«Темір аудандыќ білім бґлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша баќылау іс-шаралар нјтижесі туралы акт



жүктеу 49.4 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі49.4 Kb.

«Талдысай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі бойынша бақылау іс-шаралар нәтижесі туралы

АКТ

Әйтеке би ауданының Талдысай ауылы, Комсомол к-сі,34,

кабинет № 2.


2016 жыл 26 тамыз

сағ. 14.30





Бақылау объектісінің атауы:
Бірыңғай сәйкестендіру нөмірі (БСН):


«Талдысай орта мектебі» ММ (бұдан әрі – бөлім).
№ 970740001559

Бақылау объектісінің өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:

Биртаева Саулеш Бакытжановна– директор




Бақылау іс-шарасын тағайындау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі:

2016 жыл 23 тамыз, №208-ө.




Бақылау іс-шарасын жүргізген жауапты орындаушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:

Әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Шабикбаев Сагындык Нургалиевич, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің жетекші маманы Абилов Саламат Канибайулы

(комиссия мүшелері).




Бақылау іс-шарасының жүргізілген күні, орны және кезеңі:

2016 жыл 26 тамыз, Әйтеке би ауданының Талдысай ауылы, 2016 жылғы 08-26 тамыз кезеңі.



Көрсетілетін қызметті беруші, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Мектептің бірінші қабатында қызмет көрсететін бөлме бар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғимаратқа кіруге арналған пандус талапқа сай.

Заңның 11-бабы 2-тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мектепте мемлекеттік қызметтер көрсету ақпараттық стендінің форматы талапқа сай келмейді. Стендте орналастырылған ақпарат жаңартылмаған.

2016 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілмеген.

Мектеп бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты қызметкерлер 2016 жылдың 26 ақпандағы № 37 бұйрығымен: Б.Ергалиев, К.С.Мукашева, Р.О.Дуйсенбина бекітілген.

ҚР Үкіметінің 2013 ж.18.09. № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, аудан төңірегінде білім саласы бойынша мемлекеттік қызметтердің 8 түрі көрсетілуі тиіс.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне өтініш түспеген.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне 2 өтініш түскен, барлығы қанағаттандырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптары бұзылған. Мысалы, А.Қайыржанқызы 5 А сыныпқа қабылдау үшін ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі қосымша сұратылған, өтініші стандартпен бекітілген қосымшаға сай келмейді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне өтініш түспеген.

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне өтініш түспеген.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне өтініш түспеген.

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне 4 өтініш түскен. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптары бұзылған. Себебі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 бөлігіндегі 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларымен бекітілген құжаттар тізбесінің тиістісін сұратпай, орнына Комсомол селолық округінің әкімімен берілген анықтамасы сұратылған.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне өтініш түспеген.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне журнал арналған, а.ж. 26 тамыз күніне өтініш түспеген.




Қорытынды:
Жүргізілген бақылау нәтижесі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мектеп қызметінің тиімділігі орташа екендігін куәландырады.
Ұсыныс:

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету ақпараттық стендінің форматын талапқа сай рәсімдеу, жекелеген мекемелерді ақпараттық стендтермен қамтамасыз ету;

  • 2016 жылдың қалған 4 айына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдау;

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары талаптарын бұзылуына жол бермеу, анықталған кемшіліктерді жою.



Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы м.а. С.Н.Шабикбаев
Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің жетекші маманы С.К.Абилов

«Талдысай орта мектебі»

мемлекеттік мекемесінің директоры С.Б.Биртаева

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет