Әлемнің ең үздік жауынгері болған Хабиб Нұрмағамедов UFC тұжырымындағы атышулы Конор Макгрегорға қарсы жекпе-жектегі жеңісінен кейін Путиннен бағалы сыйлыққа кенелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UFC президенті Дана Уайттың Games With Names ютуб арнасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Sport24

UFC президенті Дана Уайт Хабиб Нұрмағамедовтың Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін Ресей президентінен алған бағалы сыйлықтары көп болғанын айтты. 

“ Путин Хабибке және оның әкесінен құны 20 миллион доллар тұратын жылжымайтын мүлік сыйға тартқан. Одан бөлек, Хабиб мұсылман елдеріне барып, көлік, ақша, зәулім сарай сияқты қалағанының бәрін алды. Хабиб сондай атақ-дәрежеге жеткенде, біз онымен Конор Макгрегормен сөйлескендей болдық” – деді Дана Уайт.

Хабиб Нұрмағамедовтің UFC-ден не үшін кеткені белгілі болды

Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов пен Конор Макгрегор 2018 жылы, UFC 229 турнирінде жұдырықтасып, дағыстандық споршының жеңісімен аяқталған болатын. Кәсіби мансабындағы 29 жекпе-жектің бәрін жеңіске жеткен Нұрмағамедов 2020 жылы мансабын аяқтады.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.