қалдық: 30 қарашада - $39.580; 31 желтоқсанда - $44.500;

3) жолдағы депозит: 30 қарашада - $5.200; 31 желтоқсанда - $6.500;

4) төленбеген чектер: 30 қарашада - $6.300; 31 желтоқсанда - $4,300;

5) банк қызметтер төлеу: 30 қарашада - $20; 31 желтоқсанда - $30. “Алмаз” банк қызметтерін төлеуді келесі айда ескереді;

6) желтоқсанда ақшалай жабумен қамтамасыз етілмеген сома: $300. “Алмаз” компаниясы ескертуге байланысты ешқандай проводкаларды жасаған жоқ. Чек бойынша қайта депозит қаңтарда жасалды;

7) банктік көшірмеге сәйкес желтоқсандағы депозиттің қорытынды сомасы: $247.700;

8) бухгалтерлік баланс бойынша (жолдағы депозиттерді қоса) желтоқсанда алынған ақша құралдары: $250,000;

9) бухгалтерлік балансқа сәйкес желтоқсандағы ақша құралдарын төлеу: $241,470.

Қажет:


- желтоқсан ішіндегі ақша құралдарының дәлелін дайындау;

- бұзушылықтар болды ма? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

- 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша құралдарының дұрыс қалдығы қандай?
14 есеп

ТМҚ аудитінің бағдарламасы

«Восток» ААҚ 31.12.01 - 1.01.03 ж.ж. кезеңі ішіндегі ТМҚ тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларын, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базаны анықтау. Аудитор З.А. Мухамедкалиеваның көмекшілері А.Т. Франк пен В.Д. Хрукин арасындағы аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Аудит бағдарламасы 10кем емес позициядан құрылуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1 есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.
15 есеп

ТМҚ саласындағы ішкі бақылау аудиті

«Шторм» компаниясы өндірісте пластмассалық өнімдерді пайдалану үшін әр түрлі химиялық өнімдерді өндіреді. Зауыт екі ауысымда, аптасына бес күн жұмыс істейді, техникалық қызмет көрсету үшінші ауысымда және сенбі күндері жүзеге асырылады, егер қажеттілік болса.

Жуырда жаңа ішкі аудит бөлімінің персоналы аудит жүргізді және ішкі аудит жүйесіне қатысты комментарийлер қолайсыз болды. Аудиторлардың комментарийлері материалдардың қозғалысы мен шикізаттың ішкі бақылау компоненттеріне жатқызылды.

Шикізатты тікелей зауытта алады, сериялық өндірістің жұмысшыларының бірі оған қол қояды және одан кейін шикізат сериялық өндірістің бастапқы үрдісі орналасатын орынның маңында сақталады. Қабылдау жөніндегі биркалар бақылаушы бір күн ішінде беріледі, содан кейін күннің соңында ол биркаларды ТМҚ бақылау бөліміне береді. ТМҚ бақылау бөлімі фактілік өндіріс жөніндегі апта сайынғы есептерді және стандартты формулаларды қолдана отырып, материалдарды тұтынуды есептейді. Түгендеу квартал сайын жүргізіледі. Сатып алулар жөніндегі өтінімдерді ТМҚ бақылау бөлімі дайындайды, және де жиі жедел тапсырыстар пайда болады. Жедел тапсырыстар үшін шикізат қажеттілігіне қарамастан өндіріс меңгерушісі бақылаушыдан ТМҚ құны жоғары болғандықтан ТМҚ деңгейі жеткілікті жоғары болуы тиіс деген қызмет хаттарын жиі алып тұрады.

Техникалық қызмет көрсетуге арналған бөлшектер қоймада сақталады. Екі ауысымда қоймашы жұмыс істейді. Өтінімдер қоймадан кез келген нәрсе алынған кезде әрқашан рәсімделуі тиіс, бірақ бұл шарт үнемі орындалмайды. Қоймадан бөлшектерді жедел түрде алу қажеттілігіне байланысты қоймашы жоқ болған уақытта қойма құлыпқа жабылмайды. Сонымен қатар үшінші ауысымның жұмысы уақытында жабылмайды, өйткені техникалық қызмет көрсету бойынша бригада қажетті бөліктерді алады. Алу жөніндегі өтінімдерді қоймашы дайындайды. Түгендеу циклді түрде жүргізіледі. Жиі жедел тапсырыстар рәсімделеді.

Қажет:


- «Шторм» компаниясының (1) элементтерге және (2) техникалық қызмет көрсету бойынша материалдарға қатысты ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктерін анықтау;

- осы аспектілердің әрқайсысын жақсартуға қатысты ұсыныстар жасаңдар.


16 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«Армада» ЖШС «Жеке капитал аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тестілер әзірлеңіз. Тестілеудің нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 14 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей жауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болжаңыз және «Армада» ЖШС жеке капиталы саласындағы ішкі бақылаудың тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2 есепте келтірілген кестені қолданыңыз.
17 есеп

ТМҚ аудиті

«Жемчужина» компаниясының аудиті кезінде ТМҚ сальдосы мәнісі бойынша тестілерді орындау кезінде аудитор Якушев потенциалды кемшіліктердің бар екендігін мойындады:

1) ТМҚ барлық баптары қайта есептелмеген;

2) клиенттің ТМҚ қорытындыларында қателіктер жіберілген;

3) кезең соңында алынған тауарлар, мүмкін, түгендеуге қосылды, бірақ бухгалтерлік құжаттарда көрсетілмеген;

4) моральді ескірген немесе бүлінген ТМҚ қоймада белгіленбеді;

5) қоймада деп саналатын ТМҚ мүмкін жоқ;

6) клиент персоналы, мүмкін, ТМҚ қате қайта санады;

7) өзіндік құннан және нарықтық құннан ең кіші әдісі, мүмкін, дұрыс емес қолданылды;

8) Тмқ-да мүмкін бос контейнерлер қосылды;

9) консигнациядағы тауарлар, мүмкін, ТМҚ-на қосылды;

10) сатып алу жөніндегі келісімдерден шығындар, мүмкін, мойындалмады.


Қажет:


- әрбір қателікті табуға көмектесетін мәні ьойынша тестілерді анықтау;

- әрбір тест үшін қаржылық есептіліктің бекіту(лер)ін көрсетіңіз;

- мәні бойынша әрбір тест нәтижесінде алынған дәлелдер типтерін (яғни физикалық, растау, құжаттық, жазбаша өтініштер, математикалық, ауызша немесе аналитиакалық) көрсетіңіз. (Сұрақтарға жауаптар үшін кесте форматын қолданыңыз: әрбір бөлік үшін бір колонка).

18 есеп

ТМҚ өтпелі қалдықтарының аудиті


Сіз «Лилия» компаниясының 1 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішіндегі аудитін жүргізуге келісім жасадыңыз.

Қорлардан 1 жылдың 30 желтоқсанына дейін «Лилия» компаниясының сатып алушыларына жіберілген тауарлар ғана алып тасталды. Түгендеуге сәйкес қорлар компанияның бас бухгалтерімен бухгалтерлік кітаптарда бейнеленді. Үздіксіз түгендеу бойынша ешқандай жазбалар жүргізілмейді. Барлық сатулар ФОБ жағдайында жүргізіледі – меншік құқығы жүктеу пунктінде берілетінін есебімен жүктеу станциясы. Сізге барлық шот-фактуралар дұрыс көрсетілген деп ойлау қажет.

7 кестеде 1 жылдың желтоқсаны мен сәйкес 2 жылдың қаңтары ішінде сату журналына енгізілген сату бойынша шот-фактуралар тізімі көрсетілген.

Қажет: кезеңдер бойынша сатуды шексіздендіруді талдау негізінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, 31 желтоқсанға қажетті корректорлық журналдық бухгалтерлік жазбаларды көрсетіңіз.


Кесте 7 – Сату журналы



Шот-фактуралар бойынша сату сомасы

Сату бойынша шот-фактура күні

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Жүк тиеу күні

Желтоқсан

a. $3.000

21 желтоқсан

$2.000

31 желтоқсан

b. 2.000

31 желтоқсан

800

3 қараша

c. 1.000

29 желтоқсан

600

30 желтоқсан

d. 4.000

31 желтоқсан

2.400

3 қаңтар

e. 10.000

30 желтоқсан

5.600

29 желтоқсан (консигнацияға жіберілді)

Қаңтар

f. $6.000

31 желтоқсан

$4.000

30 желтоқсан

g. 4.000

2 қаңтар

2.300

2 қаңтар

h. 8.000

3 қаңтар

5.500

31 желтоқсан


19 есеп

Негізгі құралдар аудиті

Рахимов, аудитор, баланстық есептілікте «Негізгі құралдар» бабы бар өндірістік компанияның қаржылық есептіліктерін тексеруді жүргізеді. Компания жетекшілігі Рахимовтен «Негізгі құралдар» бабына қосылған немесе қосылмаған төменде көрсетілген маңызды баптар үшін корректировкалар мен ре-классификациялар қажет пе екенін сұрады:

1) жыл ішінде жер учаскесі сатып алынды. Келесі жылы осы учаскеде компанияның бас офисі салынады. Сатып алу қозғалмайтын мүлікті сату бойынша агентіне төленді және жер учаскесінен бұрыңғы иесінің қондырғыларын шығару бойынша барлық шығындар төленді. Осы шығындар шығындар бабында тіркелді және «Негізгі құралдарға» қосылмады;

2) жерді құрылысқа дайындау үшін учаскені тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл шығындар «Негізгі құралдарға» қосылды;

3) жерді тазалау нәтижесінде алынған орман материалдары мен гравий сатылды. Орман материалдары мен гравийді сатудан алынған табыс «Басқа табыстар» шотында бейнеленді және «негізгі құралдарға» қосылмады;

4) машиналар кешені роялти келісімі бойынша сатып алынды. Роялти төлемдері өндірілген бірліктер негізінде есептелінеді. Машиналардың өзіндік құны, оларды жеткізу, жүктеу және роялти төлемдері «Негізгі құралдар» шотына капиталданды және қосылды.

Табу керек:

- «Негізгі құралдар» үшін аудиттің мақсаттарын анықтау және әрбір бапқа қатысты мәні бойынша негізгі тесттерді көрсету.

- 1-4 пункттерінің әрқайсысы үшін түзетулер мен ре-классификациялау қажеттілігін анықтау. Мұндай түзетулер мен ре-классификациялаулардың қажеттігін немесе қажетсіздігін түсіндіріңіз. Жауабыңызды 8 кесте түрінде келтіріңіз.
Кесте 8 – Түзету мен реклассификациялар


Түзетудің немесе ре-классификациялаудың қажеттілігі бар ма?

Иә / Жоқ


Түзету мен ре-классификациялауды өткізудің қажеттілігінің немес қажетсіздігінің себептері








20 есеп

Негізгі құралдар аудиті

Пирогов, тәуелсіз аудитор, 2005 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жыл ішіндегі «Макет» компаниясының қаржылық есептіліктерін аудиторлық тексерісін жүргізуде қатысты. «Макет» компаниясының балансында компания өз әрекетінде пайдаланатын мобильді құрылыс қондырғыларының елеулі саны есептеледі. Қондырғылар сальдосы көмекші кітапта есепке алынады. Пирогов ішкі бақылау құрылымын зерттеп бағалады және сәйкес келетін деп мойындады.

Табу керек:

Пирогов «Макет» компаниясының мобильді құрылыс қондырғылары мен қаржылық есептіліктердегі сәйкес шоттардың тозуын тексеру үшін жүргізуі тиіс мәні бойынша тестілерді анықтау.


21 есеп

Табыстар аудитінің бағдарламасы

«Қызыл май» ААҚ 31.12.01. – 1.01.03 ж.ж. кезеңі ішіндегі табыстарды тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларын, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базаны анықтау. Аудитор М.Н. Ергалиевтің көмекшілері С.Е.Трунова мен С.Р.Дюсембекова арасындағы аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Аудит бағдарламасы 10 позициядан кем емес болуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1-есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.
22 есеп

Инвестициялық цикл аудиті

«Траст» компаниясының инвестициялық циклінің шоттар сальдосын тексеру кезінде аудитор Куприн келесі ауытқулар пайда болуы мүмкін немесе бар екенін анықтады:

1) алуға проценттерді есептеуде математикалық қателік жіберілді;

2) аффилирленген компанияның кәдімгі акцияларының 25% инвестициялары бастапқы құны бойынша есептеледі;

3) иесі сыртқы қамқоршы болып табылатын құнды қағаздар қазынашының атына жазылған;

4) кезеңнің басында иелікте болған құнды қағаздар жеке пайдалануға шілдеде берілді және желтоқсанда ауыстырылды;

5) құнды қағаздарды рұқсат етілген сатып алулары бастапқы құны бойынша есепке алынды, ал брокерлік қызметтерді төлеу шығындарға есептелді;

6) қолда бар деп есептелген акциялардың 10-ы жоқ;

7) акциядағы нарықтық инвестициялар ағымдағы нарықтық бағадан асатын бастапқы құны бойынша есептеледі;

8) нарықтық құнды қағаздар реестрі шоттардың бас кітабына сәйкес келмейді;

9) құнды қағаздарды сатудан алынған табыс салық салудан кейін есептеледі;

10) банктік несиені қамтамасыз ету ретінде салынған құнды қағаздардың ашылуы жоқ.

Анықтау керек:

- ауытқудың әрқайсысын табуы тиіс мәні бойынша тестілердің түрлерін анықтау;

- әрбір тест мәні бойынша жататын қаржылық есептердегі бекітулерді көрсетіңіз;

- мәні бойынша тестілерді жүргізу нәтижесінде алынған дәлелдердің түрлерін көрсетіңіз (мысалы, физикалық, растайтын, құжаттық, жазбаша көрсетулер, математикалық, ауызша немесе аналитикалық). Жауабыңызды а, б, в бөліктерінің әрқайсысы үшін жеке бағана қолдана отырып, кесте түрінде рәсімдеңіз.


23 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«Жүніс» ЖШС «Негізгі құралдар аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тесттер әзірлеу. Тестілеу нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 12 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей ауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болджаңыз және «Жүніс» ЖШС негізгі құралдарының ішкі бақылауының тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2-есепте келтірілген кестені қолданыңыз.
24 есеп

Төлемге шоттар аудиті

Сіздің компанияңыз «Бронь» компаниясының 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі қаржылық есептерді аудиторлық тексеруін жүргізді. Компания аспаптардың негізгі түрлерін өндіреді және дилерлер мен дистрибьютерлердің қызметін пайдалана отырып, нарыққа жеткізеді.

Сіз төлемге шоттар тексерісін жүргізуіңіз тиіс. Осы дивизияның жеткізушілері алдында кредиторлық берешек $2500 000 құрайды, бұл төлемге барлық шоттардың 60% болып табылады. Төлемге шоттар барлық міндеттемелердің 60% және барлық міндеттемелер мен жеке капиталдың 30% құрайды. Осы жыл ішіндегі таза табыс $3 000 000 құрады.

Жеткізушілерден шот-фактуралар сатып алу бөліміне келіп түседі, мұнда олар тауар қабылдау жөніндегі есептермен және саны мен бағасының сәйкестігіне сатып алу тапсырыстармен салыстырылады. Қабылдау жөніндегі шот-фактуралар мен есептер содан кейін математикалық дәлдікті тексеру үшін және төлемге қорытынды рұқсат алу үшін бухгалтерия бөліміне жіберіледі.

Төлем күні (айдың жетінші жұмыс күні) тауарды қабылдау жөніндегі есептері тіркелген шот-фактуралар екі топтар арасында бөлінеді: бір топқа өткен айдық күні қойылған тауарды қабылдау жөніндегі есептері бар шот-фактуралар іріктелсе, екінші топқа – ағымдағы айдың күні қойылған тауарды қабылдау туралы есептері бар шот-фактуралар. Содан соң қорытынды сомасы мен жеке әрбір топ үшін кезекті тәртіп номерінен құралатын салыстыру журналы толтырылады. Қаржылық есептерде құралатын төлемге шоттар өткен кезең күні қойылған салыстыру журналынан тауарды қабылдау жөніндегі есептері бар барлық шот-фактуралардың қорытынды сомасы болып табылады. Растайтын құжаттарды тіркеу журналы жүргізілмейді.

Сатып алу бөлімі сәйкес келмеген қабылдау жөніндегі есептер мен шот-фактураларды сақтайды.

Шоттарды жабу бойынша компанияда бекітілген процедуралар сәйкес келеді, алайда компания жолдағы ТМҚ ешқашан есепке алмайды.

Компаниямен алынған жеткізушілер есептері бухгалтерлік есеп бөліміндегі қызметшіге қайта жіберіледі. Қызметші жеткізушілердің есептеріндегі төлемге барлық сомаларды салыстырмайды, бірақ төлемге барлық уақыты өткен сомаларды салыстырады.

Компания аудиторлар үшін төлемге шоттар тізімін құрады. Бұл тізім қаңтарда төленген төлемге желтоқсандық сомаларды салыстыру журналынан құрастырылды. Ол жеткізушінің аты/атауынан, тізбектік номеріне, шот-фактураның күнінен, төлем күнінен және санынан құралады. Осы тізімді тез шолып өту келесіні анықтады:

1) қаңтар күнімен қойылған және $200,000 құрайтын шот-фактуралар «Плюс» жарнама агенттігімен «Лучшие Дома и Сады» журналында ақпан мен наурыздағы жарнама үшін жазылды. Бұл шоттар вице-президенттің талабы бойынша төлемге шоттардың жылдық тізіміне қосылды, бұны вице-президент осы шешімімен жыл ішіндегі ақиқат шығындар мен жарнама бөлімінің бюджетте бекітілген шығындар арасындағы сәйкестікті қалайтынын түсіндірді. Шығын жарнамаға кеткен шығын деп тіркелді;

2) тізімге қосылған сомалар еңбекақы бойынша төлемдер, еңбекақыға салықтар, басқа салықтар болып табылады;

3) заңгер мен бухгалтердің қызметін төлеумен байланысты шоттар тізімді құрамайды.

Қажет: осы компанияның төлемге шоттар аудитімен байланысты мәні бойынша тестілер мен мәселелерді сипаттау.

Әдебиеттер

Негізгі


  1. Абленов Д.О. Основы аудита : учебное пособие / Д.О. Абленов. – Алматы : Экономика, 2003. – 354 б.

  2. Абленов Д.О. Аудит негiздерi : Оқулық /Д.О. Абленов . – Алматы : Экономика, 2005. – 400 б.

  3. Ажибаева З.Н. Аудит : учебник. – Алматы : Экономика, 2004. – 527 б.

  4. Аpенс А., Лоббек Дж. Аудит. Перевод с англ. / гл. редактор серии пpоф. Я.В. Соколов. – М. : Финансы и статистика, 1995. – 558 б.

  5. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности предприятия. – Алматы : Экономика, 2000. – 293 б.

  6. Каренова Г.С. Аудит : учеб. пособие / Г.С. Каренова.–Караганда : КарГУ, 2007. – 262 б.

  7. Шамрай, И.Н. Аудит : учебно-метод. пособие / Шамрай И.Н. – Павлодар : ПГУ им. С.Торайгырова, 2004. – Ч.1. – 102 б.


Қосымша

8  Андреев В.Д. Практический аудит : справочное пособие. – М. : Экономика, 1994. – 226 б.

9 Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. – М. : Филин, 1996. – 364 б.

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................3

1 Бақылау жұмысының мақсаты мен міндеттері…...……….…4

2  Бақылау жұмысының нұсқасын таңдау………….....…….. ...4

3 Бақылау жұмысының тапсырмалары...........................…….…5

3.1 Теориялық бөлім.............................................................……....5

3.2 Тәжірибелік бөлім...................................................................…6

Әдебиеттер.................................................................................24



БЕКІТЕМІН


С. Торайғыров атындағы

ПМУ-дің оқу ісі

жөніндегі проректоры

__________Н.Э. Пфейфер

2009 ж.«____» __________

Құрастырушы: аға оқытушы Г.Г. Темирова



Есеп және аудит кафедрасы
Тәжірибелік аудит

050508 "Есеп және аудит"

мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Кафедра мәжілісінде бекітілді 2009 ж. «_____» _____№____ хаттама­­­

Кафедра меңгерушісі _________________ И.Н. Шамрай
Қаржылық-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған 2009 ж. «_______» _____ №_____ хаттама
ОӘК төрайымы _______________ Л.А.Сидорова

КЕЛІСІЛДІ


ҚЭФ деканы ______________ Т.Я.Эрназаров 2009 ж. «____»_____
СМ бөлімі н/б __________ Г.С. Баяхметова 2009 ж. «___»________
МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы __________ А.А. Варакута 2009 ж. «___»________




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет