Бекзат Алмахан әлемге әйгілі UFC тұжырымында Омар Нұрмағамедовке қарсы дебюттік жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлемнің ең үздік тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ азулы қарсыласқа қарсы өнер көрсететін Бекзат Алмахан АҚШ-қа аттанды. Ол  3 наурыз күні өтетін UFC Vegas 87 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедовке қарсы жұдырықтасады. Бекзат бұл жекпе-жекке визасының жақында ғана шығуына байланысты кеш аттанды. Дегенмен оның қазіргі салмағы – 64,5 келі. Ал қос спортшы 61 келі салмақта сынға түсетінін ескерсек, отандасымыз аса көп салмақ қумайды.

Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз

"Бекзат Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына болады": Нұрмағамедовтың бапкері Бекзатқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Айта кетейік, UFC рейтингінде 13-орында тұрған Омар Нұрмағамедов 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетсе, Бекзат 18 жекпе-жектің 17-інде жеңімпаз атанған.  


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.