Тәрбие сағаты Мұғалімі: Түрлыханова Шынар Сынып: 8



жүктеу 117.73 Kb.
Дата11.01.2018
өлшемі117.73 Kb.

Тәрбие сағаты

Мұғалімі: Түрлыханова Шынар

Сынып: 8

Күні: 14.04.2017ж

Тақырыбы: Адам болам десеңіз

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, мультимедиалық проектор

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе сөз. Мұғалім сөзі

ІІІ. Нақыл сөздер

ІV. Мақал-мәтелдер орталығы

V. Жұмбақтар орталығы

VІ. Оқушылардың өз ойлары талқыланды
Ардақты ақынымыз Сырбай Мəуленов бір өлеңінде: «О, адам, сенің бойыңнан табылмас қайтіп ізгілік!» - деп айтқаны бар. Əдемі айтылған сөз. Бойында ізгіліксіз адам баласы туған емес. Тек сол ізгілікті мəпелейтін, дамытып, гүлдендіретін заман тумаған. Пушкин мен Абайдың заманы кеше ғана өтті, олардың ауыр күрсіністері құлағымызға əлі келеді. Пушкиннің «Евгений Онегин» романындағы мына бір қайғылы сөздер есте ғой

Ойлау қайғы - бізге жастық

Деп берілген тегі бекер

Деп жастықтан біз де айныдық,

Деп жастықтың өзі мекер.

Деп ең жақсы талабымыз,

Деп ең жақсы қиялымыз,

Жалырақтай күзгі шірік.

Аз мезгілде кетті шіріп.

Не құмарлық, не жалпы ойды

Бөлуге жар бермей мойны.

Абай бар өмірін халыққа, əсіресе жастарға жақсылықты, ізгілікті ойдағыдай дарыта алмағаны үшін өкініште өткен.

Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,

Өткіздің бір нəрсеге болмай жетік,

Ойшылдың мен де санды бірімін деп,

Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп.

Осы бір өткеннің қасіретті жағдайын біз əдейі келтіріп отырмыз. Өйткені қазіргі уақытта қоғам адамның өз бойындағы барлық жақсы жағын арттырып, шын мəнінде адал, шарапатты, парасатты азамат болуына мүмкіншілік туғызып отыр. Осы мүмкіншілікті пайдалана білу біздің бірден-бір міндетіміз.

Біз əдетте тəрбиелі, білімді адамды «мəдениетті адам» - дейміз. Жобасы, «мəдениетті адам» дегеніміз маңайындағы адамдармен қарым-қатынасы жөнінен, білімі, адалдығы, еңбекқорлығы, рухани келбеті тұрғысынан жұртшылықтың талабына сай дегем ұғым болар. Орыс тілінде «образованный человек» яки «білімді адам» деген ұғым да қолданылады. Мəдениетті адам деген ұғым «білімді адам» деген ұғымнан кеңірек сияқты. Дегенмен шын мəдениет білімнем басталады. Сондықтан кезінде А. В. Луначарский осы «білімді адам» деген ұғымға мынадай анықтама берген екен. «Білімді адам»...бəрін білуге ұмтылмақ. Бірақ бəрін үстірт білуге емес, білімді адамның өз мамандығы болуға тиіс, ол өз ісін білуі қажет, сонымен қатар ол білімнің басқа салаларына да көңіл аударып, оның да қызғылықты қағидаларын түсіне алуға тиісті. Мұндай адамның құлағына айналасында ойналған концерттің баршасы естіледі, ол əр дыбысын ұғына тындайды, өйткен бұл дыбыстар мəдениет деп аталатын бүкіл бір ырғақты, гармонияны құрайды. Сонымен қатар білімді адам өзі де сол оркестрде белгілі бір аспапқа ие болып, жақсы ойнап, ұн қосады, сөйтіп жалпы мəдениет байлығына өзі де үлестес болады ал бұл байлықтың өзі жалпы алғанда сол білімді адамның жүрегі мен санасында ұялайды».


А.В. Луначарский осы бір өте тебіреністі айтылған сөздерінде терен мағына жатыр. Өйткені:

Сен де бір кірпіш дүниеге.



Кетігін тап та, бар қалан, - деп Абай айтқандай, өмірде, тіршілікте өз орныңды табу үшін, əрбір адамның өз мамандығы болуға тисті, яки ол өмір оркестрнде бір өзіне лайықты аспапқа ие болуы қажет. Қазіргі ғылыми-техникалық революция дəуірінде ғылым мен білімнің, өнер мен техниканың өзі сансыз салаларға бөліне, тұңғиық-тұңғиық тереңдікке ұмтылған кезеңде əрбір адам тиісті мамандық алса ғана, сол мамандықта жемісті қызмет істей алса ғана, қоғамға жемісті пайда келтіре алатыны ақиқат жай. Мамандық алу оңай нəрсе емес сияқты - орта мектепті бітіру керек, одан кейін мамандық беретін не орта, не жоғары оқу орнын аяқтау керек, ақыры мамандық бойынша бір қыдыру қызмет істеп, тəжірибелі болғаннан кейін ғана əрбір адам өзін маманмын деп есептей алады. Сонымен, əрбір азаматтың өз мамандығы болуы қоғам үшін, азаматтың өз қарабасы үшін қажет нəрсе. Бірақ өмірде, қанша қынжылып ренжісең де, əрбір маман мəдениетті, білімді адам бола алмай жатыр. Өйткені, сол А. В. Луначарскийдің айтқанын аңғарсақ, білімді, мəдениетті адам жалпы адам баласының мəдениет байлығына өз үлесін қосумен қатар, тіршілік оркестрінің гармониясын түгелдей тұсініп, ұғынуға тырысуы қажет. Қысқасы, жақсы инженер, жақсы техник, жақсы дəрігер өз мамандығына қанша машық болғанмен, Пушкин мен Абайды оқымағам болса, Моцарт пен Чайковскийдің, Құрманғазы мен Мұқан Төлебаевтың əуендеріне құлағы жабық болса, оңдай адам мəдениетті, білімді адамның қатарына жатпайтын сияқты. Өз мамандығын, əрине, əбден жақсы игеріп білу де қажет, бірақ өзгеге меңіреу болу деген өмірдің бар лəззатынан, бар жақсылығынан мақрұм қалу болып табылады. Демек, осыдан туатын қағида, жоғарыда Луначарский айтқандай, біздің қоғамның азаматы өз мамандығына əбден машық болумен қатар, білім-ғылымының, мəдениет-көркемөнердің бəріне бой ұрып, түсініп ұғынуға тырысуға тиіс. Илья Эренбург өзінің естеліктерінде білім-ғылым жөнінен артта қалса да, Үндістан адамдары техникасы мен өндірісі дəуірлеген американдықтардан мəдениетті, адамгершілігі, сыпайылығы жөнінен анағұрлым артық, дегені бар.
Біздің қоғам шын мəнінде көп оқып, көп ізденіп, кеңінен толғап, қай жағдайда болса да кездескен адаммен қызғылықты пікір алысуға дайын тұратын адамдарды тəрбиелеп, өсіруге бірден-бір жағдай жасап отыр. Бір қуанатын нəрсе халқымыз арасынан академиктерден бастап, мал бағатын шопандарға дейін мұндай адамдар көбеюде. Мұндай адамдар өз мамандығында жемісті қызмет істеумен қатар, космосқа ұшу, Маяковский мен Сейфуллин поэзиясын ұғыну, қазақ музыкасында симфониялық бағыттардың даму жағдайларын əңгіме ете алады; мұндай адамдар не тым-тырыс үндемей, не өзі əбден жетік өз мамандығының ғана мүдделерім қайта-қайта əңгіме етіп, жанындағы адамды ығыр қылмайды. Мұндай адам əрі сүйсіне, əрі сүйсіндіре əңгімелеседі, жанындағы адамға рухани сабақтас, дидарлас бола кетеді. Осы себепті Шоқан Уəлихановтың дидарлас достарының ішімде халқымыздың байырғы адамдарынан бастап, бір жағынан ұлы жазушы Ф. Достоевский болса, екінші жағынан ұлы химик Д. Менделеев болған; осы себепті асқан геолог-ғалым Қаныш Сəтбаев əрі домбырашы, əнші, əрі тарихшы, əрі əдебиетші, өнер-білімнің қай саласынан болса да сезімі жүйрік болған; осы себепті, мысалы, қазіргі атақты дəрігер академигіміз Сайым Балмұқанов халқымыздың тарихи мəселелері жөнінен мақала жазып жүреді, батыс əдебиетін əр салада сол тілде оқуға тырысады. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, бірақ мəдениеттіліктің ең негізгі өзегі - өз мамандығында машықтанумен қатар тіршілік мəселелерін парасаттылық, адамгершілік тұрғысынан толғау үшін білім салаларын кеңінен қамти білу екенін, рухани ізденісті өмір бойы үзбей отыру екенін артықша түсіндірудің қажеттілігі жоқ сияқты.

Адамның мəдениеттілігінің, ой-өрісінің кендігінің, жан дүниесінің лəззатшыл нəзіктігінің бірден-бір белгісі көркем əдебиетті қол үзбей оқи білу. Қанекенің бəйбішесі Таисия Алексеевнаның» айтуы бойыша ғылыми, ғылыми-ұйымдастыру жəне əлеуметтік жұмыстардан көркем əдебиет окуға қолы тимейтін Қанекең əлдебір қызметтен үзіліс болса, дереу көркем əдебиет, ал жол жүрер болса, жиналар алдында өзгені ұмытса да, керекті көркем əдебиет кітаптарын чемоданына салуды ешқашан ұмытпайды екен. Белгілі жаратылыстанушы ұлы ғалым Чарльз Дарвин жетпістен аса бастаған шағында өзінің бір жолдасына - көркем кітап оқуға əуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам, деп жазған екен. Шын мəдениетті адамның көркем əдебиет жем азығы болуға тиісті.

Əрине, шын мəдениетті адам болудың бірден-бір жолы өзіңнен бұрынғы буыннан дұрыс тəрбие алу, дұрыс үлгі көру. Сонымен қатар, шын мəдениет пен білім адамға тегін келмейтінін мықты аңғара білу қажет сияқты. Адам есейіңкіреген кезде өзінен-өзі тəрбиеші бола білуге тиіс. Бұл үшін жастарға қажырлылық пен қайрат қажет. Біз бойымыздағы кемшіліктердің көбін өткен өмірдің сілімтігі, қалдығы дейміз. Ол шынымда солай. Қазіргі өз заманымыздың талабына сай азамат болу жолында сол қалдықтарды жедел бойдан ажыратып, аластап, адамның құлқын, мінезін бұзатын қасиеттерден тез арылуға тырысу керек. Мысалы, орыстың ұлы жазушысы Антон Павлович Чеховты алайық. Бұл кісі кішігірім сауда жасап, күн көрген тоғышарлау семьяда туған. Сол семьяда туған Чехов ақыры жан дүниесі мейлінше адал, парасатты адамдардың бірі болған. Өзінің бойындағы ұнамсыз қасиеттерден арылу жолын ол бір жолдасына жазған хатында сипаттайды:
«сіз жазғыңыз келсе, əкесі крепостной болған, өзі бала кезінде дүкеншіл, шіркеу хорында айқайы бар болып күн көрген, кейін гимназист, студент болса да, шенұлыққа табынуға, поптардың қолын жалауға, біреудің ойы мен ақылына бас июге тəрбиеленген, аузына салған əрбір үзім нан үшін шұлғып, алғыс айтуға əдеттенген, шексіз көп таяқ жеген, жыртық киіммен сабаққа барған, төбелесқой болған, үй жануарларын аямай азаптампаз болған, ауқатты туысқандарының дастарқанын аңдыған, ешбір қажеті жоқ жағдайда, тек өзінің түкке тұрмайтындығын сезгендіктен құдайға да, адамға да екіжүзділік білдірген - міне осындай жігіт өз бойынан құлдық пен күңдікті аянбай сығымдап, мысқылдап аластап шығарып, сəулелі бір куні таңертең түрегеліп, өз бойында жүрген қан құл-күңнің бойыма тəн қан емес, кəдімгі ешкімнен кем емес адамның қаны екеніне көзі жеткенін жазыңыз».

Əрине, біздің социалистік қоғамымызда АЛ.Чехов сияқты бесігінен құлдық пен күңдікке тəрбиеленген ешбір адам жоқ. Сондықтан арамыздағы жастарға өз бойындағы кемшіліктерінен арылу үшін, жобасы, Чехов сияқты қайрат пен күш жұмсауы қажет емес. Дегенмен, бойдағы аз кемшіліктің өзімен, жобасы, үлкендей етіп күресе білу керек. Өйткені жамандық, кемшілік деген итжанды келеді, бойда ұялампаз болады. Сондықтан ғұламалар ертеден осы жағдайды бізге аңғартуда. Абайды алайық:

Бес нəрседен қашық бол,

Бес нəрсеге асық бол

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.


Құлдық-күңдік адамгершілікпен ұштаспайтын мінездерден өз бойын үзілді-кесілді арылта білген А. П. Чехов туған інісі, белгілі суретші Николайдың көптеген мінездерін ұнатпай, сол інісіне арналған бір хатында былай деп жазған: «Сенде бір-ақ кемдік бар - сен мүлде тəрбиесізсің…Тəрбиелі адам, мынадай талаптарға сай болуға тиісті: 1. Олар адамды сыйлайды, сондықтан биязы, кешіргіш, сыпайы, жол бергіш келеді... Олар жоғалған балға не өшіргіш үшін айқай-шу шығармайды: біреумен міндетсіремей тұрады да, кетерінде - сенімен тұрып болмайды екен - деп кетпейді. Олар у-шуды да, суықты да, мысқылы бар қалжыңды да, үйге келген тыс адамды да кешіре біледі... 2. Олар бар аянышын тек сұраншы мысыққа ғана жұмсайды: олар жай көзбен көрмейтін заттарды да аяй біледі... Олар... студент достарының қамы үшін, анасымың киім-кешегінің қамы үшін түн ұйқысын төрт бөледі; 3. Олар басқаның еңбегін сыйлайды, сондықтан қарызын уақытылы қайтарады. 4. Олар ақ жүрек, адал келеді де, өтіріктен ытырына қорқады: тіпті болмашы өтірік айтуды білмейді. Өтірік тыңдаушыны кемітеді, айтушыны масқаралайды. Олар сыртқа өзгеден бетер əдемі көрінгісі келмейді де, тыста да үйдегідей байырғы бола алады, өзінен кішіге қоразданбайды. Олар көкмылжың келмейді, сұрамаған жерде сырласуға тырыспайды... Жанындағылардың құлақтарын сыйлағандықтан көбіне үндемеуге əдеттенеді. 5. Олар біреуде аяныш туғызғысы келіп, өзінен-өзі жүдеп, жұпыланбайды. Олар күрсініп аяп, басынан сипасын деген оймен біреудің

жан дуиесінің аяныш пернелерін баспайды. Олар: «Мені түсінбейді», немесе «Мен ұйықтап кеттім» - деп айқай шығармайды... Өйткені осының бəрі арзан əсер туғызатын, тозығы жеткен, ескі, алдамшы тəсілдер. 6. Оларда жылпостық жоқ. Оларда атақты адамдармен таныс болу сияқты, мас Плеваконың қолын қысу сияқты, жолда кездескен адамның мақтауы сияқты... алдамшы бриллиантқа əуестену жоқ. Олар тиындық жұмыс істеп, жүз сомдық папканы қолтығына қысып жүгірмейді, өзгелерді жібермеген жерге мені жіберді деп мақтанбайды... Шын дарын көмескілеу, көрмелерден аулақтау, көзге аз түсетін жерде отырады... Толық кеспектен бос кеспектің даңғыры көп деп Крыловтың өзі айтқан ғой... 7. Олар бойында дарыны болса, сол дарынды мəпелей біледі. Олар сол дарын үшін тыныштығын, əйелдерді, шарапаты, тіршілік əбігерін пида етеді.. Олар дарынын мақтан ете біледі. Сондықтан, олар тоғышарлар мектебінің күзетшілерімен, не Скворцовтың қонақтарымен ішіп мас болмайды, өйткені олар мұндайлармен бірге тұрам деп ойламайды, тек тəрбиелік ықпал жасаймын деп ойлайды. Жəне де жиіркеншек келеді... 8. Олар ез бойында эстетикалық сезімді мəпелейді. Олар киімшең жата кетпес болар, қабырғадағы қандаланы көріп дапырық ауаны жұтып, қақырық басқан еденде жүріп күн көре алмайды... Олар жыныстық нəпсіге ие болып, сол нəпсіні адамгершілік жолға сала алады... Олар жол жөнекей арақ сіміріп, шкафты иіскелеп жүре алмайды, өйткені олар шошқа емес. Олар тек қолы бос кезінде, əлде қалай жағдайда ғана аздап ішеді... өйткені сау денеде сау жан дүние... тəрбиелі адам дегеніміз міне осы... Өзіңді өзің тəрбиелеп, өз ортаңнан төмен болмас үшін Пиквикті оқып, Фаустың бір монологын жаттап алу жеткіліксіз... Батыл қақырынып, үзілді-кесілді ұмтылыс жасау қажет. Шыныны арағымен қоса жерге ұрда, үйге қайт: тыныш жатып кітап оқы...тым құрығанда Тургеневті оқы, сен оны оқыған жоқсың... Менмендікті қою керек, балалық шақтан өттің.. Отызға келіп қалдың. Күтем.. Бəріміз күтеміз...»


Халқымыз «дұшпан күлдіре айтады, дос куйдіре айтады» - дейді. Арамызда мінін, кемшілігін осылай, Чеховша тура күйдіре айтып, мəдениеттілік, тəрбиелік жолына шақыруды тілейтін жас жолдастарыімыз өлі де болса бар сияқты. Аяғын адамгершілік жолынан шалыс басқан жастарды біздің қоғамның ізгі мүдделеріне сай тəртіпке шақырып, жөнге келтіру əрбіріміздің міндетіміз. Əрине, бұл істе əркімнің бойындағы мінін бетіне басып, төтелеп, ұрғылай беру педагогикалық əдістердің ең жақсысы болмас: ең басты іс бұл тұрғыда адамның өз қара басының адамгершілік кодексін сақтаудағы қатаңдығы мен ұстамдылығы болмақ. Сондықтан кемеңгер адамдар ең алдымен өзіне сыншы болған да өз қара басы ізгілік жолын берік сақтағандықтан, өзгеге де ақыл айтуға, шарапатты жол көрсетуге хақылы болған.

Ғылыми-техникалық революция - өмір-тұрмысқа көп өзгерістер кіргізуде. Бұл өзгерістердің бастысының бірі - жастар жаппай ғылымға ұмтылуда. Академик Н.Н.Семеновтың болжауы бойынша ғылыми қызметкері жоқ семья сирек кездесетін жағдайға көп ұзамай жетпекпіз. Сондықтан ғылыми кызметтегі жастардың мəдениетті, тəрбиелі болуы алдымыздағы: үлкен міндеттердің бірі. Есейген буын кейінгі буынға талапты мол қоюын қояр емес жəне де сол талап, біз жасымызда қандай болып өстік деген дүдамалдау ұғымнан да туып жатады. Ол үшін ілгері буындағы ғалымдар мəдениеттілігі мен парасаттылығың көрсете, үлгі ете білуі қажет. Жастың еңбегін бағалау, жол аша білу үлкенің міндеті бұл міндетті орындау үшін үлкең өзі зор мəдениет иесі болуы қажет. Парасаттылық, шарапаттылық, кеңдік, адалдық ғылымда қызмет істеген адамға бірден-бір тəн болуы қажет, өйткені халқымыздың мəпелеп, бетке ұстағаны - ғылымдағы адамдар. Бұл жөніндегі шалыстықтардың арамызда əлі де барлығын жасырмай айтуымызға болады. «Ғылым кейбір адам үшін асқақ періште-ханым болса, екінші біреуі үшін маймен қамтамасыз ететін сауын сиыр орнында» деп бұдан 200 жыл бұрын Шиллер айтқан екен. Сондықтан ғылымды тек сауын сиыр ретінде пайдаланғысы келген, мəдениеті жоқ тоғышарларды кездестіргенде, қынжылмай қоймайсың. Əрине, ғылымдағы тоғышарлық жалпы тоғышарлықпен астарласып жатады, мұндағы тоғышарлық та рухани шеңбердің тарлығынан туады.


Осы кезде жастар арасында сырт сымбаттылық, киім киюдегі əдемілік жəні көп əңгіме етіледі. Бұл жөнінде əңгіме - айтыс дұрыс та шығар, өйткені Пушкин айтқан əдемі сөз бар:

Быть можно дельным человеком

И Думать о красе ногтей.

Дегенмен, киім-кию, сырт сымбаттылық мəселелерін көп қозғаудың өзі керек те ме екен, өйткені бұл мəселеге артық, көңіл бөлудің өзі жасанды сымбаттылық пен жасанды əдемілікке апарып соққаны қызық емес қой. Сырт ішке сай болу керек. Қоғамымыз адамның жан дүниесінің рухани гүлденуіне тарихта болмаған мүмкіншілік жасап отырғанда, сол мүмкіншілікті ішкі сарайын ағартуға, білім алуға, шын мəдениеттілік жолына шығуға жұмсай алған жастар, сыртын қанша əдемілей бергенмен, тоғышарлар, ақыл-ойдан жұпыны болып қала бермек қой. Шын мəдениетті киімін, сырт сымбатын ойлағанда, өзгелерден бөлініп, қоразданып көрінбеу жағын, қарапайымдылық жағын ескереді. Бальзак Париждің бір сулуын мысқыл еткен-де, бұл ару жұртты көйлегінің жауырын ойығын (декольтесін) төменгі табиғи ойыққа дейін жеткізбекші болып қорқытты деген екен. Сондықтан көйлек қысқарса ең қысқасын (əрі қарай қысқартуға болмайтын қысқасын), көйлек шалбарға ауысса жұрттан бұрын шалбардың нағыз матрос киетіндейін кигендер, шаш жіберсе Тарзанман анағұрлым жалбыратқандар осының бəрін іштен шыққан мəдениеттіліктен істемейтін болар. Адамның киім киюі, шаш, мұрт, сақал қою сияқты сырт сымбатының айғақтары заман өзгерген сайын, жобасы, өзгеріп тұрар, бірақ бұл өзгерістердің өзінің табиғи заңдылығы да бар шығар - ол заңдылық адамның тұрмысы мен ісіне байланысты, негізінен ішкі рухани сипатына, кішіпейілділік, сыпайлылық, қарапайымдылығына байланысты. Өзгеден бұрын сырт сымбатымен көзге түсу мақсатынан аулақ болу қажет.


Қорытынды:

Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, келіп қатысқан аналарға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін. Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін! Ал балалар, сабақты жақсы оқып, үлкендерді тыңдау керек. –



«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден, ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Міне, балалар «Арақ – арыңа нұсқан, темекі – тегіңе нұқсан», жаман әдеттерден аулақ болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет