Теймурова крем-пастасы косметикалық құралының Қосымша бет-парақшасы табан және дененің басқа да жерлері қатты терлеген жағдайда қолданылатын құрал



жүктеу 14.81 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі14.81 Kb.

ТЕЙМУРОВА КРЕМ-ПАСТАСЫ косметикалық құралының

ҚОСЫМША БЕТ-ПАРАҚШАСЫ

Табан және дененің басқа да жерлері қатты терлеген жағдайда қолданылатын құрал.

Зарарсыздандыратын, микробқа қарсы, қабынуға қарсы, адсорбциялау, иісті жою, салқындату әсерін беретін дерматологиялық құрал.



Қолдануға болмайтын жағдайлар. Препараттың құрамдастарына аса сезімдалдық, созылмалы бүйрек аурулары, жүктілік және емізу кезеңдері. 14 жасқа дейінгі балаларға қолданбаған жөн.

Сақтық шаралары. Теймурова крем-пастасын дененің үлкен аймақтарына, ашық жарақаттарға жақпаған жөн. Зақымдалған немесе тітіркенген теріге қолданбаңыз. Пастаның көзге және көздің шырышты қабығына тиюіне жол бермеңіз, тиген жағдайда пастаны дәке тампонмен жойып, көзіңізді мұқият жылы сумен жуыңыз. Құрамында формальдегид бар.

Қолдану тәсілі және мөлшерлемесі. Сыртқа қолдану үшін белгілейді. Крем-пастаны жұқа қабатпен таза және құрғақ табан терісіне, аяқтың башпай аралық қабатына және жоғары тер шығатын орынға тәулігіне 2-3 рет жағыңыз.

Жанама әсерлері. Бас ауруы, жүректің айнуы, ауыр жағдайларда - лоқсу, сана шатасуы мүмкін. Жергілікті түрде терінің қышуы, ауруы, қызаруы болуы мүмкін.

Косметикалық құралдың құрамы.

Мырыш тотығы, бор қышқылы, натрий тетрабораты, салицил қышқылы, ащы жалбыз майы, формальдегид ерітіндісі, гексаметилентетрамин, тазартылған су, №1 эмульгаторы, тальк, глицерин.



Жарамдылық мерзімі. 2 жыл.

Сақтау шарттары. 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Қаптама. Буманың ішінде тубада 50 г-нан.

Өндірушінің атауы және орналасқан жері.

«Тернофарм» ЖШҚ.



Украина, 46010, Тернополь қ., Фабричная к-сі, 4.

Тел./факс: +38 (0352) 521-444
Каталог: sites -> default -> files -> product -> files
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
files -> Теймурова крем-пастасы косметикалық құралының Қосымша бет-парақшасы табан және дененің басқа да жерлері қатты терлеген жағдайда қолданылатын құрал


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет