Текті қазақ



жүктеу 27.22 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі27.22 Kb.

Айнаш ЕСАЛИ

Текті қазақ



Көрнекті мемлекет қайраткері Бәйкен Әшімов тұрған үйге мемориалды тақта қойылды

Өмірі өнегеге толы, ішкі мәдениеті аса жоғары, халқына қадірлі, қазақ­тың еліне сыйлы шын мәніндегі зиялысы, өмірі­н­ің соңғы жылдарында ұлтымыздың қадір­лі ақсақалы ретінде көр­ген-білгенін жастарға өсиет етіп, ақыл-кеңес беру­ден еш жалықпаған Бәйкен Әшімовтің еліне сіңірген еңбегі, жүріп өт­кен жолы, ғибратты ізі ұлт ше­жіресінде сайрап жатыр.

Сонымен, сенбі күні Алматыда көрнекті мемлекет қайраткері Бәйкен Әшімов тұрған үйдің қабыр­ғасына мемориалды тақта орнатылды. Өзі кетсе де, халқына қадірі кетпейтін аяулы адамға арналған ізгі шараға шаһар басшысынан бас­тап, ол кісімен үзеңгілес болған, қызметтес болған жандар, жалпы халық көп жиналды.

Айтулы оқиға кезінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов абыз ағаның тамаша ұйым­дастырушы, талапшыл басшы болғандығын айта келе:

– Бәйкен Әшімов Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінде болған кезеңде рес­публикада кәсіпорындарды тех­никалық қайта жарақтандыру, электрлендіру, механикаландыру және өндірісті автоматтандыру белсенді жүргізілді, жаңа технологиялар енгізілді. Көлік, энергетика, химия және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау салалары шапшаң қарқынмен дамыды. Қазақстанның экономикалық әлеуеті арта түсті. Елбасының сенімді серігі болған Бәйкен Әшімов өмірі өнегелі, ішкі мәде­ниеті аса жоғары, халқына сыйлы, ұрпақ қамын жеген санаулы азаматтарымыздың бірі еді. Оның өмірі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды, – деді.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтан Жиен­баев, Кеңес Аухадиев, Бәй­кен Әшімовтің ұлы Оңдасын Әшімов, қыздары Нэйлюфар мен Рауза Әшімовалар және басқа да туған-туыстары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Бәйкен Әшімовтің тұс­тастары атынан сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев:

– Бүгін – қуанышты күн. Өйт­кені, Бәкеңді еске алып, оған арнап естелік тақта ашып отырмыз. Біз 14 жыл бірге қызмет істедік. Мен 14 жыл оның орынбасары болдым. Бәкеңнен кейін бізде күні бүгінге дейін жоғары дәрежеде 14 жыл үкімет басқарған адам болған емес. Бәкең мен Димекең өте тату болатын. Қандай тапсырма болса да, Бәкең оны бұлжытпай орындайтын. Бәйкен Әшімовтің Қазақстанда ғана емес, бүкіл Одақ деңгейінде абыройы асты. Сондықтан оның ұлағатты өмірі мен сіңірген еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі, – деді.

Бәйкен Әшімов Қазақ КСР Министрлер Кеңесін 14 жыл бас­қарды. 15 жыл қатарынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 25 жыл Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Еңбек Ерінің Алтын жұлдызымен, «Отан» орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте Отан соғысы орденімен және «За боевые заслуги» медалі­мен марапатталған.

Мемориалды тақта Бәйкен Әшімов тұрып, еңбек еткен Төле­баев пен Қарасай көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасына орнатылды.



// Егемен Қазақстан. - 2014. - 14 қазан
Каталог: files -> user
user -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user -> Виктор бондаренко
user -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
user -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
user -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user -> Жылдың басты оқИҒалары
user -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет