Тендерлік бланкілік кепілдіктерді алу үшін ҚҰжаттардың тізбесі



жүктеу 43.18 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі43.18 Kb.

Тендерлік бланкілік кепілдіктерді алу үшін

ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

1.

Банктің нысаны бойынша тендерлік бланкілік кепілдіктерді беруге өтініш қосымшаларымен бірге

Түпнұсқа

2.

Келісімдер:

- Банктің Кредиттік Бюроға ақпарат беруіне және

- Кредиттік бюродан кредиттік есепті алуға

Түпнұсқалар



3.

Борышкердің уәкілетті органының шешімі (хаттамасы) (жалғыз қатысушы/қатысушылардың жалпы жиналысы/қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы/қоғамның директорлар кеңесі/қоғамның атқарушы органы):

- тендерлік бланкілік кепілдікті беру туралы өтінішпен Банкке өтініш жасау туралы;

- Борышкер тендерлік бланкілік кепілдікті беру туралы шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындамаған/лайықсыз орындаған жағдайда кез келген банктерде ашылған Борышкердің барлық банк шоттарынан ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығын Банкке беру туралы;

- Банктің пікірі бойынша, конкурста/тендерде жеңген жағдайда «Bank RBK» АҚ-да Сатып алулар туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу кепілдігін алу үшін жеткілікті кепілдік қамсыздандыруды (ақша, жылжымайтын мүлік, басқа өтімді қамсыздандыру) беру туралы;

- барлық қажетті құжаттарға, соның ішінде Борышкердің атынан банк кепілдігін беру туралы шарттарға қол қою құқығын беру туралы

АҚ үшін қосымша: ірі мәмілені бекіту туралы; қоғамның міндеттемесін АҚ жарғылық капиталы мөлшерінің 25% және одан астамын құрайтын сомаға ұлғайту туралы; жасалуына мүдделілік бар мәмілені АҚ жасауы туралы шешім, ірі мәміленің жасалуы туралы ақпараттың БАҚ-да орналастырылуы туралы растау

Қатысушылар (акционерлер) қолдарын қойған, тігілген және нөмірленген, мөрмен расталған түпнұсқа



4.*

Борышкердің бірінші басшысын лауазымға тағайындау туралы бұйрық

Борышкердің мөрімен расталған көшірмелер

5.*

Борышкердің бірінші басшысын лауазымға тағайындау туралы қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі/акционерлердің жалпы жиналысы отырысының хаттамасы

Борышкердің мөрімен расталған көшірмелер

6.*

Борышкердің басшыларының немесе Борышкердің құжаттарына қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке куәлігі және СТН

Көшірме

7.

Резидент еместер үшін:

Резидент емес заңды тұлғаның мәртебесін куәландыратын, Борышкердің шет мемлекетінің уәкілетті органы берген (егер Борышкер Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылса) құжат: салық төлеушінің куәлігі



Нотариалды расталған көшірме

8.

Конкурстық/тендерлік құжаттама

Көшірме

9.

Резидент еместер үшін:

12 ай үшін Борышкердің банк шоттары бойынша айналымдар туралы анықтама



Қызмет көрсетуші Банк берген түпнұсқа

10.*

Борышкердің жай акцияларының он және одан астам пайызына иелік ететін, жай акциялардың (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызына иелік ететіндерден Борышкердің жарғылық капиталындағы жай акциялардың (қатысу үлестерінің) түпкілікті бенефициарларына дейін Борышкердің жарғылық капиталындағы барлық үлес меншіктенушілер туралы ақпаратты ашатын құрылтай құжаттары, акционерлер тізілімі (БСН көрсетумен Заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік, Жарғы, Құрылтай шарты не қоса алғанда, бірақ шектелмей, жалғыз қатысушысы бар АҚ мен ЖШС қоспағанда, заңды тұлғаны құру туралы шешім)

Нотариалды расталған көшірмелер



11.*

Борышкердің және бірінші/екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың қолтаңба және мөр бедері үлгілері бар құжат

Нотариалдық расталған түпнұсқа

12.

Өтінішті берудің алдындағы соңғы тоқсан және соңғы есепті жыл үшін Борышкердің қаржы құжаттары (№ 1, 2, 3 нысандар)

Борышкердің мөрімен расталған көшірме

13.

Борышкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (бары) туралы анықтама және (немесе) салық қызметі органдары берген салыстыру актісі

Көшірме


14.

Құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулардың жоқтығы туралы Борышкердің хаты

Түпнұсқа

1 Ескерту. (*) белгіленген құжаттар, Борышкердің заңдық істерінде бұл құжаттар болған кезде Кепілдік алу үшін қайта өтініш жасаған кезде берілмейді.


2 Ескерту. Егер Борышкер 1 айдың ішінде тендерлік бланкілік кепілдікті беру туралы өтінішпен қайтадан жүгінетін болса, онда беру үшін 1, 2, 3, 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды беру жеткілікті болады.
3 Ескерту. Егер Борышкер 2 және одан көп айдың ішінде тендерлік бланкілік кепілдікті беру туралы өтінішпен қайтадан жүгінетін болса, онда беру үшін 1, 2, 3, 8, 13, 14-тармақшаларда көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Мәлімет үшін:

Бұл тізбе жобаны талдау үшін құжаттардың ең аз тізімін білдіреді. Аталған құжаттарды қарастыру барысында қосымша сұрақтардың туындауы мүмкін және Банк толықтай талдау үшін қажетті құжаттар мен анықтамаларды қосымша сұрай алады. Барлық құжаттар Банкке құжаттың атауын, құжаттың тұрпатын (түпнұсқа/көшірме/нотариалды расталған көшірме), парақтар санын көрсете отырып тізімдеме бойынша беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет