Тәрбие сағаттарының жиынтығы (Мұғалімдерге және оқушыларға әдістемелік көмек)



жүктеу 1.11 Mb.
бет1/7
Дата13.05.2019
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Ы.Алтынсарин атындағы Рудный-әлеуметтік колледжі


Ел болам десең, бесігіңді түзе.

М.Әуезов

Тәрбие сағаттарының жиынтығы

(Мұғалімдерге және оқушыларға әдістемелік көмек)

2014 жыл


Тәрбие сағаттары- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты түрі.Ол күрделі психологиялық және дидактикалық процесс. Тәрбие сағаттарында оқушымен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу, дамыту міндеттері жүзеге асырылады.

Еліміздің мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері енгізілуде.Оларды дәстүрлі емес немесе қалыпсыз деп атауға болады..Мұндай жұмыс формасының мақсаты- оқушылардың белсенділігін,оқуға деген қызығушылықтарын тудыру.

Дәстүрсіз тәрбие сағаттары -импровизацияланған сынып сағаттары ,оның қалыпсыз құрылымы бар.Дәстүрсіз сынып сағаттары-бұл мереке сабақтар,барлық оқушылар белсене қатысып,өз мүмкіндіктерін көрсетеді және сынып шығармашылық ұжым болып қалыптасады. Дәстүрсіз сынып сағаттары ұйымдастырылуы, өткізілу әдістемесі жағынан оқушыларға ұнайды.Сондықтан

мұндай сынып сағаттарын барлық мұғалімдер қолдану керек:

-дәстүрсіз сынып сағаттары көбінесе білім, іскерлік,

дағдыларды бекіту,қорыту үшін қолданылады;

-сабаққа таңғылықты дайындап,оқыту мен

тәрбиенің нақты мақсатын анықтау керек;

-дәстүрсіз тәрбие сағаттарының формаларын таңдағанда мұғалім өз мінезімен темперамент ерекшеліктерін есепке алу керек.

Тәрбие жұмысының дәстүрсіз формалары балаларға белгілі қиындықтарды жеңуге,зейіндері мен тәртіптерін сақтап жалықтырмауға көмектеседі.Балаларға ұжымда да, жеке де жұмыс жасауға үйретеді,балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамытады. Осы әдістемелік құралда өз тәжірибемізде қолданылған зерттеу жұмысымызға сай жүргізілген дәстүрсіз формаларының бірнешеуін ұсынып отырмыз.Тәрбие жұмысын түрлендіру -әр мұғалімнің белсенділігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты болады деп ойлаймыз.Сондықтан ұсынылып отырған жұмыс формаларын үлгі ретінде қолдануға болады.



Б.Т.Турагулова, педагогика пәнінің оқытушысы

Педагогика,психология және жеке пәндерді оқыту пәндік циклдік комиссия отырысында қаралды.Хаттама №____


«___» ______________Қолданысқа енгізуге рұқсат етілді.

Мазмұны.

1.Сыңғырла,алтын қоңырау!

2.Маужыраған қоңыр күз.

3.Қош,сүйікті әліппе!

4.Мен-Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

5. 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)

6. Жаңа жыл

7.Ұстазым алтын діңгегім!

8.Бабалар сөзі-тәрбие көзі!

9.Қарты бар елдің қазынасы бар.

10.Толағай-отбасылық сайыс.

11.«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)

12. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 

13. Ынтымақ достық кепілі.

14. «Ұлы жеңіс - жасасын!»

15. Соңғы қонырау

16. Дулыға

17.Аталар мұрасы – халық қазынасы.

18."Мүйіз" ою-өрнегі.
19. "Сынықмүйіз" ою-өрнегі.

20."Құсқанаты" ою-өрнегі.

21. "Қосалқа"ою-өрнегі



22."Төртбұрышты" ою-өрнек.
23."Шаршы" ою-өрнегі.

24."Бесбұрыш" ою-өрнегі.

25.«Тоқыма өнері, оның түрлері, тоқу технологиясы, айырмашылықтары»


Тақырыбы: «Сыңғырла, Алтын Қоңырау!»

І-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ел ағалар! Қайырлы күн ардақты аналарым!

ІІ-жүргізуші: құрметті қонақтар, оқушылар, бүгінгі «Сыңғырла, Алтын қоңырау!» деп аталатын салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Әскери жетекші: Сынып, сап түзе, тік тұр!

Егеменді Қазақ еліміздің туына сап түзеңдер!

Қазақстан Республикасынынң мемлекеттік туы енгізілсің!

ҚР-ның мемлекеттік туы енгізілгеннен кейін іс-шараға қатысушылардың барлығы ҚР-ның мемлекеттік Әнұранын орындайды.

І-жүргізуші: бүгінгі біздің мейрамымызға қонақтар келіп отыр. Кәнекей, оларды қарсы алайық!

Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Утешов Асылбек Ғаппасұлы қатысады.

ІІ-жүргізуші: Алғашқы мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Ермагамбетова Күлбаршын Темірханқызына беріледі.

І-жүргізуші: Келесі сөзді Утешов Асылбек Ғаппасұлына береміз.

І-жүргізуші: мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар ендіелді.

ІІ-жүргізуші: Келді міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп – ана жылы жүз,

Ашты құшақ омырау.

І-жүргізуші: мектеп – анаң бүгіннен,

Мектеп – алтын босағаң.

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың, жас ұлан!

ІІ-жүргізуші: жас қырандай қанат қағып қиянға,

Арман қуып ағаларым қиялда.

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Самға биік, жалын атып жүр алда.

І-жүргізуші: содан бері неше күз,

Өтсе де талай жаз бен күз.

Көктеміндей өмірдің

Сол қыркүйек қалдырды із.



Меңдібек пен Жанагүлдің сөздері.

«Мектебім» әні, хор.

Аяжан: Алты жасқа толамын,

Мен әдепті боламын.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамын.



Темирхан: Үлкен болдым десем де,

Ешкім маған сенбейді.

Жалғыз жүрме көшеде,

Кәшкентайсың сен дейді.



Ақсәнім Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.



Мерей: Ақын болам атаңдай,

Дәрігер болам анаңдай.

Өмірдің бәрін менгерген

Өнершімін мен қандай.



Арман: Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.



Амина: күмбір, күмбір, қоңырау,

Сағынған ай қыркүйек

Қалам ұстап қолыма

Жазылған ай қыркүйек.



Шыңғыс: Оқытты ұстаз-анамыз.

Өсті білім, санамыз.

Білгіш ер боп өсетін

Біз бақытты боламыз.



Анара: сен менің әкемдейсің,анамдайсың.

Мен үшін армандайсың, аландайсың.

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ.

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.



Әділет: көңілің бар шәкірттің таба алатын

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз.

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.



Қайсар: алда талай өтермін,

Өмірдің зор сынағын.

Мақсатыма жетермін,

Өнегеңмен мұғалім.



Динара: өз үлгіңді ұстаймын,

Айтқаныңнан

шықпаймын.

Мен балапан құстаймын,

Баулыдың сен,, мұғалім.

Диана:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетерміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

Жанар: мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саян ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.



Сүндет: әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Анаң тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.



Раушан: қаламыздың білгірі

Өздерің ғой ұстаздар.

Талай жанға үлгілі

Парасатты ұстаздар.

Ұрысып ап артынан

Еркелеткен ұстаздар.



І-жүргізуші: Енді біз ортамызға мектеп табалдырығына жаңа аттап отырған 1-сынып оқушылары Алпысбаев Алтынбай мен калмагамбетов Жанатты шақырамыз.

Алтынбай:Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын,

Батаңды бер қазағым.

Мен бектепке

барамын,


Армандарым көп

менің.


Атқарамын деп

келдім,


Асыл анам мектебім.

Ортаға ата-аналары шақырылады.

Шағыр орталық топқа тілектер.

Бата беріледі.

Әңұран айтылып, Көк байрақ шығарылады.

Әскери жетекші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы шығарылсың!

І-жүргізуші: білім алушылар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашан да дайын болыңдар!

ІІ-жүргізуші: осымен салтанатты «Сыңғырла, Алтын Қоңырау!» атты мерекеміз аяқталды. Сіздерді «Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтанышы» атты бірінші сабақтарымызға шақырамыз.

«Маужыраған қоңыр күз»

Автор: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгінгі біздің «Маужыраған қоңыр күз» атты мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.

Мәуе пісіп балбырап,

Маужыраған қоңыр күз.

Алма пісіп албырап,

Көзді тартқан көріңіз, - дегендей, күз мезгілі өте әсем де тамаша мезгіл. Ендеше бүгінгі біздің қоңыр күзге арналған ертегімізді қабыл алыңыздар.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл жүні қырғи екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Жыл мезгілдер патшалығында

Күз ханшайымы болған екен.

Ханшайым: Уәзірлер қайдасыңдар? Тез келулеріңді бұйырамын!

Меңдібек уәзір: О. Ұлы ханшайым, айтқан бұйрығыңды орындауға дайынбыз.

Ханшайым: мен естіп жатырмын мындай сыбысты: басқа патшалықтарда күз мезгілін көңілсіз, мұңды етіп санайды екен.

Уәзір М: кім айтты бұндайды?

Уәзір Е: жалған, олай емес!

Уәзір А: күз – ең тамаша мезгіл деп санаймын.

Ханшайым: Ендеше үлкен той жасап, күз мезгілінің қандай тамаша екенін көрсетейік баршаға. Ал кәнекей, уәзірлер, шақырыңдар баларымды.

Екі уәзір даңғыра ойнап тұрады.

Ермек уәзір: Хабарландыру! Жыл мезгілдері патшалығында өмір сүретін барша жұртты ханшайым сарайына «Күзгі балға» шақырамыз!

Қыркүйек: Армысың, анашым! мінекей сіздің хабарландыруыңызды естіп, өз ауылымның тұрғындарын ертіп келді. Қарсы алыңыздар!

Қазан: Сәлеметсіз бе, анашым! патша сарайында «Күзгі бал» мерекесіболатынын естіп, мен де өз ауылымның тұрғындарымен келдім.

Қараша: Сәлеметсіңбе, анашым және сүйікті бауырларым. Мінекей сендер өз тұрғындарыңмен келіпсіңдер. Ендеше менің де ауылымның тұрғындарын қарсы алыңдар!

Ханшайым: Бүгінгі біздің осы сарайда жиналуымыздың себебі – алтын күзді көңілді, мәз-мейрам, шаттық күлкімен тойлау. Ендеше бүгінгі мейрамымызды бастайық. Уәзірлер, сендерге осы мерекені ұйымдастыруды тапсырамын.

Асхат уәзір: Патшалығымыздың түкпір-түкпірінен әр түрлі ауылдардың өкілдері жиналып отыр. Олай болса, қай ауыл тұрғындары ең тапқыр, ең белсенді, ең көңілді және ең күшті екенін сайыстар арқылы көрейік. Дайынсыңдар ма? Ендеше сайысымызды бастайымыз!

Уәзір М: Бірінші сайысымыз – «Таныстыру». Осы сайыста әр ауыл өзін таныстырады. Барлық тұрғындар қатысады.

Уәзір Е:Екінші сайысымыз – «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Бұл сайыста мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылады.

Ең алдымен мақал-мәтелдердің жалғасын табу қажет. Бұған әр ауылдан үш адамнан қатысады.



Мақал-мәтелдер

1.Ексең егін, ............

(ішерсің тегін)

2.Еңбек түбі – береке, .......

(Көптің түбі – мереке)
3.Арпа, бидай, ас екен, ........

(Алтын, күміс тас екен)

4.Жердің сәні – егін, .......

(Ердің сәні – білім)

5.Егіндікті күз суар, ...........

(Күз суарсаң, жүз суар)

6.Екі қошқардың басы ...........

(Бір қазанға сыймас)

7.Егіннің жайын еккен білер, .....

(Арбаның жайын жеккен білер)

8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме, ...........

(егін екпесең, жерге өкпелеме)

9.Қыс азығын .....

(жаз жина)


Жұмбақтардың шешуін табу үшін әр ауылдан үш адам қатысады.
Жұмбақтар

1.Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын

Қыраттарға шөлдеген.

(бұлт)

2.Аспаннан домалап



Көп моншақ төгілді

Бусанып жон-алап

Терледі, керілді.

(жаңбыр)


3.Аспанда от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады.

(найзағай)

4.Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(егін)


5.Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс.

(жүгері)

6.Көктемде ақ гұлге оранады,

Күзде қолға доп боп оралады.

(алма)


7.Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі.

(жеміс)

8.Жасыл болып жыпырлап өнеді,



Сары болып үзіліп семеді.

(жапырақтар)

9.Ағаштарды шайқайды

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді

(жел)

10.Адамның сәні,



Онсыз жоқ мәні.

(киім)


11.Күндіз аяғымды қаптаймын,

Түнде босағаға тастаймын.

(аяқ киім)

12.Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды.

(жапырақ)

13.Білім менен тәлім

Парақты ашқанда,

Беттерінен мәлім.

(күнделік)

14.Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қолбасшысы.

(мұғалім)

15.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.

(қоңырау)

16.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(мектеп)

Уәзір М: Келесі сайысымыз «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық есептер сайысы. Әр ауылдан бес оқушыдан қатысады. Кезегімен бірінші оқушы барып, шарды жарып, соның ішіндегі тапсырманы орындайды. Шарды жарған үшін бір ұпай қоылады. Есепті дұрыс орындаған үшін бес ұпай қосылады.

Уәзір М: келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Әр ауылдардың тұрғындарын өз өнерлерін көрсетеді.

Уәзір Е: Келесі сайысымыз «Толағай» спорттық жарысы.

Бірінші «Әтештер» жарысы. Бір қыз, бір ұл қатысады

Екінші «Картоп ашу». Бір адам қатысады.

Үшінші «Суретшілер». Үш бала қатысады.

Уәзір М: келесі сайысымыз «Ас – адамның арқауы». Әр ауыл өз тағамдарын таныстырады.

Уәзір Е: келесі сайысымыз «Сән үлгісі». Әр ауыл сұлу жігіттері мен сұлу қызыдары өз сән үлгілерін көрсетеді.

Уәзір А: осымен сайыстармыз аяқталды. Марапаттау жүргізіледі.

Ханшайым: Тамсаңдым сендердің өнерлеріңе, көз қараса тоймайтындай сән үлгілеріңе, таң қалдым білімдеріңе және күш-біліктеріңе. Енді ешкім күз мезгілігін көңілді, шаттыққа толы жүрекпен қарсы алады деп ойлаймын. Ал енді барлық ауылдар ортақтасып, тойымызды жалғыстырайық.

Уәзір М: Қандай той бисіз, әнсіз болмақ. Ендеше бұлбұлдай дауыстарымен сұлу да сымбатты аруларымызды қол шапалақтай отырып қарсы алайық.

Уәзір Е: Ойларыңды мұң торласа, көңілдеріңді көтеріп, жүздеріңе күлкі сыйлайтын көңілді таптырларды қарсы алыңдар.

Уәзір А: Мың бұралып, би билейтін «Арман» бишілер тобын қарсы алыңдар.

Ханшайым: Ән де салдық, би биледік, көңілімізді көтердік. Осымен бүгінгі «Маужраған қоңыр күз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып қарағандарыңыз үшін рахмет. Енді барлықтарыңызды ақ дастарханымыздан дәм татуға шақырамыз.

«Қош, сүйікті әліппе!»

Мақсаты: оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру.

Ата –аналарға балаларының білім игергенін іс-жүзінде көрсету.

Көрнекілік: нақыл сөздер, Абай,Ыбырай суреттері,өлең жолдары,магнитті әріптер мен тақта,гүл,шарлар,әліппенің суреті.

Барысы:

«Атамекен» музыкасы.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар,құрметті 1 сынып оқушылары!

Бүгін егемендігіміз ескеріліп ,тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп,атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күн сіздер үшін той.

Кеше ғана мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бүлдіршіндер,бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып,саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман есен асып,есейіп отыр.Тойларыңыз тойға ұлассын.Шәкірттер ата ананың ұлы емес,халықтың ұлы болсын.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

1-ж

Шашу,шашу шашайық,



Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

(шашуды бір әже шашады)

2-ж


Уа халайық,халайық,

Мұнда назар салайық,

1 «а» сыныбында оқитын

оқушылырды қарсы алып,

Бәріміз қол соғайық!

Көңілді музыка

(Балалар 2-2 ден қол ұстасып келіп ,отырады)

(сахнада көңілсіз ,басқа балалардың ортасында мұңайып отырған бір бала.)

Мұғалім:


  • Дәулет,сен неге көңілсіз отырсың? Бір жерің ауырып қалды ма?

  • Жоқ апай, мен бір кітабымды жоғалтып отырмын.

5 сынып оқушысы кіріп келіп :

-Ой, мынау жер қандай тамаша! Сәлеметсіздер ме! Балалар бұл нешінші сынып?

- 1 сынып

-А,тапқан сияқтымын. Мен жаңа терезенің алдында 1 кітапты тауып алдым.Міне!

Дәулет: -Алақай ,алақай кітабым табылды!Рахмет!

Білесіздер ме ,бұл сиқырлы кітап.

Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпке.

Ойыншықпен қоштастым,

Әліппемен досмтастым.

А-дан бастап әріпті,

Теріп маған танытты.

Мұғалім: Иә балалар, қазақ алфавитінде әліппе таныстырған неше әріп бар?

2-оқ.


Үйретті бізді Әліппе

42 дербес әріпке.

Сөз,сөйлесем құрап әріптен,

Лайық болды дәріпке.


Келіңдер ,қонақ болыңдар.Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Өйткені, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппе»-мен қоштасқалы отырмыз.

Мұғалім:


Олай болса ,бәрімізге ең қымбат

әліппені шақырайық!

Әліппені қарсы алып

Тағы бір қол соғайық!

Оқушылар : Әліппе,әліппе!

Армысыңдар, аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Әліппе:


Армысыз ата-аналар,

Ұлағатты ұстаздар,

Өңкей білгіш балдырған,

Болашаққа жол бастар.

Менің атым -Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

3-оқ.

Бар кітапқа бас болған,



Әліппе –ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Хор: «Әліппе»



Мұғалім:

-ал,балалар,алғаш әліппені жазған кім екен?

4-оқ.


Жырын бастап жатамыз,

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз

ұстаздардың ұстазы!

5-оқ.

Ұран тастап көп елге



«Кел балалар оқылық!»

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»...

6-оқ.


Оқығаннан кезінде,

Озған алғаш сол екен,

Әліппенің өзінде

Алғаш жазған сол екен!



Мұғалім:Әліппе тағы кіммен таныстырды?

7-оқ.


Абай атамызбен.Ол қазақ халқының ұлы ақыны.Біз Абай атаның өленін үйрендік.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Мұғалім: Енді біз әріптер өміріне саяхат жасап қайтайық.

Көрініс: «Әріптер әлемінде»
Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар!

Мына жұмбақты шешіп көріңдерші!

42 жауынгер,

Санын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымы

Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар!

Көрініс:


Оқымақ боп әріптерді,

Ашып едім «Әліппені»

Бұл достарым қызық неткен,

Әріп біткен зытып кеткен.

Алматыға «А» кетіпті

«Ә» ні Әдлет әкетіпті

«Б »болашақтың қаласына,

Түнеп қапты,нанасың ба?

Гүлдермен «Г» танысты

Шарлап кетті «Ғ» ғарышты

Сарыарқаның даласында

«Д» тап болды борасынға.

Жамбылда жүр «Ж»жайраңдап

Зайсан барған «З» сайрандап.

«Т» ның өзі таңдап барған

Мекені екен Талдықорған.

«Л» әріпі де отырмапты

Лисаков оған ұнап қапты.

«Қайда?» -десең қалған әріп,

Олар да ауыл,аудан барып,

Еңбек етіп жатыр екен,

Әріп біткен батыр екен!

Оқушы:

Апай ,оқи білген қандай жақсы!



Мамама да жалынбаймын,

«Әжем оқып берер ме» деп

Әжеме де жағынбаймын!

«Тағы бір бет оқып бер»деп

Әпкеме де өтінбеймін!

Шақыру да керек емес,

Жалыну да керек емес,

Аламын да оқимын!

Мұғалім:

Оқушы:


Біліміміз сараптап,

Өнеріміз көрдіңіз.

Әліппені аяқтап ,

Хат таныдық енді біз.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе!

Ширап іспен сөзіміз,

Өсті осылай өріміз .

Әжемізге өзіміз

Ертегі оқып береміз.

Жазуды да жазамыз,

Суретті де саламыз.

Нұрға толған санамыз,

Біз өнерлі баламыз.



Әліппе : Рахмет, мені таза ұстадыңдар,

Ризамын, құрметті шәкірттер.

Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,

«Ана тілі» досым бар.

Сендерді жетелеп әкетер. Менің сендерге айтатын тілегім- жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер!

-Балалар ,мені оқып ,таныдыңдар.

Сендерді өзімнен кейін оқитын кітаптарың «Ана тілімен» таныстырғым келеді .

Ана тілі : «Есте сақта!»

-Ана тілі арың бұл ,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте .

Әліппе :

-Айналайын балғындар ,

Менен білім алдындар .

Әр сөзімді жаттаған ,

Достар үшін мақтанам .

Рахмет айтып шаттанам ,

Риза болып аттанам .

Алда ұзақ жасым бар ,

Оқумен өсіп толындар .

Аман – есен болындар!

Қош бол менің қасиетті

Әліппем ! (әліппе кетеді)

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім .

Бәрімізіді сүйіп өсірген

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!



  • (ана тілін ортаға алады)

  • Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол ,

Сауатты боп шықты міне балаңыз !

Құттықтау сөзі. (дир.,ата-ана ...)

Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:

1. «Мәңгілік мақтан,

Дауылпаз дастан – Қазақстан!»

2. «Жасай бер, жаса,

Тәуелсіз ел- Қазақстан!»

3. «Тәуелсіздікке 15 жыл!»

4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

Түрі: дөңгелек үстел

Барысы: 1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

2. «Тәуелсіздік шежіресі»

Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 15 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.



Каталог: uploads -> doc -> 08a4
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
08a4 -> Б. Тамабаев атындағы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет