Текущее состояние мспд и срп



жүктеу 77.95 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі77.95 Kb.


Ақша аударымдары банкаралық жүйесі мен банкаралық клирингтің ағымдағы жағдайы
2007 жылдың 2–ші тоқсанында Aқша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ) мен Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдер саны 5 972.2 мың трансакция құрап, бұл төлемдердің сомасы 35 967.6 млрд. теңге болды. 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 13.4%-ға төмендеді, ал төлемдер сомасы 46.3%-ға артты.

Бұл ретте, ААБЖ –сі арқылы жасалған төлемдерге 2007 жылдың 2–ші тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 35.9%, ал төлемдер көлемінің 98.3% келеді. Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 64.1%, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 1.7% келеді.



ААБЖ

2007 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ААБЖ-і қатысушыларының саны 48 болып, оның ішінде:



  • 33 екінші деңгейлі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті;

  • 6 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

  • Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық (3 шот ашылған);

  • Мемлекетаралық Банк;

  • Евразиялық даму банкі;

  • ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).

2007 жылдың 2–ші тоқсанында ақша аударымдарының банкаралық жүйесі арқылы сомасы 35 371.2 млрд. тенге құрайтын 2 146.0 мың трансакция жасалған. 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 0.2%-ға төмендеді, ал төлемдер сомасы 46.9%-ға артты.

2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2007 жылдың 2–ші тоқсанында байқалып отырған ААБЖ-гі төлемдер көлемінің артуы келесідей операция түрлері бойынша төлемдер көлемінің артуымен байланысты болды: ҚР резиденттерінің бағалы қағаздармен операциялары – 97.0%-ға, шетел валютасы мен бағалы металдар бойынша операциялар - 2.4 есе. Сондай-ақ, тауарлар мен материалды емес активтер бойынша төлемдер (54.6%-ға), көрсетілген қызметтер бойынша төлемдер (54.3%-ға), бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдер (47.7%-ға) көлемінің артуы да байқалады.
Төлемдердің орташакүндік саны 34.1 мың трансакция болып, сомасы 561.4 млрд. теңге құрады. 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының 0.07 мың құжатқа (0.2%-ға) төмендеу, сондай-ақ төлемдердің орташа күндік сомасының 179.2 млрд. теңгеге (46.9%-ға) артуы байқалады.

Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2007 жылдың 2–ші тоқсанында 16.5 млн.тeңге құрап, 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 5.3 млн. теңгеге (47.2%-ға) артқан.



2007 жылдың 2-ші тоқсанында жүйеде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 1 және 2 Кестелерде келтірілген.
Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлемдер көлемі

Кесте 1

Месяц

2006ж. II тоқсан

2007ж. II тоқсан

Өзгеріс

Саны

(мың тр.)



Сомасы

(млрд. теңге)



Саны

(мың тр.)



Сомасы

(млрд. теңге)



Саны

Сомасы

Сәуір

693.5

7 438.2

677.9

11 775.4

-2.2%

58.3%

Мамыр

720.4

8 200.4

739.7

10 448.0

2.7%

27.4%

Маусым

736.9

8 440.3

728.4

13 147.9

-1.1%

55.8%

II тоқсан

2 150.8

24 078.9

2 146.0

35 371.2

-0.2%

46.9%


Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлемдер көлемінің пайдаланушылар топтары бойынша бөлінісі


Кесте 2

Топ

Төлемдер көлемі (млрд. теңге)

Өзгеріс

2006ж.

II тоқсан



2007ж.

II тоқсан



млрд. теңге

%

Бес ірі банк

8 264.0

11 975.0

3 711.0

44.9%

Басқа да банктер

4 453.3

7 481.4

3 028.1

68.0%

Банкілік емес ұйымдар

5 366.2

10 361.7

4 995.5

93.1%

Басқа қатысушылар

5 995.5

5 553.1

- 442.4

-7.4%

Жалпы нәтижесі

24 078.9

35 371.2

11 292.2

46.9%


Банкаралық клиринг жүйесі


2007 жылдың 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша Банкаралық клиринг жүйесінің қатысушыларының саны 33 болған болса, оның 26 екінші деңгейлі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті, «Казпочта» АҚ, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (3 шот ашылған), ҚРҰБ және Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры Банк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).

2007 жылдың 2–ші тоқсанында бөлшек төлемдер ағыны сомасы 596.4 млрд.теңге болатын 3 826.2 мың құжатты құрады. 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда Банкаралық клиринг жүйесінде жасалған төлемдер саны 19.3%-ға төмендеді, ал сомасы 17.3%-ға артты.

2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2007 жылдың 2–ші тоқсанында Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемінің өсуі бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдердің 33.4%-ға, тауарлар мен материалдық емес активтер бойынша төлемдердің 27.7%-ға, көрсетілген қызметтер бойынша төлемдердің 29.3%-ға артуымен байланысты болды. Осы төлемдер түрлері өзгерісінің жалпы үлесі Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемінің жалпы өсуінің 87.0%-н құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде клирингтік жүйеде өңделген транзакциялардың орташа күндік көлемі 9.5 млрд. теңге сомасындағы 60.7 мың құжатты құрады. 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының 14.5 мың құжатқа (19.3%-ға) төмендеу, сондай-ақ төлемдердің орташа күндік сомасының 1.4 млрд теңгеге (17.3%-ға) артуы байқалады.

Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2007 жылдың 2–ші тоқсанында 155.9 мың теңге болып, 2006 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 48.6 мың теңгеге (45.3%-ға) артқан.

2007 жылдың 2-ші тоқсанында Банкаралық клиринг жүйесінде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 3 және 4 Кестелерде келтірілген.
Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемі


Кесте 3

Айы

2006ж. II тоқсан

2007ж. II тоқсан

Өзгеріс

Саны

(мың тр.)



Сомасы (млрд. теңге)

Саны

(мың тр.)



Сомасы (млрд. теңге)

Саны

Сомасы

Сәуір

1 686.0

153.1

1 423.0

183.7

-15.6%

20.0%

Мамыр

1 490.6

171.7

1 192.2

205.7

-20.0%

19.8%

Маусым

1 565.6

183.8

1 210.9

207.0

-22.7%

12.6%

II тоқсан

4 742.2

508.6

3 826.2

596.4

-19.3%

17.3%



Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемінің пайдаланушылар топтары бойынша бөлінісі

Кесте 4

Топ

Төлемдер көлемі (млрд. теңге)

Өзгерістер

2006ж. II тоқсан

2007ж. II тоқсан

млрд. теңге

%

Бес ірі банктер

197.2

272.6

75.4

38.3%

Басқа да банктер

153.6

183.1

29.5

19.2%

Банкілік емес ұйымдар

20.1

24.1

4.1

20.2%

Басқа қатысушылар

137.8

116.6

- 21.2

-15.4%

Жалпы нәтиже

508.6

596.4

87.8

17.3%


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет