Темекініњ адам аѓзасына зияны



жүктеу 162.47 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі162.47 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: "Шылымның адам ағзасына әсері".

Сабақгың мақсаты:

1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, шылым тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Жасөспірімдерге арналған ереже.



  1. Темекіден болатын аурулар.

  2. "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыпта түсірілген диапозитивтер.

  3. Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

  4. Ұлы адамдардың нақыл сөздері.

  5. Тақырыптарға байланысты суреттер.

Сабақтың түрі: конференция.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Кіріспе.

II. конференцияға қатысушылармен таныстыру.

III. Темекінің шығу тарихы

ҮІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

Ү. Көрініс. Әке мен бала.

ҮІ. Темекіден болатын аурулар.

ҮІІ. Диапозитив.

ҮІІІ. Темекімен күрес.

IX. Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)

X. Қорытынды.

Конференцияға қатысушы мамандар:



  1. Медицина ғылымынын докторы, академик.

  2. Жас өспірімдер ісімен айналысатын милиция инспекторы.

Кіріспе.

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:


  1. - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

  2. - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

  3. -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
    Бағдарламада былай делінген:

Сұрақтар:

  1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

  2. Темекі тарту туралы кітап көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?

  3. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

  4. Көрініске байланысты сұрақтар.

  5. Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

  6. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Шылымның адам ағзасына әсері" деген тақырыпқа арнасақ.

Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Жүргізуші. Адамдардың шылым шегуінің жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман әдетін бойына сіңіргісі келеді;

б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в) ересек болуға тырысу;

г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс «Әке мен бала»

Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің конференцияға қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермейді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық

Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньң зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.

1-сурет - Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын, никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.

2-сурет - Ал мына көріп отырғандарыңыз, темекі тартпайтын адамның тыныс жолы мен темекі шегетін адамның тыныс жолы. Темекі шегетін әбден үйренген адамның жөтелуі, кеудесінің сырылдап тұруы осыған байланысты.

3-сурет - Ал мынада темекі тартушыларда көп кездесетін ракка айланып, әбден ісіген өкпе көрсетілген.

Сұрақ. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.



Жүргізуші. -Бүгінгі конференция тақырыбына сай газетте былай деп жазылыпты.

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.



  • Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.

Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.



Тілші. Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің тұтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.



  1. Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.

  2. Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

  3. Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

  4. Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

  5. Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?

Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі.

Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?

Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек.

Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?

Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.



Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.

Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Америка, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Конференциядан алған әсерімізді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.

1. Сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.

2. Шылым шегу біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.

Бекіту сұрақтары:



  1. Шылым шегумен күрес жүргізіле ме?

  2. Шылым шегетін жас пен шекпейтін жас арасында қандай айырмашылық бар?

  3. Жастар шылым шекпеу үшін не істеу керек?


Зиянды дағдылардан аулақ болу


Зиянды дағдылардан аулақ болу

1.    Темекінің зияны.
2.     Есірткі адамзаттың соры.
3.     Арақтың түрлері.

“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы  И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге  деген табиғи қажеттілік жоқ.


Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміе бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты.
Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. 
Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

Темекі құрамындағы заттар.


Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.  
Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады,  бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.
Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).

Темекі шегудің зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрарқты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

Есірткі қайдан алынады?
Есірткі тобындағы заттар,көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.
1.    Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.
2.    Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі.

Героин деген не?


Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға езіндісін тамырға құю арқылы пайданылады.

Басқа да құмарлық тудыратын заттар.


Морфий мен кодеин медецинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүдінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.
Кокайн Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0,5 кг кокайн алынады.

Есірткі адамзаттың соры.

Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.

Есерткі және денсаулық.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.
Кокайн қолданған кезде орталық жүйке  жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек  соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.
Ұзақ жылдар бойы кокайн қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокайннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.

Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.


Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.

АРАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.


Алкоголъ атауы арабша термін болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ¥па бейнесіндегі ұнтақ мағнасына келетін "ЕЛ-КҮҰЛ" терміні, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу ф ормасымен Алкоголъ болып кірген.
Құрамында Алкоголъ бар ішімдіктерде химиялық жақтан бір неше түрлі алкоголъ болғанымен, ең бастысы Этил (еШуіе) Ал-коголъ. БҮ-Л зат химиялық жақтан Этанол, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіп аісоһоі) деп аталады.
Арақта болатын басқаша алкоголъ тұрі де метил алкоголъ, не-месе Метанол. БҮЛ алкоголъ халық арасында көбінесе Эгил Смирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголъ антифріздерде (қатырмайтын зат) жэне жанарзаттарда болғанындай, кейбір өмдіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мелшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптеген өлімге себеп болған.
Тағы бір алкоголъ түрі изопропил алкоголъы, арақтыц 6ҮЛ түрі де улы. Алайда алкоголъ (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі.

Мас деп аталған жағдай қалай туылады?


Алкоголь бір түрлі анистетик, яғни, жансыздарушы зат. Ол қан арқылы миға жетеді.
Миды дененім басшылық орталығы деп ТҮСІНІҢІЗ, арақ миға келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Ал-дымен шешім жасау немесе тергеу қуатын бүзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате есептейді. Одан кейін, адам-дардың басты ерекшелігі болған үялу сезімін өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп сөйлейді. Әсіресе арақ, естіу қуатына, мишыққа әсер етіп бүлшық ет-тердің тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп жүреді, денесінің тепе -теңдігін сақтай алмайды.
Міне, осындай КҮЙГЕ ТҮСКӨН мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан, сыртқы дүниемен қатысы азайган, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген, тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жгйелері ав-томатты ғана әрекеттенген бір жаратылысқа айналады, бгдан да ілгерлеп ішілген арақ, жоғардағы қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға жегелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз емес.

Мінеки, маскүнемнің халі. Қоғамға рухани және заттық ау-ыртпалық, қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арак ішкендердің "Маскүнем боламыз" деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірінде, ақыретінде ілікке алғысыз етеді.


Алкоголъды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпгі қылтамақ рагы, асқазанда бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жолашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүиесін бүзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерек-ше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны өліммен бітетін ауру.
Арақ жүйке ЖҮЙЕСІ ҮШІН, әсіресе миға іетенше ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға үшырайды, тіпті өледі.

АрақАты       Ашытылғанзат    Құрамы айрылған ба    Спирт дәрежесі


Сыра            өнгенарпа    Жоқ    4-7%
Шарап          Жүзімшырыны    Жоқ    15-20%
Конъяк          Жүзімшырыны    айырылғаи    40-50%
Ликерлер      Түрлі жемістер    "    40-50%
Түрік арағы    ЖҮЗІМ, Инжір   
Водка            Клртоп жзне   
басқапар
Виски            Өмгеи астық   

СЫРА, ШАРАП,ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИН


Арақтар, спирт пен судан тыс, басқа да ләззат беретін және рең беретін заттарды қамтиды. Алкоголь құрамды арақта азықтық құн болмайды. Суретте, ішіне тең мөлшерде этил спирті қосылған түрлі арақтар көрсетілген. Бір құмыра сыра ішкен адамның денесі, бір тостаған шарап ішкендей этил спирті қабылдағанмен тең болады.

“Денсаулығыңды ақсатқаның - өзіңді өзің қақсатқаның” – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек. Денсаулыққа жат қылықтардан арылу үшін бүкіл елдің барлық адамының күш біріктіріп күрескені жөн деп ойлаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 0df0
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0df0 -> Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет