«текстильді материалдар мен бұйымдарды жобалау»



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/5
Дата22.10.2017
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ОӘК



ПОӘК 042-18-7.1.56/03-2013



«Текстильді материалдар

мен бұйымдарды жобалау» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



№1басылым



«18» 09 2014




«ТЕКСТИЛЬДІ МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ ЖОБАЛАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандығы үшін



ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2014


ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1-дәріс. Пәнге кіріспе. Өндіріс участоктардың және кәсіптің әртүрлі типті тігін цехтардың құрамы

Дәріс сұрақтары:



  1. Пәнге кіріспе

  2. Өндіріс участоктарың құрамы

  3. Тігін цехтардың құрамы


Дәріс мақсаты: Тігін цехтарымен танысып, оларға сипаттама беру
Өндіріс участоктардың және кәсіптің әртүрлі типті тігін цехтардың құрамы өндірістің орындалатын қоланылуына, функциясына, жергілікті тұрғындарға көрсететін қызмет түріне және қызметті көрсету көлеміне байланысты.

Әрбір өндірістік бірлестуктің негізгі өндірістік бірлігі бас кәсіпорын болып табылады.

Басты кәсіпорын бірнеше ірі ұйымдастырылған қала ателье базысынан немесе киімді дайындау бойынша орталықтандырылған тігін цехтары бар бір ірі өндірістік бөлімдерден құрылуы мүмкін.

Басты кәсіпорын құрамына дайындау және көмекші өндірісі, материалдарды дайындап материалды-техникалық жабдықталу, нормативті-техникалық құжаттама. Өндіріс пен қызмет көрсетудің орталақтандыру дәрежесі әр түрлі және басты кәсіпорынға байланысты. Егер басты кәсіпорынға сән үйі кірсе, өндіріске жаңа модельдерді ендіруге модельді-конструкторлық дайындау үшін онда эксперименталды цех және әшікейлерді жасау цехы орналастырылады. Сән үйде эксперименталды цехтың орналасуы жоғары білікті мамандарды бір жерде тортайды. Әшекелеу цехы эксперименталды цехтың жанында орналасады, себебі әшекейлерді жасау жұмысы суретші-модельерлердің жұмысымен байланысты.

Басты кәсіпорында киімнің жартылай фабрикаттарын жасау және пішу цехтары жартылай дәрежелі орталықтандырылуы мүмкін.

Егер облыстық орталықта орналысқан кәсіпорын бірнеше құрылымдық бөлемшелерден тұрғызылған болса, онда әрбір ателье киім бір немесе бірнеше түріне мамандандыру керек (мысалы, әйелдер көйлегін тігу үшін арналған 1 дәрежелі (разряд) ателье, сыртқы киімдерді тігу үшін арналған жоғары дәрежелі ателье және т.б.).

Басты кәсіпорында өндіру көлемі көп болған жағдайда, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жұмысы төмендетіледі, сондықтан облостық орталықта басты кәсіпорыемен бірге қалалық фабрикалар (филиалдар) ұйымдастырылады.

Қалалық фабрикалары облостық немесес ірі қалады орналастырылады. Тігін фабрикасы дайындау цехынан, эксперименталды цехтан, пішу цехтан, тігін цехтан және дайын бұйымдарды сақтайтын қоймадан тұрады.

Аудан аралық фабрикалар ірі қалаларда немесе аудан орталықтарында орналастырылады. Басты кәсіпорыннан фабрика өзінің құрамымен анықталады. Қалалық фабрикадан айырмашылығы, аудан аралық фабрикада эксперименталды тобы, әшекейлерді орындайтын цехы бар. Кейде осындай фабрикада киімнің жартылай фабрикаттарын жасау үшін орталықтандырылған бөлімі болады.

Филиал ретінде өндірістік бірлестік киімнің жартылай фабрикаттарын жасау үшін мамандандырылған фабрика, киімді жөндеу және жаңалау фабрика болуы мүмкін.

Киімнің жартылай фабрикаттарын жасау фабрикасы облыс орталығында орналастырылады. Осындай фабриканың ұйымдық құрылысы жағынан көпшілік өндіру фабрикасына жақын, бырақ соңғы кезеңі бұйымды шақтап көру (примерка) және өңдеу жұмысы киімді жеке тапсырыс бойынша өндіру кәсіпорынға ұқсас.

Киімді жөндеу және жаңалау фабрикасы өңірдің облыс орталығында немесе ірі қалада орналастырылады. Киімді жөндеу және жаңалау жұмысы кезінде технологиялық процестің механизациясын көп пайдалану керек. Фабрика бір ғимаратта орналыстырылған біріңғай технологиялық кешен ретінде болуы тиіс. Киімді жөндеу және жаңалау фабриканың өндірістік құрамына киімнің барлық түрлерін жаңалау бойынша мамандандырылған цех, киімнің әртүрлі жөндеу жұмысының түрлерін орындау үшін өндірістік учаскісі, көркем жамау, бұйымды үтіктеу кіреді. Фабрикада бұйымды жөндеуге немесе жаңалау дайындау үшін сөгу және химиялық тазалау учаскілері кіреді.


2-дәріс. Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері

Дәріс сұрақтары:

1.Пішу жұмыстарының техникалық шарттары

2.Қауіпсіздік техникасының ережелері

3.Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар
Дәріс мақсаты: Қауіпсіздік техникасының ережесімен таныстырып, техникалық шарттармен жұмыс орнындағы ережелермен таныстыру

       Машина жұмыстарын орындауға  арналған жұмыс орнын,және электр қоспасы бар столмен жабдықталады. Сонымен қатар винтті айналмалы орындықпен жабдықталады. Бұл орындық адам бойына қарай орныдық биіктігін құрастыруға мүмкіндік береді.Машина столының астыңғы  оң жағында токка қосатын арнайы қысқыш бар. Машина столының беті тегіс және таза болуы  шарт. Машинлардың ортасында қол жұмыстарын орындауға арналған стол орналастырылған. Стол бетіне  тек қана өңделетін детальдар және өңдеуге керекті құрал-жабдықтар жатуы тиіс.Табиғи жарықтан басқа бөлменің ішінде жергілікті жарық күші болуы тиіс. Жұмыс аяқталған соң, өңделетін жұмыскер өзінің жұмыс орнын тазалап барлық құралдардаы өз орнына қойып,машиналармен жарық машина көзін өшіру керек. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс уақыты мен жұмыс орны, еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады. Пішуге арналған детальдар негізгі және көмекші бұл  лекалдар арқылы  бүкпелердің,бүрленің, қалталардың орныласу жайларын анықтауға арналған.Барлық лекалдар негізгі жіптің бағыты  көрсетіледі. Лекалды орналастыру кезінде негізгі жіптің бағытынан басқа матаның суреті мата түрлерінің бағыты ескеріледі. Егер мата суреті және түрінің белгілі бір бағыты бар болған жағдайда бір уақытта пішуі шарт.Түгі және біркелкі боялған болмаса суретінің бағыты жоқ. Әр түрлі бағытта орналастырылған.



Қол жұмысының ержелері:

-Ине мен түйреуіштерді арнайы тостақшаға қадап қою керек.

-Инені киімге қадауға ауызға салуға тиым салынады.

-Көктеу жұмыстарын орындағанда саусаққа оймақ кию керек.

-Қайшы ұсынғанда сабымен ұсыну керек.

 Тігін машиналарында сітейтіндерге арналған ереже:

-Тігін машиналарында жұмыс істеуге алғашқы нұсқадан кейін ғана кірісуге болады.

-Жұмыс бастар алдында машинаның жөнді екенін тексеру қажет,ақауы

 болса механикті шақыру керек.

-Жұмыс кезінде қолды машина инесіне жақын ұстауға болады.

-Метал тежеуіште резеңке киесіз жұмыс істеуге болмайды.

-Электр двигательін өшірмей тұрып мойканы тазалауға және майлауға

 сондай-ақ машина инесіне ременді салуға тиым салынады.

-Машинаның айналып тұрған бөлігі  жанына қайшы және басқа

аспаптарды қоюға тиым салынады.

Электр үтігімен жұмыс істеуге арналған ереже:

-Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін тұғырын тексеру керек.

-Электр үтігінің ыстылығын саусақпен тексеруге болмайды.

-Электр үтігін желіге қосқанда және ажыратқанда бауынан ұстауға

болмайды.

-Ысып тұрған үтікті суға салып немесе су бүркіп суытуға болмайды.

-Үтікті электр бауының үстіне қоюға болмайды

-Ахаулы  үтікпен жұмыс істеуге  және электр сымын өз білгенінше

жөндеуге болмайды.

-Үтікпен жұмыс істегенде резеңке төсеніш төселу керек

-Жұмыс   біткен соң үтікті  аяқ астында электр көзінен ажырату қажет.

- Жарақаттанғанда ,дене күйгенде медициналық пунктке бару қажет. 



Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлерге қауіпті және кешенді өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын еңбек шартының жағдайы. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жұмыстың қауіпсіздік ережесін, қауіпсіздік ережелерінің әдістерін білу қажет.

Техникалық қауіпсіздік дегеніміз - техникалық білімге, еңбек өндірісінің шарттарын және олардың қауіпсіздік, қорғану көз қарасын оқытуды айтады. Аяқ машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесі:

1. Аяқ машинасымен жұмыс істегенде аяқ пен қолдың дұрыс қойылуына айрықша көңіл бөлу керек.

2. Машинаның инесіне жіпті сабақтағанда аяқты баспаға қоюға болмайды.

3. Машинанің сынған жері болса, оны жөндеп жатқанда ременді қолымен ұстауға болмайды, себебі қолды жарқаттап алуы мүмкін.

4. Шашты ормалдың астына жасыру керек.

5. Тігін машинасының үстінде бөгде заттар жатуға болмайды.

6. Машинаның қозғалмалы және айналмалы бөліктеріне еңкеймеу және тақалмау керек.

Ине және түйреуішпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі:

1. Ине және тиреуішті арнайы жастыққа немесе ине қадағышқа түйреу керек.

2. Тіккенде саусаққа оймақ кию керек.

3. Сынған инені лақтыруға болмайды, оларды арнайы жәшікке салу керек.



Қайшымен жұмыс істеу.

1. Қайшы жұмыс істеп жатқанда жүзі қосылып тұруы керек.

2. Қайшыны берген кезде жабық жүзін өзіне қаратып беруі керек.

3. Қайшы белгілі бір орында тіреуде немесе жұмыс қорабында сақталуы тиіс.

4. Қайшы өткір болуы керек.

5. Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.

Бұйымды өңдеу барысында ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарын өткіздім.

Бұйым сапалы болу үшін ылғалды-жылулық өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйымды тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп отырады. Үтіктеген кезде мынадай жағдайларды ескеру керек.

Материал қымбат болған сайын мата да сезімтал бола түседі, сондықтан да барынша ұқыпты үтіктеген жөн.

Үтіктеп өңдеудің температурасы матаның сапасына байланысты, аралас тоқылған матамен жұмыс істегенде барынша сезімтал талшыққа қойылатын талаптарды ескеру керек.

Құрылымы күрделі трикотажды, мысалы, ши-ши трикотажды, үтіктегенде астына жұмсақ ұзынтүкті төсеніш немесе түкті мата төселеді. Мұндай кезде үтік ешқашан салмақ салусыз-ақ жеңіл сырғуы керек.

Матаны мүмкіндігінше теріс жағынан үтіктеген дұрыс. Ал бет жағынан үтіктегенде арасына арнайы мата салынады.

Матаны сатып аларда оның құрамына назар аударыңдар, өйткені үтіктеу температурасы соған байланысты болады. Мақта мен зығырды жоғары температурада үтіктей береді. Жүн мен жібекті орташа температурада үтіктейді. Химиялық талшықтар қыздыруға өте төзімсіз болады, сондықтан да олар болар-болмас жылылықта үтіктеледі.

Пішер алдында матаның бүкпесін айыра үтіктегеңдер және матаны тұтас үтіктеп шығыңдар.(Теріс жағынан!)Үтіктеп болған соң отырып қалмау үшін мақта және жүн маталары ылғал шүберек арқылы үтіктеледі. Мақта маталарды үтіктер алдында ылғалдап алған жөн.

Үтіктеп өңдеудің алдында міндетті түрде матаның қалдығын немесе бұрышын алдын ала үтіктеп көру керек екенін естеріңнен шығармаңдар. Сондай-ақ матаға ылғал қалай әсер ететініне назар аударыңдар.

Жұмыстың әр кезеңін аяқтаған соң бөліктерді үтіктеп отыру керек, өйткені жақсы үтіктеп өңдеу-жұмыстың сапалы орындалуының кепілі. Мысалы, бүкпені тігіс жүргізудің алдында, ал тігісті қосымшасын әдіптеудің алдында үтіктеген дұрыс.

Тігіс қосымшасы тігер алдында үтіктелген болса, онда айырып үтіктеу оңай әрі дәл жүргізіледі. Егер мата жұқа болса, онда оның бет жағына із түсіп қалмас үшін қосымшаның астына қағаз жолағы салынып үтіктеледі. Егер қосымша жиектері матаның бет жағында із қалдырса, оны қосымша астынан іш жағынан үтіктеу керек.

Үтіктеп өңдеудің алдында түйтеуіштер мен көктеу жіптердің бәрі алынып тасталады, өйткені олар матада із қалдырады.

Үтіктің табанын үнемі тазалап тұру қажет. Өте жұқа матамен жұмыс істеген кезде үтіктің табанында сырылып кеткен сызықтың болмауын қадағалаған жөн.

Зығыр,мақта, жүн және кейбір аралас маталарды үтіктер алдында ылғалдап алады. Мұндай маталарды сулаған шүберек арқылы немесе бу шығарғыш үтіктеп үтіктеу керек. Шүберек толықтай су емес, тек дымқыл болуы керек.

Мақпал мен барқыт теріс жағынан салмақ салусыз үтіктеледі. Ең дұрысы ылғыл шүберек пен кәдімгі үтікті пайдаланған жөн. Бу шығарғыш үтікті қолданған кезде аса сақ болу керек! Үтіктің бу шығаратын тесіктері болғандықтан салмақ түсіруі мен бу шығаруы біркелкі емес, сондықтан тесіктердің ізі матаның бет жағына түсіп қалмауын қадағалау қажет.Ұзын түкті сүлгіні, барқытты немесе мақпалдың түгін жоғары қаратып үтіктейді. Сондай-ақ бет жағы күрделі құрылымды маталарды жұмсақ жайманың бетіне қойып, салмақ салмай үтіктеген дұрыс.

Жібекті, сәтенді, вискозаны құрғақ немесе аздаған бу жіберу арқылы үтіктейді. Мұндайда ешқашан ылғал шүберек пайдалануға болмайды, өйткені ізі қалмауы мүмкін. Шифон тек құрғақтай үтіктеледі, өйткені будың немесе судың әсерінен ол тырысып қалады. Ылғалды жылумен өңдеуді үтікпен орындағанда негізінен теріс жағынан, ал преспен оң жағынан жүргізіледі.

Тігістің әдібін айырып немесе қайырып үтіктегенде әдіптері әбден жату керек. Ылғалды жылумен өңдегенде бөлшектің теріс жағынан орындағанда дымқыл шүберексіз орындауға болады. Ал оң жағынан міндетті түрде дымқыл шүберекпен орындайды.

Үтіктер алдында сызылған бор іздерін щеткамен кетіреді. Жұмсақ жұқа маталарды үтіктегенде тігіс әдібінің астына қағаз парақтарын қойған жөн.

Ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарындағы басты параметрлер бар. Олар: температура қысымы, ылғал және өңдеу уақыты.

Ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарының киімдерді дайындау барысында алатын орны ерекше. Мен ылғалды-жылумен өңдеудің көмегімен киімдерге көрнекті формасын бере алдым.Айырып,қайырып үтіктеуде, соза және жия үтіктеуде, престеуде бөлшектердің қыртыстарын жазуға және т.б. жұмыстар жүргізуге болады.

Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы-арнайы үтік үстелшесі . Бұл үстелшенің шетінде үтікке арналған арнайы орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады.

Жылу реттегішті өңдейтін мата түріне байланысты қояды;

Үтіктер алдында үтіктің табанын тексереді, онда күйген дақ болмауы керек;

3-дәріс.Технологиялық ағымдардың сипаттамасы

Дәріс сұрақтары:



        1. Тігін-тоқыма цехының құрылымы бойынша ағым сипаттамасы

        2. Тігін-тоқыма цехы жұмысының ұйымдастыру түрі бойынша ағым сипаттамасы


Дәріс мақсаты: Тігін-тоқыма цехы жұмысының ұйымдастыру түрлері мен ағым сипаттамасы туралы мәліметтер беру
Мамандандыру дегеніміз – ол еңбек өнімділігін көбейуіне жаңа мүмкіншілік беретін еңбекті бөлетін процес. Сондықтан мамандандыру техникалық прогрес үшін өте қажетті нәрсе. Жиі өзгерілетін, кеңінен қолданылатын бұйымдарды шығаратын салада, соның ішінде тігін өндірісте мамандандыру аса маңызды.

Өндірістің мамандандыруының негізгі үш түрлері бар – заттық (бұйымдық), бөлшектік және мамандандырылған жабдықтарды қолдануына себепші болады. Заттық мамандандыру өнімді жаппай шығаратын жұмысшылар мен жабдықтар толық жүктелінген өндіріс тиімді.

Өңделуі және өз бетінше өндіріске бөлінеді. Өз бетінше бөлінген өндіріс өнімі басқа цехтарда немесе басқа өнеркәсіпте бұйымды жинақтау процесіне жалғасуына мүмкін.

Кезеңді немесе технологиялық мамандандыру – ол киімді әзірлейтін бірыңғай процесті бірнеше қатарға бөлінетінін айтады., әрі оларды жеке ерекшелігі болады. Кезеңді мамандандыру ірі бірлестікте немесе тігін өнеркәсіптер шоғырлану ауданда киімді конструкциялау, модельдеу, матаны дайындап пішу жұмыстарын орталықтандыруын ұйғарады. Сонымен бірге ылғалды – жылулықпен өңдеу, бұйымды безендіру, дайын бұйымды сақтап, өткізу, жабдықтарды жөндеу жұмыстарын да орталықтандыруын шамалайды.

Екінші мен үшінші мамандандырудың айырмашылығы бөлшекті мамандандыруда бірыңғай процестен өзбетінше өндіріс болып кейбір элементтер бірнеше участкалардан бөлініп шығады, әрі процестің жалпы желісі өзгермейді. Ал кезеңді мамандандыруда бірыңғай процестен бір ізді орындалатын операциялардан ең үлкен немесе кіші тұтас учаскасы бөлініп шығады. Тігін өнеркәсіпте мамандандырудың үш түрі де қолданады. Мамандандырудың әр қайсысын кезең бойынша іске асыру қажет. Бірінші кезеңі – алғашқы мәліметтерді, нақты ұсыныстарды жасау, заттық мамандандыруды дәлелдеу жөнінде үлкен дайындау жұмыстарды жүргізу.

Заттық мамандандырылған өндірісте бұйымның келесі шамалы ассортиментті ұсынуға болады:



  1. Пальто: маусымдық қысқы, ерлер, жоғары класс, мектеп жасындағы, жасөспірім балаларға арналған

  2. Пальто: маусымдық, қысқы әйелдер, жас қыздарға арналған

  3. Костюмдер: ерлер, жасөспірім, жоғары класс мектеп жасындағы балалар

  4. Жүн матадан костюм, шалбарлар, жас балалар үшін

  5. Мақта, зығыр матадан костюм, шалбарлар: ерлер, балаларға арналған.

  6. Ерлер, әйелдер, жас балалар плащтар, курткалар

  7. Пальто, курткалар: ерлер, әйелдер, балаларға арналған

  8. Көйлектер: әйелдерге, мектеп жасындағы жас қыздарға арналған

  9. Көйлектер: сәбилер, мектеп жасына дейінгі, төмен класта оқитын қыздар үшін

  10. Мақта матадан көйлектер - әйелдер, қыздарға

  11. Ерлер, балаларға арналған жейделер

  12. Спорттық киімдер

  13. Әйелдер киім-кешек заттары

  14. Жұмыстық киімдер

Мамандандыру деңгейіне модель, матаның түрі, конструктивті ерекшеліктер, өңдеу режимдер мен жабдықтар өте әсер етеді. Мамандандыру бар резервтерді әрекетке келтіреді және шығындардың ең кемінде өнімнің шығаруын аса көбейтуге мүмкіншілік береді. Бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату және бұйымның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Технологиялық лектердің түрлері. Технологиялық лектер бірнеше көрсеткіштермен сипатталынады қуатпен, әзірлейтін модель, бұйымдар санымен, жіберілу түрімен және т.б.

Қуатына қарай лектер 3 топқа бөлінеді: кішкене, орташа, үлкен.

Кішкене қуатты лектерде кең ассортиментті бұйымдарды дайындауға болады. Бірақ бұл лекте операцияларды мамандандыруға жағдай болмайды. Сонымен бірге құрал-жабдықтар толық пайдаланбайды, жұмыс уақыты көбейеді, еңбек өнімділігі, механикалану және автоматизациялау деңгейі төмен және өңдеу ақысы өте жоғары болады.

Тігін фабрикаларда кеңінен қолданатын орташа қуатты лектер болатын. Бірақ одан да тиімді, үлкен қуатты лектер болады. Бұл лектерде жұмыс орындарды мамандандыруға жақсы мүмкіншілік және операциялардың біркелкі болуына және қайталануына толық жағдай бар.

Үлкен қуатты лектер жұмысының ұйымдастыру, оларды меңгеру оңайға түспейді. Сондықтан біраз зерттеу жұмыстарының арқасында оптимальды қуатты лектер қазіргі тігін фабрикаларда қолданады. Оптимальды қуат операциялардың орындалу уақытын, бұйымның еңбек сиымдылығын ескере отырып нақты модельдерге есептелінеді. Оптимальды қуатты лектерде еңбек өнімділігі, жабдықтардың пайдалануы жақсарады.

Оптимальды қуат келесі әдістермен табылады:

1) құрастыру әдіс - әр түрлі санды қуат бойынша бірнеше технологиялық схема жасалады. Схеманың техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеп салыстырады. Схеманың ең жақсы көрсеткіштері оптимальды лекті білдіреді.

2) графикалық әдіс - әр бір қуат бойынша такт (z) есептелінеді, және оның ауытқу шегін анықтайды. Тактің ауытқу шегінде операциялардың 60% астам саны жиналғаны – сол оптимальды қуат болып саналады.

3) кесте арқылы – алдымен технологиялық бірізділігі жасалады. Содан кейін әр интервалға түсетін операцияларды жазып санын қосады. Операциялардың ең көп жиналған интервалдың тактісін анықтап, оптимальды қуатты табады.

Технологиялық лектердің келесі түрлері болады:


  1. Қуат бойынша – кішкене, орташа, үлкен

  2. Құрамы бойынша – секциялы, секциялы емес

  3. Бір мезгілде өңделінетін үлгілер саны бойынша – мамандандырылған, көпүлгілі, көп ассортиментті;

  4. Бойынша – бұйым секцияға даналап, біртіндеп немесе бір ортадан жіберіледі, екінші түрі бұйым бумамен әр жұмыс орнына жеке жіберіледі.

  5. Сменаның жалғастырушылығы бойынша – жалғасатын, жалғаспайтын.

  6. Жартылай фабрикаттардың жылжыу: а) тік сызықты, б) айналма, в) конвейерлі, г) агрегатты.

  7. Ағынға жіберілу бойынша а) циклді, мысалы үш модель А,Б,В секцияға келесі схемамен жіберіледі: А,Б,В; А,Б,В; А,Б,В үлгілердің өнімділігі бірдей; немесе А,А,Б,В; А,А,Б,В,А,А,Б,В – сонда А модельдің өнімділігі 50%, ал Б мен В - әр қайсысы 25% барлық шығарылатын санынан, б) бірізді – ассортиментті – бұйымдар бірінен соң бірі жіберіледі, мысалы, смена арасында А үлгі RА уақыт бойынша өңделеді, Б үлгі – RБ уақыт бойынша, В үлгі Rв уақытта, сонымен смена ішінде үлгілер ауысып тұрады, ал RА + RБ + RВ = Rсмена – смена уақытына тең (8 сағат).

Үлгілердің ара қатысы әр түрлі болу мүмкін;

в) құрастырылған – бұл әдіс лекте бір мезгілде көп үлгілер өңделген кезде қолданады; Үлгілер топқа бөлінеді әр қайсысында 2-3 үлгі.

Топтың ішінде циклді жіберіледі, ал топтардың өзі – бірізді болып жіберіледі. Мысалы, бірінші топтың үлгілері R 1топ уақыт бойы, ал екінші топтың үлгілері R2 топ уақыт бойы жіберіліп тұрады.
4-дәріс. Тігін-тоқыма цехының жартылай фабрикатының ішкі үрдісті транспорттау әдісі бойынша ағым сипаттамасы

Дәріс сұрақтары:



  1. Жіберу сипаттамасы

  2. Жіберу әдісі


Дәріс мақсаты: Тігін-тоқыма цехының жартылай фабрикаттарының ішкі үрдісті транспорттау туралы сипаттама беру
Лекті (ағымды) өндірістің негізгі көрсеткіші – ол жұмыстың ырғағы. Жұмыстың ырғағы немесе тактісі дегеніміз ол уақыттың белгілі бір, аралығы, осыуақыт сайын лектен бір дана дайын өнім шығын тұрады. Лек тактісіне қарай технологиялық ағымдар болады, (мысал агрегатты-топты лек).

Ағын ырғақтың бұзылуына келесі істер себепші болады: жартылай фабрикаттардың уақытылы түспегені, олардың сапалығы төмен болса, құрал-жабдықтардың жарамсыз болуы, операциялардың орындалу уақыты дұрыс анықталмағаны және жұмысшылардың дұрыс орналаспағандығы.

Ағымның тактісі біртіндеп лектің қуатына байланысты. Лектің түрі дегеніміз – ол лектің комплекті мінездемесі. Оның ішінде ұйымдастыру желісі, жарты фабрикаттардың жылжыу, қолданылатын тасымал құралдар, үлгілердің жіберу түрлері және т.б. анықтамалар.

Лектердің келесі түрлері болады:



  1. 222агрегатты – жарты фабрикаттардың тік сызықпен немесе ирек жолымен жылжыу, бұйымдар даналап немесе бумамен өңделеді, ырғағы еркін, үлгілер аса еңбекті емес, үлгілер бірізді немесе ПАЗ жіберілген. Бұл ең қарапайым, аса өнімді емес технологиялық лектің ұйымдастыру формасы.

  2. конвейерлі - әр түрлі конструкциялы конвейерлер қолданады, үлгілер даналап циклді немесе ПАЗ жіберіледі, ырғағы қатаң, жарты фабрикаттар тік жолмен жылжыды. Бұл орташа немесе үлкен қуатты лектерде, еңбекті, ірі көлемді бұйымдарды дайындау кезде қолданылады.

  3. агрегатты топты лек – киімнің жеке түйіндері мамандандырылған топ ішінде өңделінеді, жұмысшылар орны топтастырылған, үлгілер бумамен бірізді, ПАЗ, немесе циклді жіберіледі. Ырғағы еркін, топ арасында жарты фабрикаттар стол, арба, құлама арқылы жылжыды. Бұл тұрақты көп өзгермейтін бұйымдарды өңдеген кезде, үлкен және орташа қуатты лектерде, көбінесе дайындау секцияларда қолданады.

  4. айналмалы – жарты фабрикаттар бірнеше данамен қорап ішінде конвейер арқылы тұйық шеңбер сызықпен жылжиды, жұмыс орындар мамандандырылған, ырғағы еркін. Кейбір кезде бұл сырт киім дайындаған лекте дайындау секциясында қолданады. Негізінде бұл орташа көлемді.

Бірмезгілді дайындалатын үлгілер мен бұйымдардың саны бойынша ағынға сипаттама. Сондықтан көп үлгілі және көп ассортимент ұзақ уақыт бойы бір үлгі немесе бір бұйымды шығаруына байланысты ағын көрсеткіші мамандандырылған болып бөлінеді. Көп үлгілі ағында бір мезгілде бір бұйым түрінің бірнеше үлгілерін, копассортимет – бұйымның бірнеше түрлерін дайындайды.

Қоректену мінезі бойынша ағынды сипаттама. Ағын қоректену мінезі бойынша орталықтандырылған және деорталықтандырылған жіберілім болып бөлінеді.

Орталықтандырылған жіберілім дана және пачка, ал деорталықтандырылған – тек пачка болуы мүмкін.

Дана жіберілім бұйым жинақталған түрде табылады, технологиялық ағын бөлігінде немесе конвейерлік ағында қатаң қолданылады. Мысалға, әшекей секцияда немесе монтаж секциясының соңғы стадиясында кездеседі.

Дана жіберілімде аяқталмаған өндіріс аз қорға жетуі мүмкін болады. Ағымда осындай нақты ұйымдастыруды ұқыпты немесе нақты ұйымдастыруды талап етеді. Ритмикалық жұмысты қамтамассыз ету үшін.

Пачкалы жіберілім көбінесе дайындау секциясында қолданылады. Жұмыс орнына түсетін пачкадағы бұйым саны тасымалдау партиясы деп атайды. Пачкалы жұмыс жүйесінде көмекші қабылдау уақыты қысқартылады. Көмекші қабылдау орындауда уақытты көбірек үнемдеу тізбекті жұмыс деп аталады, яғни машина операциялар бір бөлшектен екіншісіне үздіксіз орындалғанда.

Пачкалы жіберілім жұмысшылардың жеке өндірістік еңбегін толығымен қолдануды қамтиды, жекеленген орындаушылар болмаған жағдайда жұмысты бөлуді жеңілдетеді. Дегенмен пачкалы жіберілімде шешілмеген өндірістің көлемі де ұлғайып, жұмыс ырғағын ұстану үшін жұмысшылардың тым жоғары саналылығын талап етеді.

Тасымалдау партиясының шамасы тасымалдау пачкасына арналған құралдардың қолдануына, ағын түрлерін ұйымдастыруына, бұйымның өлшемі мен түрлеріне және т.б. байланысты.

Оның шамасы бір пачканы өңдеу уақыты 30 мин-тан жоғары, яғни жұмыста монотондық пайда болмау керек. Киімдердің түрлері бойынша тасымалдау партиясының мүмкін шамалары келтірілген.

Жіберу әдісі бойынша ағынға сипаттама. Шағын мамандандырылған бірүлгілі ағында тізбектелетін жіберілім қолданылады. Көпүлгілі және көпассортименттік ағында бұйымды жіберілім әртүрлі жолмен пайда болады. Тігін өнеркәсібінде көбінесе үш жіберу әдісі қолданылады: циклді, тізбекті ассортимент және құрама (тізбекті-циклді).

Циклдік жіберілімде, бұйым ағынға цикл бойынша жіберіледі. Мысалы үлгілерді әзірлеуде үшүлгілі ағында А,Б,В жіберілім схема бойынша А,Б,В; А,Б,В; А,Б,В және т.б. немесе А,А,Б,В және т.б. пайда болады. Бірінші жағдайда А,Б,В цикіліндегі жіберілім үлгі бойынша бірдей, екінші жағдайда А үлгісінің жіберілімі жалпы жіберілімнің 50% құрайды, ал Б және В үлгі 25%-тен. Циклдік жіберілімде үлгі бойвнша шығарылым қысқа қатынаста өзгеруі мүмкін.

Дана қоректенумен циклдік жіберілім, қатаң ритмді конвейрлік ағында қолданылады. Конвейрлік емес ағында (пачкамен) бумамен қоректену циклдік жіберілім қолданылуы мүмкін.

Мұндай жіберілім бума-циклді деп аталады. Тізбекті-ассортимент әдістегі (ТАЖ) жіберілімде бұйым ағынға тізбекті яғни, әрбір жеке ағын мамандандырылған болып табылады, ал бір немесе бірнеше сменде бір бұйымнан немесе үлгіден екіншіге ауыстырылу жүреді.

Үш үлгілі ағында тізбекті-ассортиментті жіберіліммен RA уақыт бойы А үлгісін жібереді, RB уақыт бойы Б үлгісін. Сонымен (RA + RБ + RB) n = Rn мұндағы R – смен ұзақтығы, n – смен саны, үлгі бойынша бұйымды шығару қатынасы тізбекті ассортимент жіберілімде әр түрлі болуы мүмкін.

Комбинировалы жіберілім киімдердің үлгілерінің үлкен саны біруақытта әзірлеу, жеке түйіндерді өңдеу әдісі және еңбексыйымдылығы бойынша ажыратылады. Бұл жағдайда екі-үш үлгіден тұратын барлық үлгілер топқа бөлінеді. Топ ішінде үлгіні жіберу цикілдік әдісі бойынша өндіріледі, ал топтың өзі тізбекті-ассортимент бойынша. Комбинирлі жіберілім келесі схема бойынша пайда болады: бірінші топтың үлгілері Rуақыт бойы, екінші топтық үлгілері - R2уақыт бойы және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет