Тәрбие сағаты: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу



жүктеу 36.74 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі36.74 Kb.
түріПрезентация


Тәрбие сағаты: «Рахмет саған, Анашым»

Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қар көбесі сөгіліп, құлпырып көктем келді. Көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күні де келіп жетті. Тамаша көктем мерекесі-8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Әлемдегі ең асыл жан ол-АНА емес пе? Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-АНА! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының , шырылдап жұбанбай, жылап іздейтінің-ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол-ана! Ол саған бәрінен де қымбат.


Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі-қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

-Балалар, айтыңдаршы АНА кім?

АНА-нұр,өмір сыйлаушы,дана.данышпан,кемеңгер,ұстаз,күн,тәрбиеші т.б.

-АНА-бұл біз үнемі , күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана-бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?

-Иә, МАМА-бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.

-Ендеше аналарың қандай адам?

АНА-ақылды,сұлу,нәзік,мейірімді,ардақты,аяулы т.б.

-Ақылды да сұлу аналарға арналған мақал-мәтелдер айтайықшы.

(Ана туралы мақал-мәтелдер)

-Ананың берген тағылымына ешқандай бақ-дәулет те, ханның қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды. Осындай ананы құдіретті ұлылар қалай суреттеген екен?

(Ұлы ойшылдардың ана туралы айтқандары)

-Баяғыда бір адам пайғамбарымызға келіпті де: Мен бір зор күнә істедім. Енді мені кешіру мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма?-деп сұрапты.

-Бар-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет-деген екен пайғамбар

Олай болса, ана туралы жырларың мен әндеріңді ортаға салыңдаршы.
Ербол Болысов:«Ана туралы» оқитын Әбдімәжит

Тұманбай Молдағалиев: «Сара Алпысқызына арнау» оқитын Нұрасыл

Мағжан Жұмабаев: «Анама» оқитын Рамазан

Қабижан Сағиев: «Анама» оитын Рахымжан


Қарақат Әбілдақызы: «О анна» оқитын Нұрғаным
Рахат Қосбармақов: «Ана» оқитын Дінасыл

Естеу Нүсіпбеков: «Аналарға арнау» оқитын Шұғыла

Балта Қосбармақов: «Ана» оқитын Аршын
Ән: «Ана» орындайтын Аршын

Ән: «Мама» орындайтын Әбдімәжит

Ән: «Анашым» орындайтындар Гүлнафис, Рамазан

Ән: «Туған күніңмен, апа» орындайтын Шұғыла

Ән: «Алтын ана» орындайтындар Бекзат, Нұрасыл, Рахымжан
Шығармашылық жұмыс.
1-топ: Анаға арнап тілек жазу.
2-топ: Ана туралы өлең шығару
3-топ: Ана тақырыбында эссе жазу
Мен анамды қаншалықты білемін?


  1. Сұрақ-жауап


1.Анаңның туған күні қашан?

2.Анаң қандай түсті ұнатады?

3.Анаңның жасы нешеде?


  1. Сурет салу


-Өз аналарыңның суретін салып, аналарыңның есімін жазып, тақтаға іліңдер.
Рахмет саған, анашым!

(Әрбір оқушы аналарына рахмет айтады. Мысалы, маған жарық дүние сыйлағаның үшін, рахмет, анашым! Қалауымды орындағаның үшін, рахмет саған. Анашым!)
Қорытынды.
-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген. «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі – біздің қазақ» Ендеше біз де барша аналарға қуаныш пен бақыт тілейікші. Балаларының ер жетіп адам болуын тілейікші. Себебі анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Хор: Ана туралы жыр.

Ақпарлама



07.03.2014 жылы 4-сынып оқушыларымен өткізілген «Рахмет саған, Анашым!» атты тәрбие сағатына 11 мұғалім қатысты. Мұғалімдер өз пікірлерін айтып, сабақты талдады. Бір ауыздан «өте жақсы» деген баға берді.
Сынып жетекші: Әжібаева Г

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет