Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе» Мақсаты



жүктеу 46.3 Kb.
Дата02.05.2018
өлшемі46.3 Kb.

Кадесова Алия Нуриевна

БҚО Казталов ауданы Қоныс ОЖББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, татулыққа, кешірімді болуға, досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге үйрету; өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа нақтылы жауап беруге үйрету,ойлау қабілеттерін дамыту

Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, тірек сызба.

Барысы: 1. Әнұран

2. Ант


Мұғалім: Досым, саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен,

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен, - деп М.Мақатаев ағамыз жырлағандай, бүгінгі тәрбие сағатымызда «дос» туралы әңгімелесетін боламыз. Ал осы «дос» деген сөздің мәні неде екен?

Аталарымыз айтқандай адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан да жүрген жерінде, жұмыста, елде, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейді. Бұл – өте қажетті табиғи тілек.

Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Ал адалдық деген – рухани тазалық.Онсыз сен досың үшін майданда жан бере алмайсың.



Негізгі бөлім.

Бүгінгі сабақта мына сұрақтарға жауап іздеп, пікір алысамыз.



  1. «Татулық» деген түсінікті қалай түсініңіздер?

  2. « Ашу – дұшпан, ақыл - дос» дегенге келісесіздер ме?

  3. «Дос», «дос болу», «достық» дегеніміз не? Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсыңдар?

  4. Достық сезімі дегеніміз не? Ол нені білдіреді?

  5. Нағыз достықтың белгісі не?

  6. Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

  7. Сенің досың бар ма, ол қандай адам?

  8. Қалай ойлайсың, досқа сын айту жақсы ма?

  9. Сеніңше достықтың қандай түрлері бар?

Дос емес, достың сөзін көтермесе,

Салған жерден түбіне жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне тарылмайды.

Жақсы-жаман айтар деп елемейді,

Бақ-дәулет сол адамнан айрылмайды.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей қылып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

Міне, балалар, достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, сырыңды айтатын, қуаныш-қайғыңды бөлісетін адамның болуы. Бұл жөнінде ұлы В.Шекспир былай деген:

Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады –сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң –ұйықтамайды ол дағы.

Дос болу –киелі ұғым

Ертеде дос болу үшін ер азаматтар «мал құдайы» жасап, малдың бауыздау қанына көйлектерін матырып, көйлек ауыстырып киіп, жүректерін түйістіріп ырым жасаған.

«Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен» достардың бұл ырымы достықты сатпаймыз деп серт бергендікті білдіреді.

Скифтер дос болу үшін арнайы келісім шартқа отыратын болған. Дос болуға ықылас білдіргендер қылышпен саусақтарынан қан шығарып, бір ыдысқа құйып ант қабылдаған. Осыдан соң оларды ешкім де, еш нәрсе де айыра алмайды деп сенген.

Австралия аборигендері тек өздерінен үш рет бір нәрсе сатып алған адамды ғана дос деп санаған.

Ежелгі орыстар бір жасақтағы әскерилерді «достар» деп атаған.

Үндістер достық шартын бүкіл ел алдында қабылдайтын болған. Бір ерекшелігі үш реттен ант қайталап, ант қабылдаған достардың жынысына көңіл бөлінбеген. Ер мен ер не әйел мен ер де жолдас бола алады дескен.

2-сұрақ. Достық сезімі дегеніміз не? Ол нені білдіреді?

(Оқушылардың өз ойлары тыңдалады)

Достық – аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір.Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды. Сондықтан да осыларға теңеген екен.

Достық сезімі – өмірде адамдар бірін-бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы, біріне бірі тірек болып, әсіресе қиын-қыстау күндерде бірге болып жанынан табылуы.

Қане, енді достық туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

Оқушылар мақал-мәтел айтады



3-сұрақ. Нағыз достықтың белгісі не? (Оқушылар пікірін тыңдау) Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу – нағыз достықтың белгісі.

«Жақсы адам –тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң досың жоқ, орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың.



4-сұрақ. Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады? (Оқушылар пікірін тыңдау)

«Сен досыңның кім екенін айт мен сенің кім екеніңді айтып беремін



«Алақан» тренингі

Мақсаты: топтың бір бірімен жақындай түсуін және жеке тұлғаның өсуіне бағытталады.

Барысы: Әрбір қатысушы ақ параққа өзінің алақанының суретін салып, ортасына атын жазады. Содан соң оны көршісіне береді. Көршісі сол парақтағы алақанға иесінің жағымды қасиетін жазу керек. Солай топтың барлығына кезекпен таратылып, соңында әркім өз парақтарын қолдарына алған кезде тренинг аяқталады. Парақтағы жолдастаының жазған қасиеттерін тренинг соңында оқушылар талдайды.

Ситуация

А)Сен жан дос деп есептеп жүрген адамың екеуіңе мұғалім бірдей қиын тапсырма береді.

Ол тапсырманы жалғыз орындап, саған айтпастан бірінші болып тапсырады. Ал сен досыңа осы жағдайдан кейін ашуланасң ба?

В) Сенің досың саған өзінің жақсы көретін адамы туралы сырын айтты. Оның көңілі түсіп жүрген адам сенің де жақсы көретін адамың болып шықты. Енді сен де оған айтасың ба?

С) Сенің ең қымбат, өзің сондай ұнататын бір затыңды жан досың қиылып сұрайды. Сенің қылығың.

Қорытынды

Бір біріңе кешірімді болып, татулықты сақтап, араларыңдағы достықтарың мәңгілік болсын. Сендерге осы жолда мынадай кеңестер бергім келеді:

Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда досыммен ғана қымбатпын.

Дос болам десең мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көп пе?

Апырмау неткен жақсы едің,

Досым аз менің, досым ау менің тапшы емін.

Достарыңменен достастыр мені асылым,

Достастыр мені.



Болайын құлың нақ сенің.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет