Пульмонолог Павел Бережанский маусымдық депрессия кезінде адамның ештеңеге зауқы соқпай, энергиясы төмендеп, ұйқысы мен зейіні бұзылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  аif.ru басылымына сілтеме жаспа хабарлайды. 

Фото: mykaleidoscope.ru

Бережанский жаман көңіл-күй мен апатия ұзақ уақыт кетпесе, дәрігерге қаралу керектігін түсіндірді. Сондай-ақ егер симптомдар бастапқыда жоғалып кетсе, бірақ біраз уақыттан кейін олар қайтадан ауыр түрде пайда болса, маманмен кеңесу керек.

Маман депрессияның кейбір белгілерін әр адам өздігімен емдей алатынын жеткізді. Ол үшін үнемі таза ауада серуендеп, жақындармен араласып, күліп, көңілді жүруге кеңес берді. Сондай-ақ дәрігер уақытылы ұйқы циркадиялық ырғақтарды орнатуға және гормоналды деңгейлерді жақсартуға көмектесетінін айтты. 

  • Маман кеңсе қызметкерлеріне салауатты өмір салтын сақтаудың құпияларын ашты
  • Маман бананның көпшілік біле бермейтін пайдасы туралы айтты

Сонымен қатар маман диетаға Омега-3 май қышқылдары көп тағамдарды қосуға кеңес берді: теңіз балығы, майшабақ, скумбрия, лосось, теңіз өнімдері, сондай-ақ грек жаңғағы, зығыр майы және авокадо қосуға кеңес берді. Витаминдік препараттарды қабылдау және спортпен айналысу көктемгі апатиямен күресуге көмектеседі дейді Бережанский.

Айта кетейік, бұған дейін Apple мамандары смартфон суға түсіп кетсе не істеу керектігін айтқан еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.