Тәжірибелік сабақтардың мазмұны мен тізімі



жүктеу 22.6 Kb.
Дата28.09.2017
өлшемі22.6 Kb.
түріСабақ

8.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны мен тізімі


1 тақырып. Көп айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері.

Көп айнымалы функция. Анықталу облысы. Шегі, үздіксіздігі және дербес туындылар. Көп айнымалы функцияларды дифференциалдау. Толық дифференциал, оның геометриялық мағынасы.

Жанама жазықтық және бетке нормаль. Дербес туындылар және жоғарғы ретті дифференциалдар.

Көп айнымалы функцияның экстремумы. Экстремумның қажетті және жеткілікті шарттары. Шектелген облыста берілген көп айнымалы функциялардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу.



2 тақырып. Еселік интегралдар.

Еселік интеграл ұғымына әкелінетін геометриялық және физикалық есептер. Декарт, поляр, цилиндрлік және сфералық координаталардағы еселік интегралдар. Грин формуласы.


3 тақырып. Дифференциалдық теңдеулер.

1-ші ретті дифференциалдық теңдеу және оның геометриялық мағынасы. Айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеулер. 1-ші ретті біртекті дифференциалдық теңдеу. Біртектіге әкелетін дифференциалдық теңдеулер.

1-ші ретті сызықтық теңдеулер және оны шешу тәсілдері. Бернулли теңдеуі. Толық дифференциалды теңдеу.

Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Коши есептері. Ретін төмендетуге болатын дифференциалдық теңдеулер.

Жоғарғы ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер. Сызықтық дифференциалдық оператордың қасиеттері. Сызықтық біртекті дифференциалдық теңдеулер, оларды шешу. Функциялардың сызықтық тәуелді және сызықты-тәуелсіз жүйелері. Вронский анықтауышы.

Сызықтық біртекті дифференциалдық теңдеулер, олардың шешімдерінің сызықтық тәуелсіздік шарты. Шешімдерінің маңызды жүйесі, жалпы шешім құрылымы. Тұрақты коэффициентті сызықтық біртекті дифференциалдық теңдеулер.

Сызықтық біртекті емес дифференциалдық теңдеулер. Жалпы шешімдегі құрылым. Тұрақтыны варияциялау әдісі. Арнайы оң бөлікті сызықтық біртекті емес теңдеуді шешу.

4 тақырып. Қатарлар.

Сандық қатар. Жинақтылық және қосынды. Геометриялық прогрессия. Жинақты қатарлардың қасиеттері. Салыстыру белгілері.

Оң таңбалы қатарлар жинақтылығының жеткілікті белгілері. Ауыспалы таңбалы қатарлар. Лейбниц теоремасы. Абсолютті және шартты жинақтылық.

Функционалдық қатарлар. Дәрежелік қатарлар. Абель теоремасы.

Дәрежелік қатар жинақтылығының радиусы және интервалы. Тейлор қатары. Маклорен қатарына қарапайым функцияларды жіктеу.

Фурье қатары. Периодты функциялардың қарапайым қасиеттері. Функциялардың ортогональды жүйесі. Интервалда берілген жұп және тақ периодты функцияларды жіктеу. Периодты функцияны Фурье қатарына жіктеу.



5 тақырып. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика.

Комбинаторика элементтері. Оқиғалар және олардың ықтималдықтары.



Ықтималдықтарды қосу және көбейту. Толық ықтималдық. Бейес формуласы. Бернулли формуласы. Пуассон формуласы. Кездейсоқ шамалар. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет