«Теориялық механика» 5В074500 «Көлік құрылысы» мамандығы студенттеріне арналған ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



жүктеу 252.99 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі252.99 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Сәулет - құрылыс факультеті
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

«Теориялық механика»

5В074500 «Көлік құрылысы» мамандығы студенттеріне арналған


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38


Бекітемін

СҚ факультетінің деканы

Кудерин.М.К.___________

“_____”________20 ж.

Құрастырған: аға оқытушы Тілеулесов А.К. ____________

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы


«Теориялық механика» пәні бойынша
5В074500 «Көлік құрылысы» мамандығы студенттеріне арналған


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Бағдарлама 20 ж. «___» ________ бекітілген жұмыс бағадарламасы негізінде әзірленген


Кафедра отырысында ұсынылған « » 20 __ж.,

Хаттама №.__


Кафедра меңгерушісі : ___________ К.Ш. Арынгазин «____» ______20 ж.
СҚ факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлдаған, «____» ______20 ж., хаттама №__

ӘК төрағасы ______________ Г.А.Жукенова. «____» ______20 ж.


Мақұлданды

Биотехнология кафедраның меңгерушісі ___________ «___»________20 ж.



1. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:

Тілеулесов Асқар Кәрімжанұлы - «Тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы, магистр.

«Тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің (Ломов к-сі 64) А-корпусы 133-аудиториясында орналасқан. Байланысу телефоны 673685 (12-08).


2 Пән туралы мәліметтер Пән 3 семестрде оқытылады; бақылау түрлері: рубеждік бақылаулар, курстық жұмыс пен емтихан. Пәннің көлемі 90 сағат. Аудиториялық сағат саны- 12, оның ішінде 6 дәріс сағат, 6 тәжірибелік сағат және 78 сағат өздік жұмысы. Календарлық жоспарда олардың бөлінуі көрсетілген.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практика

зертха-налық

студиялық

жеке

барлығы

СОӨЖ

3































Барлығы

2

12

6

6

-

-

-

90

78

емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты: болашақ мамандарға алда тұрған арнайы инженерлік пәндерді игеруіне кажетті және инженер - технолог маманы есебінде тәжірибелік жүмыстарында қолдануға болатын, білімді беру. Бұл пән 5В074500 мамандығының базалық пәндер блогына жатады.

Пәннің міндеттері:

Материалдық денелердің тепе-тендігін және қозғалыстың жалпы заңдарын; типтік технологиялық конструкциялардың есеп алгоритмдердін және модельдердін құрастыру. Бұл – сала жаңа жабдықтарды құрастыру немесе істеп тұрған жабдықтардың сенімділігін жоғарылату жұмыстарының негізгі бөлімі.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:

- әр түрлі күш жүйелерінің негізгі тепе-тендік шарттарын

- дененің әр түрлі қозғалыстағы кинематикалық сипаттамаларын анықтауға арналған әдістерді

- әр түрлі күштердің әрекетінен жилжийтын объектінің динамикалық сипаттамаларын анықтауға арналған әдістерді

- машина бөлшектерін, материалдар кедергісі бөлімінің негізгі ережелерін

Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:

- материалдарды дұрыс тандап алу

- есеп моделін құрастыру

- соған сәйкес есептерді шығару.


6 Пререквизиттер:

Бағдарлама «Математика», «Инженерлік графика» және «Физика» пәндердің базасына негізделген.


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: «Материал кедергісі», «Темірбетон конструкциялар», «Болат конструкциялар».


8 Тақырыптық жоспар


№ п/п

Тақырып атауы

Сағаттың саны

сырттай, орта кәсіптік білім негізінде

Дәріс

Тәжірибелік

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-

2

2

1 тақырып. Машинажасау бүйымдарын сенімді пайдаланудың және есептеудің, жобалаудың күрылымдаудын жалпы принциптері

1

1

16

3

2 тақырып. Теориялық механика.

1

2

20

4

3 тақырып. Материалдар кедергісі

1

1

20

5

4 тақырып. Машиналар мен механизмдер теориясы

1

1

10

6

5 тақырып. Машина бөлшектері

1

1

10

БАРЛЫҒЫ:

6

6

78


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Теориялық механика: статика, кинематика және динамика; материал кедергісі; машиналар мен механизмдер теориясы; машина бөлшектері.


10 Курстың компоненттері

10. 1 Курстың теориялық мазмұны

Кіріспе. Пәннің нысаны және міндетері. Ғылым мен техника жетістіктерін пайдаланумен ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асырудаға машина жасаудың айқындаушы ролі. Машина жасау саласындағы кәзіргі замандағы тенденциялар. Курстың жалпы - инженерлік, жалпы - ғылымдык және арнаулы пәндермен байланысы.

1 тақырып. Машинажасау бүйымдарын сенімді пайдаланудың және есептеудің, жобалаудың, қүрылымдаудың жалпы принциптері

1.1. Машинажасау бүйымдарынын жобалау және күрылымдау ерекшеліктері.



  1. Негізгі үғымдар мен анықтамалар. Машинажасау бүйымы. Машина, жабдықтар, аппарат, қондырғы, аспап, механизм, бөлшек, жинақтау бірлігі. Машинажасау бүйымдарын стандарттау негіздері.

  2. Машинажасау бүйымдарына койылатын талаптар. Беріктік, қатаңдык, тозуға төзімділік, қызуға төзімділік, дірілге орнықтылық, орнықтылық, түмшалылық - бүйым бөлшектері жүмыс қабілеттілігінін басты талаптары.

1.2. Инженерлік есептеулердің жалпы принциптері.

  1. Бөлшектің есептік үлгілері: геометриялық формасының үлгісі (бір-; екі-; үш өлшемді дене); жүктелу үлгісі (кадалған, тараған, статикалық, динамикалық, азциклдық, көпциклді жүктемелер); конструкциялык материалдар үлгісі (түтас; серпімді; сызықгы-деформацияланатын; изотропты орталық); шекті күй үлгісі (үлкен кайтымсыз деформация; морт қирау, коррозиялык немесе эррозиялық тозу, түмшалылықты жоғалту т.б.).

  2. Машинажасау бүйымдарының типтік элементтері. Элементтерді есептік үлгілерінің ортақтығына (сырық, жүқа қабырғалы кабықша, массив) және аткаратын кызымет (мойынтіректер, жалғастырғыштар, біліктер) ортақтығына байланысты жіктеу.

1.2.3. Қабылданған шекті күйдегі үлгісіне байланысты бөлшектің жүмыс қабілеттілігі басты шарты бойынша сенімділігін бағалау

2 тақырып. Теориялық механика

  1. Абсолютты қатты дене. Статика негізгі анықтамалары және аксиомалары. Күштердің нүктеге және оське қатысты моменті. Параллельді күштер жүйесі. Қос күштер жүйесі. Қос күштер. Күштерді белгіленген центірге келтіру. Байланыс реакцияларын аныктау.

  2. Нүкте және дене кинематикасы. Қатты дененің ілгерлемелі, айналмалы, жазық параллельді козғалысы. Қатты дененің күрделі қозғалысы.

  3. Материалдық нүкте және дененің динамикасы. Кинетостатика негіздері. Жүмыс және қуат. Кинетикалык момент өзгеруі туралы теорема. Кинетикалык энергия өзгеруі туралы теорема. Динамиканын негізгі теоремасы.

3 тақырып. Материалдар кедергісі

3.1. Бөлшектің кернеулі-деформациялык күйі. Негізгі гипотезалар және болжамдар. Қима әдісі. Кернеулер-ішкі күштер өлшемі.

3.2. Созылу және сығылу. Созылу және сығылу деформациясына байланысты бойлық күштер. Бойлык күштер эпюрларын түрғызу. Созылған (сығылған) сырыктар көлденең қималарындағы кернеулер. Созылу және сығылу деформациялары бойынша беріктікке есептеу. Серпімді созылу және сығылу деформациялары. Гук заңы. Пуассон коэффициенті. Материалдарды механикалық сынау.

3.3. Ығысу (қиылу). Ығысу кезеңіндегі кернеулер. Ығысу деформацияларынын есептік тәуелділіктері. Ығысуға байланысты деформациялар және Гук заңы. Жанама кернеулердін жүптык заңы. Сығылу кезеңіндегі көлбеулік кималарда кернеулер. Басты кернеулер.

3.4. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Аудандардың статикалық моменттері. Полярлык инерция моменті. Осьтік инерция моменті. Осьтерді параллельді ығыстыру кезеңіндегі инерция моменті. Басты осьтер және инерция басты моменттері.


  1. Бүралу. Шеңберлі цилиндр бүралу туралы түсініктер. Бүралу моменттер эпюрлары. Білік бүралу кезеңіндегі кернеулер және деформациялар. Бүралу кезеңіндегі беріктікке және қатаңдыкка есептеулер.

  2. Иілу. Негізгі түсініктер. Арқалықтар қималарындағы көлденен күштер және иілу моменттері. Көлденең күштер және иілу моменттер эпюрлары. Иілу кезеңіндегі нормальдык кернеулер. Иілу кезеңіндегі беріктікке есептеулер. Иілу кезеңіндегі сызықтык және бүрыштык ығысулар туралы түсініктер.

  3. Деформацияланған күйлер күрделі түрлері. Иілу және бүралу. Беріктік гипотезалары. Иілу және бүралу. Бүралу және созылу (сығылу). Айналу қабықшаларды есептеу.

  4. Сығылған сырықтардың орныктылығы. Эйлер формуласының қолдану шектері. Орныктылыкка есептеулер. Динамикалық жүктелу кезеңіндегі беріктік. Қажу қирауы туралы негізгі түсініктер. Қажу шегіне ыкпалдайтын жағдайлар. Қажу кезеңіндегі есептеулер4. Машиналар мен механизмдер теоремасы.

4 тақырып. Машиналар мен механизмдер теориясы

4.1. Машиналар мен механизмдер құрылымының негіздері. Кинематикалық жұптар классификациясы. Жоғары және төменгі жұптар. Кинематикалық тізбектер. Кинематикалық тізбектердің структуралық байланыстары. Механизмнің еркіндік саны. Жазык механизмдер кұрылуы. Жазык механизмдер классификациясы. Структуралық топтарға механизмдерді жіктеу. Механизм классын аныктау.

4.2. Механизмдердің кинематикалык сипаттамалары. Кинематикалық талдау мақсаттары. Рычагті, жұдырықшалы және тісті механизмдерді кинематикалык талдау кезеңіндегі орын-жағдайлар, жылдамдыктар, үдеулер пландары.

4.3. Механизмдердің күш анализі және теңгеруі. Кинематикалық жұптардағы күштер әсері. Структуралық топтар (Ассур топтары) және механизмнің статикалық анықталу шарты. Жазык механизмдер звеноларындағы инерция күштері. Күш талдауыиың графикалық әдісі (күштердің пландар әдісі). Жуковский теоремасы бойынша теңгеруші күшті анықтау. Кинематикалык жүптардағы үйкеліс. Үйкеліс түрлері. Тыныштык және қозғалыс үйкеліс коэффициенттері. Майланбаған беттер үйкелісінің негізгі заңдылықтары. Салыстырмалы жылдамдыққа және үйкеліс күшінің байланысы. Ілгерлемелі, айналмалы, бұралмалы жұптардағы үйкеліс күшін анықтау. Тербеліс үйкелісі.



5 тақырып. Машина бөлшектері

5.1. Өнеркәсіп саласындағы колданылатын конструкциялык материалдар негізгі сипаттамалары. Материалдарға қойылатын негізгі талаптар. Негізгі металлдар және олардың коспалары, касиеттері, колдану жағдайлары. Құнды және сирек материалдарды үнемдеу жолдары.



5.2. Машина бөлшектері біріктірулерінің негізгі түрлері. Машиналардың механикалық берілістері, олардың негізделуі және классификациясы. Машина жасау саласындағы өз-ара ауыстырымдылық. Дәлдік шегі және орнықтырулар.

  1. Айналмалы қозғалыс параметрлерін өзгертуші және беруші фрикциялық механизмдер. Белдікті берілістер. Жалпы мағүлматтар. Кинематикалық және геометриялық параметрлері. Белдіктердегі күштер және кернеулер. Беріліс жұмыс кабілеттілігінің негізгі критерийлары. Дөңгелектер конструкциялары.

  2. Айналмалы қозғалысты беретін және параметрлерін өзгертетін тісті берілістер. Новиков ілінісі, қиғаш тісті, шевронды және конустық берілістер геометриялық есептеуінін ерекшеліктері. Іліністегі күштер. Тістердің закымдануының түрлері және түйісу мен иілу кернеулеріне байланысты қажуға есептеуі.

  1. Шынжырлы берілістер. Жалпы мағлұматтар. Беріліс кинематикасы. Беріліс элементтеріндегі күштер. Жүмыс кабілеттілігінің басты шарты бойынша беріліс элементтерін есептеу. Жүлдызшалар мен шынжырлар.

  2. Механизмдер тірек кұрылғылары және жүк әсерін көтеретін бөлшектер.

5.6.1. Біліктер мен өстер. Негізгі аныктамалар, классификация, кұрылымдык ерекшеліктері.

  1. Біліктер мен өстер тіректері. Тіректерге әсер етуші күщтер. Мойынтіректердің классификациясы. Сырғанау мойынтіректері. Жалпы сипаттамасы. Үйкеліс жұптар элементерінің материалдары мен құрылымдары. Зақьімдану түрлері. Жүп көтерімділік кабілеттілігінің есептеу ерекшеліктері. Сенімділікті бағалау.

  2. Тербеліс мойынтіректері. Жалпы сипаттамасы. Негізгі құрылымдарының түрлері. Зақымдар түрлері. Мойынтіректерді таңдау және жүмыс мерзімділігін анықтау.

  3. Механикалық жетектер жалғастырғыштары. Жалпы мағлұматтар және классификация. Жалғастырғыштар негізгі түрлері, есептеу ерекшеліктері.

5.7. Машина бөлшектерінің және тораптарының біріктірулері. Машина жасау саласында қолданылатын серпімді элементтер.

  1. Қозғалмасты орналасқан бөлшектер арасында жүктеме беру және өз-ара бекіту әдістері. Біріктірулердің жалпы сипаттамасы және классификациясы.

  2. Ажыратылмайтын біріктірулер: пісірілген, дәнекерленген, жапсырылған, тойтармалы, тығыздықты. Жалпы мағлүматтар және сипаттамасы. Жұмыс кабілеттілігінің критерийлері, жобалау негіздері мен есептеулері.

  3. Бұрандамалы біріктірулер. Біріктіру жалпы сипаттамасы. Жүктелу ерекшеліктері, жұмыс қабілеттілігінің критерийлері мен есептеулері. Біріктірулерді жобалау негіздері.

  4. "Білік-күпшек" біріктірулер түрлері: кілтекті, штифтті, профильді. Жалпы сипаттамасы, жұмыс қабілеттілігінің критерийлері және есептеулері. Біріктірулерді жобалау негіздері.

  1. Қозғалмасты біріктірулердің қымтау құрылғылары. Фланецті ріктірулердің түрлері мен негізделуі. Біріктірулерде әсер етуші күштер. Біріктірудің тұмшалылығы. Фланецті біріктірулер элементтерін ерікгікке есептеу.

  2. Қозғалмалы біріктірулерді кымтау. Қымтау түрлері. Сальникті қымтау. Тұмшалылық шарты. Майлау материалдары мен құрылғылары.


10. 2 Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

п/п

Тақырып аталуы

Мазмұны

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Машинажасау бүйымдарын сенімді пайдаланудың және есептеудің, жобалаудың күрылымдаудын жалпы принциптері

Машина, жабдықтар, аппарат, қондырғы, аспап, механизм, бөлшектердің түрлері, олардың сипаттамалары, оларға койылатын талаптар.

Сауалнама

6

2

Теориялық механика

Жалпақ күш жүйесінің әрекетімен қатты дене тіректерінің реакцияларын анықтау. Кеңістік күш жүйесінің әрекетімен қатты дене тіректерінің реакцияларын анықтау. Түйіндерді кесу әдісімен жалпақ ферма өзектеріндегі күштерді анықтау.

Тұрақты ось айналасындағы айналып тұрған қатты дененің жылдамдығын және үдеуін анықтау. Жалпақ параллель қозғалыстағы қатты дененің жылдамдығын және үдеуін анықтау.

Динамиканың негізгі бірінші және екінші есептерін шешу


Сауалнама

8

3

Материалдар кедергісі

Өзектің көлденең кескінінің геометриялық сипаттамаларын анықтау.

Біліктердің бұралу кезіндегі беріктігін және қатқылдығын есептеу.

Бөрененің иілім кезіндегі беріктігін және қатқылдығын есептеу.

Біліктердің иілім мен бұралу кезіндегі беріктігін есептеу

Қысылған өзек орнықтылығын ұзындық иілім коэффициентімен есептеу


Сауалнама

10

4

Машиналар мен механизмдер теориясы

Жалпақ механизмдерді талдау.

Тісті механизмдердің синтезін жасау



Сауалнама

2

5

Машина бөлшектері.

Резьбалық және тойтарып шегелеу қосылыстарының беріктігін анықтау.

Таспалы, шынжырлы берілістерді есептеу



Сауалнама

4


Студенттерге ұсынылатын өздігінен оқуға арналған тақырыптар.
Тақырып 1. Қатты дененің ауырлық орталығы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, б. 86 – 94].



Тақырып 2. Қатты дененің жазық қозғалысы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, б. 127 – 135].



Тақырып 3. Жазық қиманың геометриялық сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиет: [3, б. 93 – 103].



Тақырып 4. Иілген ості бөрененің дифференциалды теңдеуі.Әмбебап теңдеулер.

Ұсынылатын әдебиет: [3, б. 164 – 172].



Тақырып 5. Жіңішке қабырғалы ыдыстың есеп - қисабы.

Ұсынылатын әдебиет: [3, б. 259 – 263].



Тақырып 6. Құбырлардың және қабықшалардың сыртқы қысым кезіндегі тұрақтылығы.

Ұсынылатын әдебиет: [8, б. 432 – 435].



«Теориялық механика» пәні бойынша 5В074500 «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

1-рейтинг (3-семестр)

Апталар

1-сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар-лығы

Максималды балл

25

25

25

25

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

32

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

1

8

8

8

8

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

44

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

11

11

11

11

Курстық жұмысты орындау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

 

 

КЖБ1

 

 

 

КЖБ

 




Бақылау түрі

 

 

 

Т

 

 

 

Т

 

Макс.балл

 

 

 




 

 

 




 

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

 

 

 

ӨОҮТ1

 

ӨО

ҮТ2


 

 

24

Бақылау түрі

 

 

 

 

К

 

К

 

 

Макс.балл

 

 



 

6

 

6

 

6

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

 

 

Т

 

 

Т

 

 




Бақылау түрі

 

 

 

Т1

 

 

Т2

 

 

Макс.балл

 

 

 







 




 

 

2-рейтинг (3-семестр)

Апталар

1-сабақ үшін макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Бар-лығы

Максималды балл

30

30

30

10

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

35

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

1

10

10

10

5

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

44

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

13

13

13

5

Курстық жұмысты орындау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

 

 

КЖБ1

 

 

 

КЖБ

 




Бақылау түрі

 

 

 

Т

 

 

 

Т

 

Макс.балл

 

 

 




 

 

 




 

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

 

 

 

ӨОҮТ1

 

ӨО

ҮТ2


 

 

21

Бақылау түрі

 

 

 

 

К

 

К

 

 

Макс.балл

 

 



 

7

 

7

 




Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

 

 

Т

 

 

Т

 

 




Бақылау түрі

 

 

 

Т1

 

 

Т2

 

 

Макс.балл

 

 

 







 




 

 

Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәріске дайындалу үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін берілетін үй тапсырмасы; 1 зертх.ҮТ – №1 зертханалық сабаққа дайындалу үшін берілетін үй тапсырмасы; Ж – жіберілу; Е – есеп; 1ЗҚ – №1 зертханалық жұмысты қорғау; КЖБ 1– курстық жұмыстың №1 бөлімі; Т – тексеру; ӨМҮТ1 – материалды өздігінен меңгерудің №1 үй тапсырмасы; К – коллоквиум; 1Т – №1 тест.

Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»________№_____ Хаттама.

Кафедра меңгерушісі __________ К.Ш. Арынгазин 20__ж. «___» ____________

11. Курстың саясаты

Студенттер сабақтардың барлық түрлерініне қатысып, жинақы, сабақ сұрақтарын талқылағанда шапшаң болулары тиіс. Студенттер курстастарына пән материалдарын жақсы меңгерулері үшін шамаға шақ көмек көрсетулері керек. Студенттер сабақтарға кешікпей келулері, сонымен қатар дәлелді себепсіз сабақты босатпаулары тиіс.

Әр сабаққа дайындық (лекция және практикалық сабақтар) міндетті әрі ауызша, жазбаша және тест бойынша тексеріліп, бақылау шараларының календарлық графигіне сәйкес баллдармен бағаланады. Лекция, лабораториялық сабақтарда болмау және үй жұмыстарын орындамау 0 баллымен бағаланады. Барлық тапсырмалар белгіленген уақытта орындалулары тиіс. Кешігумен орындалған тапсырмалар баллдың төмендеуіне әкеп соғады.

Бақылау шараларын немесе сабақтарды дәлелді себепсіз босату консультацияларда өңделеді.

Семестрде бақылау жұмысы немесе тест түрінде білімді бақылауға екі рубежді бақылау қарастырылған.

Семестр бойынша қорытынды жұмыс арқылы ағымдағы үлгерімнің (рейтинг) қорытынды баллы анықталады. Егер Сіз рубежді бақылауға қатыспаған болсаңыз, сіздің рейтинг нольге тең болады (анықталмайды).

Бақылаудың барлық түрлерінде көшіруге жол берілмейді және бақылау шарасынан шығарып тастау сияқты жазаланады.
12 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Аманжол М. Нұғыман. Теориялық механика негіздері. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2002. – 259 б.

2. Дүзелбаев С.Т. ж.б. Механика пәнінің өздік жұмыс тапсырмаларының жинағы. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2007. – 110 б.

3. Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика. «Мектеп», Алматы, 1983. 1,2 бөлімдер.

4. Степин П.А. Сопротивление материалов. – М.: Высш. шк, 1988. – 367с.

5. Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. – М.: Высш. шк., 1995. – 416с.

6. Түсіпов А. Материалдар кедергісі. «Ғылым», Алматы, 1992.

7. Үркімбаев М., Жүнісбеков С. Материалдар кедергісі теорияларының негіздері. Алматы, «Білім», 1994, 224 бет.



Қосымша:

8. Добронравов В.В., Никитин Н.Н. Курс теоретической механики. – М.: Высш. шк., 1983. – 575с.

9. Ицкович Г.М. Сопротивление материалов. М.: Высш. шк., 1998 - 368 с.

10. Писаренко Г.С., Яковлев А.П., Матвеев В.В. Справочник по сопротивлению материалов. – Киев: Наукова думка, 1975. – 704с.



11. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов: Учеб. для втузов – М.: Наука, 1986. – 512с.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет