Тәрбие сағаты: Тазалықты сүйеміз



жүктеу 23.91 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі23.91 Kb.

Тәрбие сағаты: Тазалықты сүйеміз
Мақсаты: Балалардың жеке бас гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту.Оларды жинақылыққа, ұқыптылыққа үйрету. Тазалықтың пайдасын слайдтар арқылы көрсетіп, ой-өрісін дамыту.

Көрнекіліктер: Сабын, су сабын, тарақ, тіс пастасы, айна, су, орамал, тіс щеткасы.

Әдіс-тәсілі: Көрініс, слайдтар, жұмбақтар, ойындар.
I. Ұйымдастыру:

1) Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Күннен жылу алайық

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты,

Бір-бірімізге сыйлайық.


Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар, көңіл күйлерін жақсы сияқты.Біз бүгін тазалық жайында ережелерді еске түсірейік.

  1. Қолынды, бетінді жуып отыр.

  2. Шашыңды тарауға ұмытпа.

  3. Аяқ-киімді жуып тазалап отыр.

  4. Көйлегінді, костюміңді тазалап, үтіктеп отыр.

  5. Қалтаңда таза қолорамалын болсың.


II. Көрініс:

Кірқожалақ бала: Тісім-ай, тісім-ай, мен сіздерді іздеп жүр едім. Менің ішім де, басым да барлық жерім ауырып барады, не істесем екен, а?

Медбике: Балалар, қарандаршы қандай лас бала. Тырнағы алынбаған, шашы да, үсті-басы да кір. Сондықтан да ауырасың. Балалар айтыңдаршы тісіміз, басымыз ауырмау үшін не істеуіміз керек. (балалардың жауабы)

(кірқожалақ бала шығып кетеді де бір минуттан кейін қайта кіреді)



Кірқожалақ бала: Менің тісім қатты ауырғасын сендермен де амандасуды ұмытып кетіппін ғой, амансыңдарма балалар. Мен жуынып таранып келдім. Тісімнің ауырғаны қойды, енді мен үнемі осылай жуынып таза жүремін. Рахмет сендерге.

Медбике: Үнемі таза жүрумен қатар ертеңгілік жаттығуларды да ұмытпаңдар және дұрыс тамақтаныңдар. Жемістерді жуып жеу керек.
III. Мультфильм «Мойдодыр»

IV. Жұмбақтар шешу.
Жуынып болғанда,

Жүреді қолдарда. (Орамал)


Түйістіреді көзіңді-көзіңе,

Жолықтырады өзіңді-өзіне. (Айна)


Қалтамда жатыр тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар. (Тарақ)


Қант та емес, ұн да емес,

Ұқсастық бар ептеген.

Тістің бәрін аппақ қып,

Тигізеді септігін. (Тіс пастасы)


Арқалығы сүйектен,

Жапсырылған қылы бар,

Тістен көрсе кірлерді,

Тұра алмайтын жыны бар. (Тіс щеткасы)


Жылпылдап қолда тұрмайды,

Ақ көбік боп зырлайды.

Кір қоқысқа жаны қас,

Түк қалдырмай қырнайды. (Сабын)


Дәмі жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)


Сергіту сәті: Би «Қара жорға»
Ойындар: Сайыс.

  1. «Тырнақ қию» ( ойын шарты: макеттен кір қол тырнақтарын қию)

  2. «Қолорамал» (ойын шарты: екі топ балалары суретті безендіреді)

  3. «Шашты сәндеу» (ойын шарты: екі топтан бір бала шығып қыздардың шаштарын сәндейді)



Қорытынды: Ал, балалар бүгінгі іс-шарадан кейін сендер тазалық ережелерін сақтайтындарына сенемін.

Қолынды, бетінді жуып отыр.
Каталог: uploads -> doc -> 023d
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
023d -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рентгендік сәулелер туралы мағлұматтар беру. Сабақтың міндеттері
023d -> Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан». Білім сабағының мақсаты – «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет