Тәрбие сағаты «Ат қою» салты



жүктеу 16.22 Kb.
Дата16.10.2017
өлшемі16.22 Kb.

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Ат қою» салты

(Қазақ дастархан басында әжелер, қонақтар отырыды, олар:Қорлығыйын мұғалім,Гүлнар мұғалім,Аспет мұғалім,Күнсұлу мұғалім,Жібек мұғалім,Қаламқас Сыматовна;үйдің иесі Айнаш әже сөйлейді)



Айнаш әженің сөзі:

Жаңа туған сәбиге ат қою - ерекше салтанатты ғұрыпттардың бірі.Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Қазақ халқының ата-аналары өз балаларына әр қашан ырымдап,жақсы үмітпен қадірлі,беделді адамдардың есімін қойған.Мысалы, атақты ғалым Қаныштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегіз серіні әдейі шақырып,баласының атын қойғызған екен.

Сол сияқты Кенесары ханның есімін Арғынның атақты биі Шоқай қойған екен.

Міне,бүгін менің де шаңырағымда үлкен той.Немерем дүниеге келіді.Енді осы өмірге келген немеремнің атын ырымдап ауылымыздың беделді, алаш жұртын аузына қаратқан ақын,әнші,сері жігіті .......................... қойғызғым келіп тұр.



.................................сөзі:

Немереніңздің атын қою маған бұйырыпты,ендеше қазақ халқының салт-жоралғысымен сәбидің атын азан шақырып қояйық.

(Жас келін (ол –Бақытгүл мұғалім)сәбиді ортаға бесікпен әкеледі,азан шақырылып ат қойылады)

Азан сөзі:



Аллах әкбар,

Аллах әкбар.

Әшхәду әл-ллә иләхә ил-лаллах

Әшхәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллах

Балаға Ермахамбет деп ат қойып,былай деп бата береді:



«Әнет бйдей еліңнің ағасы бол,

Халқыңның Қазыбектей данасы бол.

Жер,суды қалмақтан қорғап қалған,

Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол,

Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол,

Тоқсан бйдей үш жүздің шешені бол.

Керейде Белгібайдай білекті бол,

Беріште Исатайдай жүректі бол...»

Шашу шашылады,шашуды Жібек мұғалім мен Қорлығаыйн мұғалім шашады.



Күнсұлу әже сөз сөйлейді:

Ал,Айнаш құрбым немерең өзінің атына сай боп үлкен ер азамат болсын,осы кішкентай Ермахамбетке менің қыздары әнмен,бимен шашу ала келіп еді,соны тамашаласақ!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет