2024 жылы Парижде өтетін олимпиада және паралимпиаданың медальдарының дизайны таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Paris2024

Олимпиада ұйымдастырушыларының айтуынша, медальдардың әрқайсысында Эйфель мұнарасының бір бөлігі болады.

"Франция мен Париждің көрнекті ескерткіші –  Эйфель мұнарасын медальмен байланыстырдық", – дейді ұйымдастырушылар.

Олимпиада және паралимпиаданың әр медалі Эйфель мұнарасынан алынған темірмен безендірілген. Бұл бөлшектер мұнараны жөндеген кезде қалып қойған. Олар медальдардың ортасында алтыбұрыш түрінде тұрады.

Олимпиада медалінің ленталары қою көк, ал паралимпиадалық медаль ленталары қою қызыл болады.

Медальдарды Францияның теңге сарайы дайындайды. 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындары 24 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Олимпиада ойындарында спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы, ал паралимпиада ойындарында 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.