Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты



жүктеу 83.15 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі83.15 Kb.



"Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2018 жылдың екінші жарты жылдық ішінде ішкі жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша

талдамалық анықтама
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын орындау үшін, 2016 жылдың 19 қазандағы № 12 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген ішкі жемқорлық тәуекелдерін өткізудің Үлгі қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіндегі, ұйымдар мен жалған мемлекеттік сектор субъектілеріндегі ішкі сыбайластық жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша Әдістемелік ұсынымдарын, 2017 жылдың 11 желтоқсандағы № 94-ө Тельман ауылдық округі әкімінің өкімін орындау үшін "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ бас мамандары И.Н. Миних, 2018 жылдың 19-і мен 22-ы желтоқсандағы аралығында Қостанай облысы Денисов ауданы "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді. Талдау кезеңі: 2018 жылдың екінші жарты жылдығы.

Талдау объекті туралы мәліметтер: «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан әрі – Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты) мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз етудің саласында басшылық ететін мемлекеттік орган болып табылады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және да басқа нормативтік-құқықтық актілеріне, 2013 жылғы 11 қарашадағы №339 әкімиятының қаулымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ережеге, 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Қостанай облысы Әділет департаментінің Денисов ауданының Әділет басқармасында тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамаға сәйкес жүзеге асырады.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110501, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Антоновка ауылы, Садовая көшесі, 38 үй.
«Тельман ауылдық округі әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

2018 жылдың екінші жарты жылдығында прокурордың наразылықтары ауылдық округі әкімінің актілеріне енгізілген жоқ. Әкім аппаратының негізгі қызметі бойынша, жеке құрамы бойынша, ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша өкімдері Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік және орыс екі тілде рәсімделген, ал олай ғой Қазақстан республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына, Қазақстан республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын рәсімдеу және келісу туралы кейбір мәселелері», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына, «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ регламентіне сәйкес келеді.


Өткізілген талдаудың нәтижелері бойынша, ауылдық округі әкімімен өз қалауы бойынша шешімдерін қабылдауға жәрдемдесетін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде кедергілерді құруға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ, нормативтік құқықтық актілердің бетінше түсіндіру мүмкіндігін құрайтын құқықтық кемшіліктер де жоқ.

«Тельман ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі ішкі талдау келесі критериялар бойынша жүргізілді:



  1. қызметшілерді басқару бойынша, сонымен қатар кадрлардың ауысуы;

  2. мүдделер тартысын реттеу бойынша;

  3. мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша;

  4. рұқсат берілген функцияларды жүзеге асыру бойынша;

  5. бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша;

  6. ұйымдастыру-басқару қызметінде туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Қызметшілерді басқару.

Тельман ауылдық округі әкім аппаратының штаттық саны 5 бірлік, нақты саны – 5 әкімшілік мемлекеттік қызметкер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін әкім аппаратының барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу шараларын қабылданды, қаржылық бақылауын жүзеге асыру мақсатында қызметшілермен және олардың жұбайларымен мемлекеттік кірістер органдарына декларациялар уақтылы ұсынылған.

Жоқ фактілер: жұмысқа қабылданған қызметкерлер мен басшысының бірігуі; жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызметі (жұмысы); қолданыстағы заңнамасымен лауазымды тұлғаларға белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салулар. Аппаратының мемлекеттік қызметшілер қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  1. Мүдделер тартысын реттеу.

Мемлекеттік сатып алу өткізу рәсімі мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы ашық және барлық әлеуетті өнім берушілерге қол жетімді және мемлекеттік сатып алулар электронды түрде өтеді, сондықтан жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен арасында сөз байласу азайтады, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану деңгейін төмендетуге жәрдемдеседі.

«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 38 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде:



  1. баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу: өткізілген –1, бұзушылықтарсыз;

  2. мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу: өткізілген –34, бұзушылықтарсыз;

  3. бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу орындалмаған: өткізілген –3, бұзушылықтарсыз;

  4. конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу: өткізілген –0.

Жақын туыстар, жұбайлар және жекжаттар бірге қызмет істеу фактілерді айқындау мақсатпен, Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлердің жеке істер зерделген. Қызметкерлердің арасында ағайындас байланыстарды растайтын мәліметтер табылған жоқ.



  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету:

2017 жылғы 4 қаңтардағы № 2-ө "2016 жылғы 5 қаңтардағы № 4-ө Тельман ауылдық округі әкімінің «Жеке тұлғаларға қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бойынша міндеттерді лауазымдық тұлғаларға жүктеу туралы»» Тельман ауылдық округі әкімінің өкіміне сәйкес және 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 3-ө "2016 жылғы 5 қаңтардағы № 4-ө Тельман ауылдық округі әкімінің «Жеке тұлғаларға қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бойынша міндеттерді лауазымдық тұлғаларға жүктеу туралы»» Тельман ауылдық округі әкімінің өкіміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттермен көрсетілетін қызмет сапасы және қол жетімділік қамтамасыз етуі басты мамандардың Т. А. Дрончуковская және И.Н.Миних жүктелді.

Мемлекеттік қызметтердің реестріне сәйкес, Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты 12 (он екі) мемлекеттік қызмет көрсетеді:



  1. мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

  2. шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау;

  3. он сегіз жасқа дейігі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

  4. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

  5. жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

  6. ауылдық елді мекендере тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

  7. өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

  8. жеке қосалқы шаруашылықтын бар екендігі туралы анықтамалар беру;

  9. жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

  10. елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

  11. мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда,аукциондарда) сатып алу;

  12. сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Тельман ауданының ресми сайтында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі туралы толық хабар орналастырылған. Мәлімет заң өзгерістер шара бойынша жаңарып жатады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытта қажетті құжаттарды күту мен әзірлеуге жағдай жасаған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік қызметтердің регламенттер мен стандарттар талаптарына сәйкес жүзеге асырлады.

2018 жылдың екінші жарты жылдығында Тельман ауылдық округі әкімінің аппаратымен 42 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:

«Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру» - 31;

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» -0 (ХҚКО арқылы түскен);

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 11;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-0.

Осы жылдың екінші жарты жылдығында қалған мемлекеттік қызметтер бойынша үндеулер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша үндеулер қойылған ретте қаралып жатыр, бұзушылықтар айқындалған емес.



4, 5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауылдық округі әкімінің аппараты бақылау-қадағалау, рұқсат берілген функцияларды жүзеге асырмайды. Бақылау функциясы ауылдық округі аппарат ұжымының ішінде қызметкерлермен әдеп нормаларды, еңбек тәртібін сақтау бөлігінде іске асады, осы функция басқа жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына және заңды мүдделеріне тиіспейді.

6. Ұйымдастыру-басқару қызметінде туындайтын өзге де мәселелер.

1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелер мониторингі ай сайын өткізіледі. Өтініштерге жауаптар дер кезінде және нәтижелі қаралып жатыр. Өтініштердің көбісі жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерту жөнінен. Азаматтардан түскен барлық өтініштер жер қатынастар бойынша комиссияда қарастырылады. 2018 жылдың екінші жарты жылдығында жеке тұлғалардан 12 өтініш және заңды тұлғалардан 1 өтініш қабылданды.

Сонымен қатар, не жоғарыда айтылған өтініштер «Айқын» бағдарлама бойынша өтуімен, Тельман ауылдық округі әкімімен жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскілер туралы мәліметтер тоқсан сайын көрнекті қол жетімділік орында (стендте) жайласып жатыр.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, ауылдық округі әкім аппаратының жиналыстарда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындалу қажеттілігін мемлекеттік қызметшілерінің ықыласына акценттеп жатыр.


2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын және қызметтік этикасын сақтау:

Тельман ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар, мемлекеттік қызметшінің мәртебемен сабақтас шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңаммасы мен Әдеп кодексінің талаптары қатал сақталады. Талдау өткізген сәтте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңаммасы мен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауына байланысты тәуекелдердің пайда болғанын растайтын оқиғалар болған жоқ.

Округ әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерге қатысты келеңсіз материалдарды айқындау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг өткізілген. Зерттеу мерзімінің ішінде келеңсіз материалдар айқындалған емес.

Тельман ауылдық округі әкімінің аппаратына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түскен жоқ.


7. Қорытынды

Тельман ауылдық округі әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері заңдылық қағидаларын басшылық етеді, өз істермен мемлекеттік өкіметінің мәртебесін марқаланады, мемлекеттік қызметін дискредитациялайтын істеріне жол бермейді, мемлекетке және оның институттарына, мемлекеттік қызметіне қоғамның сенімін марқаланады және сақтайды, көпшілікпен қабылдаған моральды-этикалық нормаларды сақтайды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне орынды қатынас мысалмен қызмет көрсетіп жатыр.

Деректерді талдау нәтижесінде, жұмыс тобы «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» мекемесіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағалануы төмен деген тұжырымдама келді.

Талаптарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындылары интернет-ресурстерде орналастырған болады.




Тельман ауылдық округінің әкімі С.И.Досмұхамедов


Бас маман И.Н. Миних

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет