Жаңаөзен қаласында алаяқтық жолмен Ақтөбенің 10-нан астам такси жүргізушісін алдаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: vietnews.ru

Ақтөбе қаласында бірнеше такси жүргізушісі алаяққа алданып қалған. Осы дерек бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті жігітті анықтап, Жаңаөзен қаласынан ұстады.

Тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмыстық схемасын танымал "Индрайвер" қосымшасын пайдаланып жүзеге асырғаны анықталды. Ол такси жүргізушілерін осы қосымша арқылы тауып, "Ватсап" мессенжерінде байланысқан.

“Клиенттің атын жамылған жігіт хат жазысу барысында қолма-қол ақшасының бар екеніне сендіріп, такси жүргізушілерін өз ақшасына супермаркеттерден азық-түлік жеткізіп беруге және өзі жіберген ұялы телефон нөміріне ақша аударуға көндірген. Сенімді болу үшін қажет азық-түлік тізімін де жолдап, тапсырысты мекенжайға жеткізген соң, барлық шығындарды қолма-қол өтейтінін айтқан.

Жәбірленушілер азық-түлікті сатып алып, "тапсырыс беруші" жіберген телефон нөміріне ақша аударғаннан кейін, жігіт оларды бұғаттап, байланысқа шығуды бірден тоқтатқан. 10 такси жүргізушісіне келтірілген шығын көлемі 11 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі сома шамасында”, — деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда автокөліктерді әкелу схемаларына байланысты ауқымды тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.